Стр. 16 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

15
— Оның iж қалайы жоқ.
Тоғанақ ендi олардан жөн сұрауға кiрiстi. Қайып Сыр бойынан ауғанда жолшыбай Табын елiне
соғып‚ мына екi батырды өзiмен бiрге ерте кетiптi. Содан берi олар талай қырғында Қайыппен тақым
түйiстiре соғысып жүрген көрiнедi. Ханның сойылсоғарлары болып алған олардың мына жүрiстерiне
қарағанда, әлi де елдерiне қайтатындай ойы жоқ сықылды.
— Сонда... ханның соңынан салпақтап ере бермексiңдер ме? — дедi Тоғанақ оларға бiр түрлi боп
мысқылдай қарап тұрып.
— Ендi кәйтемiз? — Бұхарбай одан артық ештеңе дей қоймады.
Сол арада бағанадан берi жақ ашпай тұрған Байқадам дұңк етiп:
— Қайып кешегi Абылайдан қалған көз емес пе едi. Соның шашпауын көтерсек‚ оның несi айып?
— дедi. Оның даусы жарықшақтанып шығады екен.
— Е‚ онда беттерiңнен жарылқасын. Ендi сендер бiздi бөгемеңдер! Жол ұзақ дегендей. Ал‚ қайыр
хош! Алла әр кезде аман-есен көрiсуге жазсын! — деп ендi Тоғанақ жүретiн ыңғай бiлдiрдi.
Бұхарбай мен Байқадам бұлармен қош айтысып‚ хан ордасына қарай кеттi.
* * *
Бұ кезде оңтүстiктiң күнi зеңгiрге таласа-тармаса шығып барып‚ сол тұста сәл тоқтап аял қылмай‚
бататын тұсына асыққандай еңкейе бастаған едi. Оның қызуы әлi де күштi. Қыркүйек айы болса да‚
мына жақта жаз нышаны кете қоймаған. Топ-топ түскен тұяқтардан бұрқырай ұшқан шаң түтiнше
шұбатылып‚ аз-кем тұрады да‚ iзiнше ауаға жәйiмен жайыла бастайды. Әр жерден шырылдап
бозторғайлар ұшады. Дала кеуiлсiз. Тоғанақ еңсесi түсiп‚ өзiмен-өзi боп‚ ат үстiнде үнсiз келедi.
Қасындағы Елдеспен тiлдескен жоқ. Оның кеуiл-күйiн байқаған Елдес те артық тiс жармады. Мұның
аңғаруынша‚ ханға көмек берiп‚ ел арасында абырой аламыз деп шығып‚ мынадай масқара халге
душар болғаны батырдың жанына қатты бататын сықылды. Ал тұлданған Жәмилә басына қара
жамылып‚ еш кiсiмен сөйлеспей‚ бұлардан бөлек келедi. Жасында ер кiсiше еркiн өскен оның ханға
Әлiмдердiң зорлап қосқандай болған жайын Елдес бiлетiн. Ендi соның соңы мынадай болды.
Қарындасының өзiне өкпесi қара қазандай екенiн батыр да сезетiн шығар. Оның үстiне, қашан да
қараға тұқым берiп көрмеген төре жұрты Жәмиләның бауыр етi — бесiктегi нәрестесiн шырқыратып
алып қалды. Ожар‚ малай қатындар баласын емiзiп отырған Жәмиләны адам құрлым көрмей‚ әй-шайға
қарамай‚ бесiкке жармақан-ды. Ызадан жарыла жаздап отырған Жәмилә орнынан атып түрегеп‚ екi
малай қатынды шаштарынан ұстап‚ итермелеп‚ ордадан сыртқа қарай шығарып жiбердi. Екi қатын
табалдырыққа сүрiнiп‚ етпеттерiнен құлады. Сол арада у-шуды естiген‚ қасында бiр-екi жiгiтi бар
қолында екi жүздi қанжар ұстаған Нақып iшке асыға кiрiп келдi. Түрi кiсi өлтiрердей. Ол келе
найсаптана‚ тiсiн ақсита ыржалаңдап тұрып:
— Әй‚ сайқал! — дедi.
— Мен сайқал боп ағаңның көзiне шөп салған жоқпын! — дедi Жәмилә долданып.
— Е‚ әңгiменiң көкесi сенде екен ғой! — дедi ол тағы да жағын қисаңдатып. Мына қалпы аңын
көрген қасқырдан аумай кеттi.
Жәмилә одан қорыққан жоқ. Қайта екi көзi шапыраштанып тұрып:
— Сендер де жiгiтпiн деп жүрсiңдер‚ ә?! Ауылдарыңа келген бiр палуанға әлдерiң келмей жатып...
— дедi. Сосын Нақыпқа жеркене көз тастады.— Сендер де халық басқарам дейсiңдер!
— Өшiр үнiңдi!
— Жап аузыңды! — деп Нақыптың қасындағы екi жiгiт қосарлана арс-арс ете қалды.
— Бас кеспек болса да‚ тiл кеспек жоқ! — Жәмилә оларға ызалана қарады. — Ойларыңды бiлдiм.
Аналық парызымды кештiм‚ мiне‚ — деп ол тез бiр тiзерлей отыра қап‚ омырауын ашып жiберiп‚ өзiне
екi көзi жылтырап қарап жатқан нәрестеге қарай емшегiн сауа бастады. Тырсиып тұрған емшектен
сыздықтаған сүт нәрестенiң бетiне‚ аузына барып тидi. Сәби сүт исiн сезiп‚ ернiмен қаймалап‚ мұрнын
тыржитты. Сол екен Жәмилә босап сала бердi. Көзi жасқа толып‚ Нақыпқа қарап: — Әй‚ сен азамат
емес пе едiң? Мынау тiрi жетiм болады ғой? Осы бiр бершiмектi маған қисаңдаршы! Соны ана ағаңа
барып айтсайшы! — дедi.
— Жоқ‚ болмайды! Саған бала ма? Кәне шық! — дедi Нақып аларып.
Жәмилә артық жалынған жоқ. Қашаннан берi тас бауыр тұқымның ертең-ақ мына нәрестенi
мауыздай салатынын iштей сездi. Ол баласына соңғы рет елжiрей көз тастап‚ босай берген бойын
зорлықпен тежеп‚ аяғын жәйымен басып‚ сыртқа шықты. Содан берi ол қасына келген ешкiммен
сөйлеспей‚ сазарып алған едi.
* * *
Қарындасының осы халiн бiлген Тоғанақ те үндеген жоқ. Сарбаздар да тiс жармады. Барлығының
да қабақтары түсiп кеткен.
Бiр шамаға келгенде Тоғанақ тұнжыраған қалпынан арылып‚ басын көтерiп ап‚ атының басын
тартты. Елдес оған таңырқай қарады. Көзiнде не болды деп сұраған ыңғайы анық көрiнiп тұр.
— Сәл тұра тұрайық. Құда баланың келетiн уағы да боп қалды! — дедi батыр
Сүйткенше болмады‚ арт жақтан құйғыта шауып келе жатқан жаңғыз қара көрiндi. Астындағы
атының шабысы тың. Үстiне киген сауыты мен басындағы дулығасы сонадайдан күн сәулесiне
шағылысып‚ жарқырай көрiнедi. Соны көрген Тоғанақ күрт серпiлiп‚ атын тебiнiп қап‚ iлгерi шыға
бердi. Қасына ерген Байбарақ пен Елдеске қал дегендей жалт қарады. Батыр iлгерi жүрiп‚ қайың сапты
найзасын алдына өңгерiп‚ майданға қарай шыға бердi. Келе жатқан Нақып екен. Елдес олардың тiлге