Стр. 134 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

133
— Сенiң аузың батыл ғой‚ айта бересiң. Дегенмен... — Ережеп аз-кем мүдiрдi‚ — алды-артыңа
қарап сөйлегенiң дұрыс қой.
Мәниға үндеген жоқ.
Шәйден кейiн Ережеп Қалмырзаның астына ат мiнгiзiп‚ үстiне шапан жауып‚ он шақты тоқты
бердi. Сүйтiп қасына ерген қарашысын азбенен мәз етiп‚ арқа-жарқа қып тастады. Сосын өзi
демалатын ыңғай көрсетiп‚ аяғын көсiлдi. Қалмырза сыртқа шығып кеткiсiн барып‚ ол Нағимаға қарап:
— Төсек сал‚ — дедi.
Оның мұнысы жеңгелей алған әйелiне отауыңа бара бер дегенi едi. Соны түсiнген Мәниға орнынан
сайқылана тұрып:
— Құдай берер жағын байламаса‚ бәрiмiзге де жетер‚ — дедi де‚ аяғын баппен басып‚ сыртқа
шығып кеттi.
Суға түсiп алғасын‚ Ережеп төсекте жатып‚ бiрден ұйықтап кетем ғой деп едi‚ көпке дейiн көзi
бақырайып‚ кiрпiгi iлiнбей қойды. Басына сан-сапалақ ой түстi. Бiрде кешегi қырғыннан қалай аман-
есен қалғанына iштей таңғалды. Қаңғыған бiр оқ тисе‚ мерт болатынын бiлгенде бiр түрлi боп кеттi.
Сүйтiп жатып ол қалғып бара жатқанын байқамай да қалды.
Ертесiне Ережеп таң азаннан тұрып‚ Қалмырзаға бүгiн құда жолы жасап жiберетiнiн айтты.
Тездетiп тай сойдырып‚ жақын жердегi ауылдардың ақсақал-қарасақалдарын шақырып алды. Құда
жолының соңында өзi түрегеп тұрып‚ екi қолын жайып‚ үлкен бiр шалдан бәтия тiледi. Бетiн сипап
болғасын‚ қонақтарына қымыз берiп‚ бiразға дейiн еру әңгiмемен отырды. Олар тарағасын барып‚
Ережеп иығынан шекпенiн желбегей жамылып‚ күлiмсiреген қалпы Мәниғаның отауына кiре бердi...
23
Тиышбек қара шайға әбден қанып ап‚ борша-боршасы шыға терлеп‚ ешiп отыр:
— Ойбай‚ қатын‚ әр жағын сұрама. Мына орыстың зеңбiрiгi дегеннiң даусы әлемет екен. Гүрс ете
қалғанда‚ жер солқ ете түседi. Мен бiр Бедiр деген аузы арақтан кеппейтiн жирен сарымен тамыр боп
қалдым. Өзi пiл сияқты‚ дәу-дәу допты көтерiп әкеп‚ әлгiнiң шойын өңешiне тыға бередi. Мен де бiр
рет сол пәлесiн атып көрдiм!
— Қойшы‚ — дедi Ағрәш нанар-нанбасын бiлмей.
— Оның қоятын түгi де жоқ. Мынадай көсеу таяқтың басына жаман шүберек байлап ап‚ бықсытып
қояды. Соны апарып тигiзсең болды‚ зеңбiрiгiң күрк-күрк жөтелгендей зiрк ете қалады. Доп ысқырып
ұшқанда‚ құлағыңды жарады. Өздерi оған әбден үйренiп кеткен‚ — қыңқ демейдi. Арақ iшiп алып‚
соғыса беретiн ел екен.
— Онымен қалай сөйлестiң? Олардың тiлiн бiлмеушi едiң ғой?
— Әй‚ сен де бiр‚ — деп Тиышбек қатынына жекiрiп жiбердi. — Адам баласы тiлдескенше деген
емес пе? Тiлiн бiлмесем де‚ олардың ымын бiлiп алдым. Тыбайа‚ мая дегендерiн тез жаттап алдым.
Қалған жағы келмей жатса‚ құдай берген қол мен көз бар‚ сонымен ымдағанымда‚ алдыма бiр жан
түсе алмады. Тек мына.. Елмырза төре ит екен. Соғысқа барсаңдар‚ малға қарық боласыңдар деп едi.
Ақырында өзi марапатқа батты да‚ бiздi ұмыт қалдырды. Қан төгiп жүргенде белкөтерме болар
бiрдеме де алмадым. — Ол кенет тоқтай қалды. Көзiн сығырайтып‚ Ағрәшқа қарады. — Әлде мен
осы... соның малын айдап алсам ба екем‚ а? Ерегескiнде бар ғой‚ ол төренi солай қатыру керек.
— Қой‚ қайдағыны соқпа‚ — деп Ағрәш сол арада шап ете қалды. — Жұрттың малын айдап
алардай сен немене батыр ма едiң? Әлде ат белiнде жүрген азаматсың ба? Онан да қара басыңның
қамын ойламайсың ба?
Қашанда қатынын басына шығармайтын Тиышбек мына сөздi ести сап‚ бiрден ақиып шыға келдi:
— Әй‚ сiптiр‚ тиыш отыр! Саған қарап тұрған дүния жоқ! Сен немене менi көрiнгенге есесiн
жiберетiн бозым көрiп отсың ба? Ау‚ ау‚ менiң ағам атақты Тоқым тыққан Қыстаубай батыр емес пе?
Сол ағамдай болмасам да‚ бiр кiсiге жетер қауқарым бар. О несi-ай түге? — деп асығыс ас қайыра сап‚
сыртқа дедектеп шықты да арық атын әкелiп‚ үстiне ер салды. Сосын ат үстiне қоқырайып мiнiп: —
Қой‚ мына ауылдарды аралап қайтпасам‚ iшiм пысып‚ өлетiн болдым. Қатын-ау‚ бала-шағаға өзiң еге
бол‚ — дедi де‚ басы ауған жағына қарай сызып бердi.
Ауылдан ұзап шыққасын‚ Тиышбек қайда барсам екен деп тып-тықыр иегiн қолымен ұстап‚ сәл-
пәл iркiлiп қалды. Бiр рет Сағынайдың ауылына соққысы кеп ауаланса да‚ керiк шал менсiнбес деп‚
одан тез айныды. Одан да неде болса Әбдiраманды жағалайын деп‚ атының басын солай қарай бұрып
алды. Ол жаман атын тепеңдете отырып‚ түс ауа ауыл қарасы көрiндi-ау дегенде‚ өзiне бiр бүйiрлеп
келе жатқан Ниязды көрдi. Нияз кәзiр шын жырау атанып‚ үлкен қиссаларды бiр түнге жырлайтын
майталман болып та алған едi. Және де осы өнерiн кәсiп қып‚ жер аяғы қарайғасын‚ қарақалпақ пен
түрiкмен арасын аралап кетедi. Бүгiн де ол қарақалпақ жағында болған бiр үлкен тойдан келе жатыр
екен. Тиышбек оны көре сап‚ бiрден шаужайына жармаса кеттi:
— Айналайын‚ Ниязжан‚ сен дегенде менiң шығарға жанымның жоқ екенiн бiлесiң. Сенi мен
баяғыда-ақ әйдiк жырау болады дегем. Сүйткен жаман ағаңды көзiңе iлмей‚ бұ не қылғаның?
Сәнденiп киiнген Нияз қабағын кере күлдi:
— О қашан?
— Қашан-машанын сұрама. Осы ғой, сен қарақалпақ пен түрiкмендердiң бақшыларының аузын
ашырмайсың. Солардың бар байлығын сықап жатырсың. Ойбай-ау‚ сонда мына жаман ағаңа берген
бiр сарқытың жоқ. Осы да дұрыс па?
— Ә‚ солай де. — Нияз жарыла күлдi. — Ол деген қиын емес қой. Тек жырлар кезде бiрге жүрсеңiз
болды.