18
“Болды ғой‚ жетер!” — деп жалына айтқанын естiдi. Тиышбектiң назары төмендеп: “Қой‚ мына шалың
пәле екен. Оның қатынына көз салған мен де ауышпын! Ырза қыла алмай‚ тiрi машқара болады екем!”
— деп ойлап‚ әрi қарай аударылып жатты.
Тиышбек азанғы шай үстiнде екi бетi қызарып‚ албырай түскен жас тоқалға қулана қарап қойды.
Дүзбай былқ етер емес. Тиышбек ыржалақтап:
— Бiздiң Дүзекеңдердiң сүйегi нағыз сом полат қой! Асылдан ғой! — деп мақтап қойды. — Нағыз
алысқа шапса арымас буданның өзi ғой!
— Паһ‚ паһ! — дедi Дүзбай мұртынан күлiп.
— Имандай шыным осы! Сенiң жасыңда бiз деген... жер тiзерлеп отырып қалатын шығармыз. Қой
iшерiмiздi iштiк‚ жерiмiздi жедiк‚ ендi кетейiк! — деп‚ Тиышбек ас қайыра салып‚ сыртқа шықты.
Түнiмен шөп жеп‚ тыңайып қалған атына қоқилана мiндi. Сосын Қызыл қайдасың деп тартып бердi.
Дариядан өткесiн‚ қолы ашықтау‚ қонағасысы жақсы Елдестiң ауылына соға кетейiн деп бiр ойлады.
Сол арада Елдестiң Созақ жаққа кеткенi есiне түстi. Соған аздап ыңғайсызданып тұрды да‚ кенет бiр
iске бел боғандай: “Кетсе‚ кете берсiн. Ол әңгi... қазанын арқалап кетпеген шығар!” — деп‚ атының
басын сол ауылға қарай бұрып та алды.
Елдестiң үш қатыны үш отау боп отыратын едi. Бұл неде болса деп‚ кiшi қатынының отауына
барып түстi. Қызыл бет тоқалдың аяғы ауыр екенi бiлiнiп қалыпты. Анада Ережептiң ауылын
шапқанда ұрлап қашқан құлы Атаярдың қол-аяғы бос екенiн көрiп‚ iштей таңғалды. “Мұнысы несi?”
— деп отырғанында‚ Атаяр iшке үлкен сабаны көтерiп әкеп кiрдi. Жас тоқал сабаны пiсiп-пiсiп
жiберiп‚ бұған қымыз құйып бердi. Тиышбек сары‚ қою қымызды рахаттана iшiп отырып‚ қара үй
iшiндегi мосыда бүлкiлдеп пiсiп жатқан тоқтының жас етiнiң иiсiн сезiп‚ бiр көтерiлiп қойды. Бiр ретте
ол жас тоқалдың Атаярға бiр түрлi боп қарағанын аңдап қалды. Дереу иманы қара таяқтай болды:
“Мынау ит... жақын жерден жемiн тауып жүрмесе нағылды?” — деп ойлап‚ Атаярдың түрiне барлай
қарады. Құлдың көзi шоқ шаша жайнаңдап тұр. “Мынау ит... сүйтiп қатырып жүрген-ау”‚ — деп кесенi
тағы да жас тоқалға қарай ұсынды. Қызыл бет тоқал одан сайын қызара түсiп‚ кесеге қымыз құйды.
Өзiнiң отырып-тұрысы ауырлай бастапты. Кең көйлегiн iшiнiң шiрей теуiп тұрғаны сырт көзге анық
байқалады. Томашадай бойы бiр түрлi келте тартып сала бергендей екен.
Ет жеп болғасын‚ Тиышбек ауылына қайтпақ болды. Атына мiнейiн деп жатып‚ артына бұрылып
қарап едi‚ зәресi зәр түбiне кеттi. Қызыл бет тоқалға жуылған ыдыс-аяқты берiп жатып‚ Атаярдың
оның бiлегiнен ұстай алғанын байқап қалды. Атына мiнiп‚ ауылдан ұзап шыға бергесiн‚ Тиышбек жын
қаққандай даланы жаңғырықтыра күлдi:
— Ойбай‚ iшегiм! Мына құлағы кесiк шұнақ құл қатырып жүрген болды! Ойбай‚ не дейiн?!
7
Елдес жiгiттерi бет-бетiне тарағасын‚ жаңғыз өзi еш жерге айналмастан‚ Қызылдағы ауылына
қарай сылқытып тартты да отырды. Астындағы атының етi қызып‚ құлағының түбiнен қара тер
шыпшып шығып‚ аяғын тең тастап келедi. Жануардың кекiлiне‚ құлағының екi арасына қарап келе
жатып‚ бiр сәт Елдес Нияздың жайын ойлап кеттi. Кәзiр ұзақ қиссаларды бiр түнге жырлайтын ол
даусы орныққан, неше түрлi мақаммен айтатын төселген жырау боп алған.
Елдес жорыққа шығардың алдында қызыл бет тоқалының айы-күнi жақындап қалғанын сезген едi.
Ендi сол аман-есен босана қалса‚ ат шаптырып той жасап‚ Ниязды бiр жырлатсам деп ойлап қойды.
Сосын Нияздың әлi де ешкiмдi босағадан аттатпаған жағдайын еске алды. Әбдiраманның қызына жiп
тақса да‚ Нияз оны от басына түсiрген жоқ. Керiсiнше ол әлге дейiн ауыл-ауылды қуалап‚ қыз-
қырқынды аңдып‚ жастық желiгiнен басыла алмай жүр. Соны ұнатпайтынын Елдес бiр рет өзiне ашық
айтқан. Онысының келiссiз екенiн өзi де бiледi. “Ақыл айтып нем бар”‚ — деп артық-ауыс сөзден
баяғыда-ақ тиылған-ды. Соңғы кездерi iшiнен: “Бiр есеппен осы да дұрыс шығар”‚ — деп қояды. Онда
да онысын көбiне өз балалық шағына тiреп айтады. Қырсық қылғанда‚ бұл бала боп ойын қызығын да
көре алмады. Ақыл-есi кiрiп‚ оң-солын таныған кезде‚ қарақалпақтар мен қазақтардың дау-дамайы
тұсында көп малы Хиуа мен түрiкпендерге олжа болған Мамырай танабы тарылып‚ мұны шаруа
соңына салып қойды. Тумысынан қажырлы‚ батыл бұл әке сөзiн қайт етпей‚ қара жұмысты апырып-
жапырып iстедi. Ас талғамай‚ жылқышылармен бiрге жүрiп‚ қосын арасында жастық шағын өткердi.
Сүйтiп жүрiп‚ әлi өмiрдiң ащы-тұщысын татып үлгермеген бұл тiршiлiк қамы қажытқан кiсiлердiң
бойындағы ерсi мiнездерiн тез жұқтырды. Жаны дөрекi тартып‚ өмiрдiң бозбала бiле беруге тиiс емес
қолайсыз жағын ерте көрдi. Сақа жiгiттерге ерiп‚ олардың қыз оятқан сәттерiнiң куәсi болды.
Жаратылысынан қайратты Елдес көшi-қон кезiнде жылқыны серiктерiне тапсырып‚ көршi ауылдардың
қыз-келiншектерiн оятам деп‚ талай рет таяқ та жедi. Талай рет содыр жiгiттермен төбелестi. Осы жас
кезiнде көрген қиыншылығы‚ жеген таяғы адамдарға деген оның көңiлiн мүлдем қарайтып жiбердi. Ол
кiсiлердi әлдi мен әлсiзге бөледi. Қолында дәулетi бар кiсiлер мына тiршiлiкте ойына не келгенiн iстей
алады. Қанша қатын алам десе, өз еркi. Олар iшкенi жұмырына жұқ болмайтын әлсiздердi ашса‚
алқанында‚ жұмса‚ жұдырығында ұстайды. Оларға малын бақтырып‚ бар шаруасын iстетiп қойып‚
өздерi мына шолақ дүниенiң бар қызығын көрiп‚ бар ырысын шайқап-төгiп өтедi. Әр кезде олардың
айтқаны заң. Тiптен олар қисынға көнбес не бiр қиын дауыңның өзiн берiммен жығып алады. Кеуiлi
сүйсе‚ қос қабаттан қатын да алады. Оның бұл ойға ат басын тiрегенi қызық бiр жағдайға байланысты
едi. Бiр жылы қыс аса қатты болды. Батыстан соққан ақбасқын апта бойы көктен борап‚ жерден
суырды да тұрды. Сабалап соққан қиыршық қар бетiңе инедей қадалады. Өзбек жағына тұмсық тiрей
сұлайтын Қызыл iшiнде мұндай боранды бұрып-соңды ешкiм көрмеген. Сондай бiр қатты боран
кезiнде Елдестiң ит қырсықтығы ұстап‚ жылқы соңына жамағайын Табынбай мен Шабыланы жiберiп‚
өзi қоста қалып қойған-ды. Аздан соң боран күшейiп‚ төрт қанат қара үйдi жерден ұшырып әкетердей