Стр. 15 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

14
Қара құлдың көзi атыздай болды. Екiншi құл сыртқа жылысып шыға бермекшi боп едi‚ оны басқа
бiр сарбаз жiбермедi. Хан ендi қапылыста қалғанын бiлiп‚ қап-қара боп кеттi. Сол арада Тоғанақ iлгерi
қарай бiр аттап:
— Сенiң бүйтiп кiмдi басынғаның‚ а? — дедi қаттырақ сөйлеп. — Қарындасымның не жазығы бар
едi? Оның бар айыбы абырайыңды сақтағаны ма?
Хан қап-қара боп үндемедi.
Тоғанақ қайта сөйледi:
— Сен Абылайдың көрген түсiн ұмытпап па едiң? Өз ұрпағының құрт-құмырсқа‚ бақа-шаян боп
кететiнiн ол кезiнде айтпап па едi? Мынау соның бiр нышаны шығар. Ақыры қайыр болса жарар едi.
Ел-жұртына сыймаған ханда не қауқар бар? Бұрынғылар ханның бағы таярда‚ дұшпаны сыртынан
сығалап‚ жанында жанашыр досы аз қалады деушi едi. Сен де, мiне, соның кебiн киiп отсың. Бұл
дегдар тұқымының азғаны да! — дедi де‚ ол аз тоқтады. Еңгезердей батырдың даусы күңгiрлеп
шығады. Ала көлеңкеде ақсұр жүзi бiр түрлi бозғылттанып‚ от шашқан жанары қорқынышты боп
көрiнедi. — Сөз қысқа! Қарындасымды елге алып қайтам! Ендi бiтiм болмайды! Кәзiр ана
қарашыларыңа бұйрық ет, қарындасымды атқа мiнгiзсiн. Айтпады деме‚ құдай-әруақ әлi сенi атады!
Қайып не iстерiн бiлмедi. Мына батырдың айтқанына көнбесе‚ осы кәзiр жазым боларын анық
сездi. Сол жайын тез-тез ойлап ол:
— Болсын! — дедi. Басқа ештеңе демей‚ қап-қара боп отыра бердi.
* * *
Жәмиләны төлеңгiттер жылжыған жорғаға мiнгiзiп‚ үш түйеге жүгiн артып‚ ауыл сыртына шығара
бердi. Осы кезде өз қолымен Тоғанақ те аттанып кетуге дайын тұрған болатын. Сол арада Елдес оның
жанына кеп:
— Төке‚ мен мына ханыңа сенбей тұрмын‚ — дедi. Осы хан... бiздi жорта кiдiртiп тұрған жоқ па?
— О да мүмкiн.
— Мен жаңа бiр-екi жiгiттi сырт жақты шолып қайт деп жiбердiм. Кiм бiледi‚ жау жоқ деме жар
астында деген.
— Оның дұрыс болған екен. Ендi... неде болса тәуекел. — Өзектi жанға бiр өлiм ғой. Тек...
жастығымызды алмай‚ қапыда кетпейiк дегенiм де.
Тоғанақ батыр үндемедi. Оның жанында тұрған Елдес екi бетi быдым-быдым боп‚ лайланып
қарауыта шапыраштанып кеткен екi көзiн алға қарай қадады. Осы кезде үш түйелi шолақ көш берi
қарай шыға берген едi. Төлеңгiттер Жәмиләның жорғасын шылбырынан жетектеп әкелдi де‚ Тоғанақ
батырдың қасында тұрған Елдеске ұсынды. Елдес шылбырды ала сап‚ атының басын тез бұрып ап‚
тебiнiп қалды. Шолақ көштi бес жүз қолдың арасына сiңiрiп жiбергесiн‚ шылбырды басқа сарбазға
ұстата сап‚ өзi Тоғанақтың жанына қайтып келдi. Тоғанақ батыр бiрдеңе деген төлеңгiттердiң сөзiн
тыңдап тұр екен. Өзi көзiн сығырайта қысып апты. Елдес бiрден-ақ жортақтай жөнелген төлеңгiттiң
бұларды айналдыра түскiсi келген ниетiн бiлдi де‚ келе әй-шәйға қарамай‚ атымен екi араға кимелей
кiрiп:
— Кеттiк! — дедi. Сосын төлеңгiтке бұрылып: — Ана ханыңа сәлем айт‚ оны әруақ әлi атады. Ал‚
тарттық! — деп‚ атының басын бұра бердi.
Тоғанақ ештеңе деген жоқ. Елдестiң түрiнен шошып кеткен төлеңгiт керi шегiндi. Бұлар қозы көш
жерге дейiн аттарын шоқырақтатты да отырды. Хан ордасына бiраз ұзап шыққаннан кейiн барып‚ олар
ауанымен жүрiп отырды. Осы кезде бұлардың арт жағынан шауып келе жатқан үш-төрт атты кiсi
көрiндi. Соларды көрген сарбаздар әлден-ақ сабырсызданып:
— Қуғыншы!
— Жау кеп қалды!
— Иә‚ әруақ! — деп шу ете түстi.
Тоғанақ пен Елдес керi бұрылып‚ қуғыншыларды тосып алды. Жостырта шауып келе жатқандар
хан кiсiлерiне ұқсамайды. Қолдарына ұстаған найзалары жоқ. Алыстан-ақ түр-түсiне қарап‚ Тоғанақ
бұлардың бөтен адамдар екенiн байқады. Сол арада олар да дүсiрлете жақындап қалды.
— Төке! Төке! — деп келе жатқанына қарап‚ олардың таныс кiсi екендерi белгiлi болды.
Бұл келген Табын Бұхарбай мен Байқадам екен. Екеуi де келе аттарынан түсе-түсе қап‚ Тоғанақ
мiнген аттың шылбырынан ұстап:
— Төке‚ бiр ашуыңды бер! — деп дабырлай сөйледi. — Ханға жаңа бiз де айттық. Оныкi
кешiрiлмес кәте болды!
Тоғанақ үндеген жоқ. Сол арада Елдес тұрып:
— Соны неге кеше айтпадыңдар! — деп қалды.
Бұхарбай бұған жалт қарады. Кеспелтек денелi‚ қасы сәл-пәл қалыңдау келген‚ құбаша кiсi екен.
Ол нұрлы қой көзi жылтырап тұрып:
— Оның дұрыс‚ — дедi. — Бiз оны бiлмей қалдық.
— Сонда... қалай?
— Оның iж қалайы жоқ. Хан Созақты қамарда бiздi Түркiстан жағына тастап кеткен. Сол жақтағы
елден сарбаз жиып‚ бiздiң келе жатқан бетiмiз осы. Төкеңнiң келген хабарын да жаңа естiдiк.
Тоғанақ сонда барып түсiн жылытқандай болды. Үндемей тұрған Байқадамға қарап:
— Ендi болар iс болып қалды‚ — дедi. — Қайта шапқан жау жаман деген.
Бойы сәл сұңғақтау‚ жағы қушиған‚ бiрақ мойыны жұп-жуан Байқадам үндеген жоқ. Сонысына
қарап Елдес оны iш пыстаны iшiндегi бiреу-ау деп ойлады. Оған қарағанда Бұхарбай ағеден сықылды.
Ол тағы да дәудiрлеп:
— Төке‚ әруақты ердiң дөйi едiңiз. Бұ қалай болды өзi? — дедi жан-жағына жалтақтай қарап.