Стр. 137 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

136
алғаны алған. Сол себептi әзiрден-ақ олардың кеуiлiн тауып‚ абызына кiрiп‚ қызметiн шеге
бастағаннан дұрысы жоқ.
Сол арада бiр қара кiсi басын көтерiп:
— Оныңды мақұл делiк. Бiрақ ертең орнығып алғасын‚ ақ патша бiзге өзiнiң жөн-жобасын зорлап
жүргiзбес пе екен? — деп қауiп айтқан болды.
— Үйте қоймас.
— Жарайды‚ оған да сенелiк. — Шал ендi басын көтерiп алды. — Мына арқадағы Қайып хан
әуелiнде сол ақ патшаңмен дос болған жоқ па? Кейiннан ол ақ патшаның зорлығына көнбейiм деп‚
қарсы соғыс ашты. Сонда бұ не?
Елмырза бетiне лып етiп шыға келген ыстық қанның табын сездi. Қапелiмде жауап таба алмасын
бiлдi де‚ лекiтiп күлiп:
— Ақсақал‚ жанды жерге найзаңызды қадап отырсыз‚ — дедi. — Бұл арада кiнә бiр ғана ақ
патшада болмас. Қайыптың Сырға кеп не iстегенiн өздерiңiз бiлмейсiздер ме? — дедi. Ол Нақыптың
баяғыда Жаппас ауылын талап‚ қыздарын зорлағанын тұспалдап айтқан едi.
— Е‚ олар Арқада да момын елге тiзе батырған болды ғой.
— Сосын халық оны қолдасын ба?
— Ауып жүргенi де сондықтан шығар‚ — десiп‚ жұрт бiразға дейiн дуылдасып басылмады.
Елмырза жұрт тиыштала бергенде‚ сөзiн әрi қарай жалғастырып кеттi:
— Кешелерi күбiрнәтiрмен сөйлескенiмде‚ оның осы уәләйатты сұрайтынын белгiлi болып қалды.
Кәзiр ақ патша әскерлерiн мына Райым мен Қазалыға төгiп жатыр. Бұ деген түпкiлiктi орналасам деген
адамның iсi. Сондықтан да сiздердiң не осы бастан жаңа тәртiпке ыңғайлана бергендерiңiз мақұл.
— Ондай болып жатса‚ не амал бар?
— Басқа түссе‚ баспақшыл деген.
— Ой‚ оны... Кезiнде көремiз де.
Түстен кейiн қонақтардың алды ауылдарына қайтпақшы болды. Елмырза оларға рахметiн
жаудырып‚ қолдас қылтасын‚ желiге дейiн шығарып салды. Аздан соң ет пен қымызға тойған кеуiлдi
топ бөлiнiп‚ әр жаққа қарай бытырап тарап бара жатты. Олардың соңынан көз салып тұрған Елмырза
ақырын ғана мырс еттi. Ол қазақтың мiнезiн жақсы бiлетiн. Бәрi де осындай бәтуалы сөз үстiнде ұйып
отырып‚ сыртқа шыға бере жаңағы келiскенiнен безiп шыға келедi. Сосын шiл боғындай бытырап‚
осылайша сайын даланың әр жақпылын бетке алып‚ тарап бара жатқаны. Сонда олар жықпыл-
жықпылда жасырынып отырып‚ бүткiл дүнияның бiраз жерiн құшағына орап отырған ақ патшаның
көзiнен таса қалам деп ойлай ма екен? Ау‚ кеше өзiң де сүйткен жоқсың ба? Хиуаны сағалағанда‚
бұрынғы ата жолына бас ұрып‚ арғы бабасы Шыңғыстан тараған төрелердiң әулетi билiктен
айрылмаса екен деген едiң ғой. Ақыры сол туыстарың өзiңдi зынданға салып‚ бүргеге талатты. Сен
соған өкпелеп‚ ажал аузынан әрең дегенде аман қап‚ мына жаққа жалт бердiң. Ендi сенiң ол жаққа
қайтып баруың еш мүмкiн емес. Ендi неде болса тәуекел деп‚ ақ патшаның қызметiн қыл да жүре бер.
Қалғанын кезiнде көре жатасың. Ол өзiне-өзi дем бергендей боп‚ iшке кiрдi. Соңынан Шатай да кiрдi.
Елмырза бәйбiшесiне қарап:
— Шәй әкелiңдер. Шөлдеп кеттiк‚ — деп‚ оң жаққа барып отырды да‚ бауырына екi құс көпшiктi
басты.
Шатай жерге отырып жатып:
— Елеке‚ мен ауыл жаққа барып қайтсам ба деп ем‚ — дедi.
Елмырза қасына ерген қарашыларын өз ауылына қоспай‚ көбiне‚ қатар қондырып‚ қатар көшiрiп
жүретiн. Қаншама жыл өзiне адал қызмет етсе де‚ мына отырған Шатайды да маңына көп жуыта
қоймаған. Кiм бiледi‚ адам аласы iшiнде деген. Ертең алмағайып заман туа қалса‚ мынаның көз
алдында жалт бермесiн кiм кепiл? Сонда мұның барлық сыры жұртқа аян болмай ма? Одан да мұның
өлгенi жақсы емес пе? Соны ойлап‚ бұл кейде бiрге туған бауырларына да сенбей қарап қоятын.
Елмырза ұзақ ойдан арылып‚ басын көтерiп алды:
— Е‚ барсаң‚ барып кел. Ана келген малдың iшiнен бiреуiн таңда да‚ ала кет.
— Алдыраз болсын‚ Елеке.
Шәйден кейiн Шатай ауылына кеттi. Елмырза ендi дұрыстап демалам ғой деп отырғанында‚ қас
қарая ауылдың барлық итiн абалатып‚ он шақты атты казак келдi. Орталарында Ахияр бар. Бұрын-
соңды ат үстiнiң жүрiсiне үйренбеген ол талтаяқтап қалыпты.
Елмырза атты казактар мен Ахиярды меймандарға деп арнайы тiгiлген алты қанат үйiне түсiрдi.
Қайтадан мал сойып‚ қазан көтерттi. Шәй үстiнде Ахияр келген мәнiсiн айтты. Ақ патша тұратын
алыстағы шәһарға Ақмешiттiң қирағаны туралы хабар жеткен көрiнедi. Сосын ақ патша осы Ақмешiттi
Перовск деп өзгертiп‚ өзiнше уәләйат құрмаққа бекiнген көрiнедi. Мұның айтуына қарағанда‚
кешелерi Орынбордан үш мыңнан астам Оралдың атты казактары көшiп шығыпты. Олар Райым‚
Қазалы‚ Қармақшы‚ Аламесекке кеп орналаспақшы екен. Сосын ол бұл күтпеген бiр жаңалықтың
басын қозғады. Жақында Ақмешiттегi Перонскийден Захваткинге арнаулы хат келiптi. Онда күбiрнәтiр
осы төңiректi жайлайтын қазақтардың игi жақсыларынан депутатция құрып‚ тездетiп Петерборға
жiбермекшi болыпты. Захваткин барлығы ақылдасып‚ сол баратын топқа Елмырзаны басшы
сайлағанды қолай көрiптi. Мұның келгендегi мақсаты — соны айту екен.
Елмырза табан астында не дерiн бiлмей:
— Сонда... менен басқа тағы кiмдер барады? — дедi.
— Ояғын ұлық Ережепке тапсырды. Ол осы төңiректегi бай‚ би‚ батырлардың тiзiмiн жасайды.
Соны ақылдаса отырып келiсемiз‚ — дедi Ахияр екi бетi май шам жарығында қып-қызыл боп.
Елмырза өткенде полковник атағын алғанда Ережептiң өзiн қатты қызғанып қалғанын аңлаған-ды.
Соны сыртына шығармай‚ бұл iштей жиырылып: