Стр. 14 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

13
кеткесiн‚ жатқысы келген ыңғай көрсеттi. Бәрiн қас пен қабақтан аңлайтын қыз-метшiлерi тездетiп
төсек салды да‚ сырттағы қарауылды тексерiп шығып‚ бағанағы қызды сүйрелеп iшке алып кiрдi.
Мұндай iске кәнiгi қатындар оны жуындырып‚ етiн әтiрмен сылап‚ зәйтүн майын жағып‚ үстi-басын
алақандарымен шапаттап ұрып‚ әбден баптаған екен. Әлi етегiн жел түрмеген балаң қыздың көзi
алақандай боп кеткен. Қатындар оны әй-шәйға қаратпай‚ тыр жалаңаш шешiндiрiп‚ ханның төсегiне
зорлағандай ғып жатқызды да‚ бәрi жанып тұрған шырақты алып‚ тiркестiрiле тiгiлген орданың
ауызғы жағына шығып кеттi. Қайып хан ендi шыдамады. Ақ ылақты көрген арланша бас салды.
Қыздың ышқынып барып бiр рет қатты шыңғырып жiбергенiн елеген де жоқ...
Түс бола бере ұйқысынан оянған ханға Нақып келдi. Жүзi әлем-тапырақ. Қайып оған шошына
қарады:
— Не боп қалды?
— Аға‚ ана... — Оның иегi дiр-дiр етедi.
— Не‚ ана?
— Ана Жәмилә жеңiшем... бiздi басынып...
* * *
Уақиға былай болған едi. Жас босанып отырған Жәмиләның қалжа жеп‚ әл жия бастағанына онша
көп бола қоймаған-ды. Соған қарамастан, кешелерi Созақты қоршағаннан кейiн шайқастың бет алысы
қалай болады деп қауiп илеген хан мұның ауылын басқа жерге аударып қондырған едi. Және де сақтық
ойлап бiраз қолды осы арада қалдырған. Сүйтiп бұлар шайқастың соңы немен бiтер деп құлақтарын
желге түрiп елеңдесiп отырғанда‚ хан ордасына Түркiстан жақтан Тамалардың бiр палуаны келдi.
Сырт тұлғасына қарап өзiн палуан деуге болмайды. Денесi‚ қораш‚ бiрақ тәсiлқой! Ұрыстың басталып
кеткенiн естiп‚ ол хан ордасында аял қылды. Сол арада ұрынарға қара таппай жүрген төре жiгiттерi
оны мазақ қып‚ күреселiк деп қоймайды. Әлгi жiгiт: “Қойыңдар”‚ — деп ыңғай бермейдi. Болмағасын,
ордада бұзақылығымен аты шыққан Қайыптың немере ағасының бiр ожар бозбаласын алып келедi. Ол
келе әлгi палуанды мазақтап‚ күреселiк деп iзiнен қалмайды. Ақыры азарға шыдамаған палуан онымен
белдесе кетедi. Әлгi қораш жiгiтiң төре бозбаласын шақ келтiрмей‚ әп-сәтте тәсiл жасап‚ жерге алып
ұрады. Ызаланған бозбала қапым бар деп‚ қайта күреседi. Палуан оны тағы да жерге алып ұрады.
Үшiншi рет күрескенде де оны жерге лақтырып ұрады. Соны көрген хан ордасының сен тұр мен
атайын деген бiр жiгiтi кеп‚ әлгi палуанмен күреседi. Тәсiлқой жiгiт оны да жығады. Бұған өлердей боп
қорланған ожар жiгiттер ендi не iстерiн бiлмейдi. Соны көрiп тұрған Жәмилә намысқа шыдамай‚ белiн
түрме белбеумен екi қабат етiп орап ап‚ күресуге шығады. Тама жiгiт алғашқыда қатынмен
күреспеймiн деп қашқақтайды. Ақыры Жәмилә күреселiк деп болмағасын‚ ол лажсыз келiседi. Сол
арада ортаға шыққан екеуi шаппа-шап ұстаса кетедi. Екеуi де көпке дейiн бiр-бiрiне белдерiн бермей
қояды. Тәсiлқой жiгiт қаншама айла-шарғы жасап бақса да‚ қайратты әйел оның ыңғайына көне
қоймайды. Жәмилә оны зор қуатпен көтерiп ап‚ астына бүктей салайын десе‚ тәсiлқой жiгiт бұлт етiп
шығып кете бередi. Сүйтiп екеуi түске дейiн күреседi. Бiр-бiрiн ала алмай‚ екеуiнiң әбден қан сорпасы
шығады. Ақыры бiр рет Жәмилә қапысын тауып‚ әлгi арық жiгiттi белiнен қатты қыса құшақтай ұстап‚
жерден тiк көтерiп алады. Бiр пәленi сезген жiгiт екi аяғын тырбаңдатып‚ шалдыруға келтiрмей‚ мұны
бiраз әуре қылады. Бiрақ қуатты құшақтан босанып та кете алмайды. Сүйтiп ол екi аяғын тырбаңдатып
тұрғанда‚ Жәмилә бiр қапысын тауып‚ кенет оның аяғының сыртынан қырқа шалып‚ етпеттей
жығылады. Қуатты құшақтан босана алмай қалған Тама жiгiт қатынның астына түсiп‚ жерге дүрс ете
қалады. Соны көрген жiгiттер шу ете түседi. Жiгiттiң бiр парасы: “Қатыннан кем болдық-ау! Бұ
масқараны естiген жұрт ертең абыройымызды айрандай төгедi ғой”‚ — деп азарланады. Сол арада
iшiндегi жымысқы бiреуi: “Жеңгең бiздi басынды”‚ — деп‚ әңгiменi өсiртiп‚ Нақыпқа хабар бер деп‚
бiр төлеңгiттi шаптырады. Нақып сол түнi болған жайды өз құлағымен естидi. Сосын оның шыдамай
Қайыпқа бiрден келген бетi осы едi. Болған жайды айтып боп:
— Бұ не деген масқара! Үйтiп ұрғашы басымен кiмдi басынғаны‚ а? Ағам ұстаған белiн құлағы
кесiк құлға ұстатып! — деп Нақып дiр-дiр еттi.
Қайып хан қап-қара боп‚ кекештене сөйлеп:
— Ол... әлгi палуаның қайда? — дедi.
— Тұтқындап отырмыз.
— Тездеп дарға асыңдар! — Қайып ақырып жiбердi. — Ал ана... қаншықты тұлдаңдар!
4
Тәшкен қолы талқандалғасын‚ араға екi күн сап‚ асықпай керi қайтқан Тоғанақ мына хабарды
естiп‚ самсоз болды. Бiр жағынан өз ниетi жайында ханға хабар бермегенiне өкiндi. Ендi, мiне,
қарындасының масқара болған жайын бiлiп‚ қап-қара боп долданып‚ қанасына сыймады. Қашанғы
ақкөз ерлiгiне басып‚ пайғамбар жасынан асып кеткенiне қарамастан‚ қолын қылышының балдағынан
алмастан хан ордасына тепсiне кiрдi. Қасына Елдес пен бiрнеше сарбазы бар. Өз кәтелiгiн жаңа
сезгендей, Қайып хан тақ үстiнде ыңғайсызданып отыр екен. Ол бұған туралап қарай алмады. Тоғанақ
оған сәлем берген де жоқ. Өзiнiң алдынан шығып‚ кес-кестей берген қара құлды қолымен итерiп
жiберiп‚ жерге жалп еткiздi. Ол тұра берем дегенде еңгезердей Елдес қанжарын суырып ап‚ оның
өндiршегiне тақап тұрып:
—Тырп етпе! Қозғалсаң‚ орып жiберем! —дедi қаһарланып.