Стр. 25 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

24
— Итiм бiлiп пе? — дедi Қалдыбай даусы қарлыға шығып.
— Анада... Қоқанда...
— Бәсе-ау‚ десеңшi. Осының жүрiсi сұйық сықылды. Жансыз болмасын.
— О да мүмкiн. — Жәнiбек көзiн сығырайта қарады. — Өзi... орыс әскерiнде емес пе едi? Сонда
мұнда нағып жүр? Елшiлiкке келсе‚ былай киiнiп...
— Шынында да...
Сол арада мұның қарап тұрғанын Тортайдың қасындағы бiр кiсiсi байқап қалды. Ол оны түртiп‚
арт жағына шықты да‚ әрi қарай жүрiп кеттi. Бұлар ере түсiп едi‚ қалың кiсiнiң арасынан шығам
дегенше олардан демде көз жазып қалды. Тортайлардың қайда кеткенi белгiсiз‚ жым-жылас. Сол арада
бiреу бұған қолын соза бердi. Қараса‚ Елмырза ауылының бiр жiгiтi екен. Әшейiнде басына кұндыз
бөркiн шекелете киiп‚ мұртын сұлулап тарап‚ қыз-қырқынды қуалап жүретiн оның қара қазаққа сәлем
бере қоюы қиын болатын. Ендi елпiлдеп‚ мұның iшi-бауырына кiрiп барады. “Неге”‚ – деп таңғалып
тұрып‚ Жәнiбек одан жөн сұрады. Әлгi жiгiт шолақ-шолақ тiл қатты.
— Сонда... Елекең қайда?
— Оны хан тұтқында ұстап отыр. Базарлап келiп едiк‚ аяғы осындай боп қалды.
Жәнiбек әлгi жiгiттiң өтiрiк айтып отырғанын сездi:
— Сонда о қай йерде?
— Бiлмейiм. Шамасы‚ зыңданда болар. Соны тауып алсақ па дейiм...
— Тапсаң не iстейсiң? — дедi Жәнiбек тiктелiп.
— Ендi былай... күзетшiсiне бiрдеңе берiп дегендей... Сiз сояғына жәрдем етсеңiзшi. Қолдан келiп
тұрғанда...
Жәнiбек ұсталғанын бiлдi. Қол ұшын бермесе‚ ертең мына қудың мұның абыройын ел арасында
айрандай төгiп‚ қара бет қып шығаруы оп-оңай. Ол лажсыздан‚ қынжылғанын сезiрмей:
— Сұрастырып көрейiн‚ — дедi.
Онымен кездесетiн жерiн белгiлестi де‚ Жәнiбек керуенсарайға келдi. Ертеңiне оны миршаб ерте
оятты. Сыртқа шығып қараса‚ жасауылдар құл мен тоқалды жасырынып жатқан жерiнен тауып‚ ұстап
алыпты. Түрi-түсi дәл келгесiн‚ қол-аяғына кiсен сап‚ бұған әкелiптi. Жәнiбек құл мен тоқалға адам
екен деп көз салмады. Ызалана ұмтылған Қалдыбайды бiр ақырып тыйып тастады. Миршабты оңаша
алып шығып‚ тайтұяқ күмiс пен бiр аттың пұлын санап бердi. Сосын кешегi төре жiгiттiң шаруасын
баспалап айтып шықты. Ол басын шайқап:
— Мынауыңыз қиын екен. Хан бiлсе‚ кәлләмды қағады ғой‚ — дедi.
— Ендi... былай‚ байқап көрiңiз. Ретi келмесе‚ өзiне ашық айтыңыз.
— Мақұл ендi... Сiз айтқасын.
Жәнiбек сол арада әлгi төре жiгiт пен екеуiн табыстырды да‚ жолға тез жиналды. Құл мен күңдi
базардан сатып әкелген екi ешекке жайдақ мiнгiздi. Жiгiттер қақпадан шығып жатқанда‚ бұл
Ядгарбекке кеп‚ алғысын айтып‚ сый-сыяпатын берiп‚ қимай қоштасты. Сосын осы кезде қамалдан
шығып‚ елге қарап тартып келе жатқан жiгiттерiн қуып жеттi. Қаһарланып алған Жәнiбек жол бойы
ешкiммен ашылып сөйлескен жоқ. Құлды жiгiттерiне сабатқан да жоқ. Араға бiр қонып‚ екiншi күнi
кеш әлетiнде баяғы Елдес өлген жерге жеттi. Сол арада Жәнiбек шыдамады. Атынан қарғып түсiп‚
құлды жағадан алып‚ қылғындыра отырып‚ ағасы өлген жерге атып ұрды. Сосын қынабынан
қылышын суырып ап‚ кiжiнiп‚ құлды төртпақтап шаба бердi‚ шаба бердi. Оның ойбайына‚
жалынғанына қараған жоқ. Қан шашырап‚ шекпенiнiң етегiн былғап тастағанын да аңдамады. Мұны
көрген қызылбет тоқал әлден-ақ ойбайлап‚ барқылдап жылай бастады. Өзi айы-күнi жетiп‚ тууға шақ
қалып отыр екен. Құлды қиқалап тастағасын барып‚ Жәнiбек ызадан көзi қарауытып кетiп‚ дым
көрмей‚ қатынды екi бұтының арасынан бiр тептi. Сосын үстiндегi көйлегiн дар-дар жыртты да‚ оны
жерге атып ұрып‚ шалқасынан жатқызды. Қатынның шыңғырғанына қарамай‚ жалаң қылышпен
қарнын тiлiп кеп жiбердi. Тоқал жаман дауыспен қатты ойбайлады. Жәнiбек жатырды тiлiп‚ iшiнен
тоғыз айлық нәрестенi суырып алды да‚ оның кiндiгiн кестi. Сосын оны бiр жiгiтке ұстата салды да:
— Ә‚ қаншық! — деп кiжiнiп‚ қылышымен қатынды да туралап шаба бердi‚ шаба бердi.
Сол арада Қалдыбай жетiп кеп:
— Жәке‚ Жәке‚ басыл! Мұның не? — деп қолынан ұстай алды.
Сонда ғана есi кiрген Жәнiбек көзi шапыраштана қарап:
— Ендi маған кәйт дейсiң? Iшiм өртенiп барады ғой‚ — дедi де‚ солқылдап жылап жiбердi...
Екi мүрденi сол араға көмдi де‚ жiгiттер қонбастан iлгерi қарай тарта бердi. Жәнiбектер төртiншi
күнi дегенде ауылдарына жеттi. Келсе‚ әйелi қыз тауыпты. Тоқалдың ұл баласын оның бауырына
салып тұрып‚ Жәнiбек:
— Бұ нәрестенi бiзге құдай бердi. Аты Құдайберген болсын‚ — дедi.
Сол күннен бастап Жәнiбек өзiнiң қатқыл тартқанын аңғарды. Ағасының жетiсi мен қырқын
бергеннен кейiн‚ өз ауылын қыстауына қарай жақындатып қондырды. Елдестiң ауылы сол арада
қалды. Жеңгелерiңе бас-көз бол деп Әлжанды сонда тастап кеттi. Өзi отауда оңаша жатып‚ ештеңеге
зауқы соқпай‚ құран оқудан бас алмады.
10
— Елеке‚ Елеке!
Бұ дүниядан күдер үзе бастаған Елмырза елең ете қалды. Бұл кезде түн ортасы болып қалған едi.
Ай сүттей жарық. Терең зынданның түбiнде жатқан бұған жоғарғы жақтан қараңдаған бiр-екi кiсiнiң
тұлғасы анық көрiндi. Сол арада арқан ұшы төмен қарай салбырап түсе бердi. Қуанып кеткен Елмырза