Стр. 37 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

36
Ол аздап күрсiндi. Жасы‚ мiне‚ отыздан да асып барады. Қырық деген шiркiннiң төбесi де қылт-
қылт етiп көрiнiп тұр. Оның әр жағын сұрама. Бұрынғының кiсiлерi елудi ер жасы дегенмен‚ баяғыша
қыз-келiншек көрiнсе‚ екситiн көз емес деп бекер айтпаған болар. Мал-дүние бiрде жетiп‚ бiрде
жетпей тыртысып жүргенде‚ мына жалғаннан өте шыққанын да байқамай қаласың. Мұның әкесi де
сүйттi. Ендi сол жазмыш мұның маңдайына да жазылып тұрса не қылмақ?
Шәкидiң шолақ көшi араға екi күн қонып‚ үшiншi күнi дегенде Сырға құлады. Онда да баяғы жатақ
Тұрғали ауылының дәл үстiнен түстi. Осы кезде терiскейден соққан ызғырық жел түйе үстiнде келе
жатқан шешесi мен оның жас немересiне өте бастаған да болатын. Шешесi ауыл қарасын көргесiн‚
бiрден жадырап сала бердi:
— Өй‚ жақсы болды ғой! Жертөле демесең‚ о да үй! Бой жылытып‚ әл жиып алатын болдық!
Шәки үндемедi. Артында түйеге мiнiп келе жатқан Дархан да тiс жарған жоқ. Күн батып барады.
Жардай келiншектiң екi бетi салқыннан мүлдем ажарланып кетiптi. Батып бара жатқан күннiң қызғыш
сәулесi оның жүзiн қызарта түскендей. Келiншегi iшiнен ерiнiң күшiк күйеу деген атқа таңылам ба деп
азарланып келе жатқанын ойлайтын болса керек‚ жол бойы ашылып сөйлеспедi. Шамасы‚ өз ықтияры
бiлсiн дейтiндей.
Бұлардың қарасын көрген ауыл кiсiлерi сыртқа шығып‚ таңғала қарап тұр. Әдетте көшi-қон кезiнде
бай ауылдар жатақтарға соқпай‚ Сырға жете бере ерулеп қонып‚ үй тiгiп жататын. Мыналар үгiтпей
тураған жертөлелерге тақап келдi. Тұрғали бұларды танып‚ бопыр қорасынан шығып‚ шешесiмен
амандасты. Шәки атынан түсiп‚ оған сәлем берiп‚ аман-саулық сұрасты. Сосын қонатын ыңғайын
сездiрiп едi‚ Тұрғали елпiлдеп:
— Кәне‚ түсе қалыңдар! Күз айының желi қатты болады. Балдар тоңып қалар! — дедi.
Шәки түйелерден жүктерiн түсiрiп‚ оларды отқа қоя бердi. Аттарына шiдер салды. Сосын барып
жертөлеге кiре бердi. Сол екен‚ есiне баяғыда Мiрәлiмен келiп салатын сойқандары түсе кеттi. Iштей
дiр ете қалды. Сықырлауық есiктi аша берiп‚ баяғыда жеген таяғын‚ айғай-шу‚ жылаған балалар
жадында тап күнi кешегiше сайрап қоя бердi. Шоқты жайнатып‚ көсеп отырған Тұрғалидың әйелiмен
ыңғайсыздана амандасты. Ол бұған бiрден жақтырмай‚ ала көзiмен қарады. Сол арада Шәкидiң көзi оң
жақта бүрсиiп отырған Зәурешке түстi. Баяғыда отқа күйiп‚ дайраға секiргеннен кейiн‚ ол қол-аяғы
тартылып‚ жарымжан болып қалған едi. Тек қана көзi жәудiреп тұр. Шәки одан қатты қысылды. Сол
арада маңдайынан қара тер бұрқ ете қалды. Ол қатты ыңғайсызданып‚ төрдегi салулы көрпеге отырып
жатып‚ тiзесiнiң дiрiлдеп сала бергенiн байқады. Шешесiнiң мұнымен iсi жоқ‚ Тұрғалимен екеуi
сұңқылдасып отыр.
— Иә‚ сүйтiп‚ дәм айдап келiп қалдық. Ана мырзадан бiратола қол үздiк...
— Ау‚ неге? — дедi Тұрғали ыржип. От жарығы түскен оның шұбар бетi тарғылданып кеттi.
— Әй‚ құрсын‚ — дедi шешесi қолын сiлтеп‚— қайдағы бәлелi жаққа жұмсап‚ мына баламды
абырайдан әбден айырып бiттi. Онан да осылай жырылып шығайық деп баяғыда-ақ қақсағанмын.
Ақыры құдай тiлегiмдi бердi. Ендi қайын жұртқа қарай көшiп барамыз.
— Е‚ жөн екен.
— Асқындап тұрғанда кiсi не iстемейдi? Ендi бiр тосуға жолыққасын мұсылман бола қалатын әдетi
ғой‚— деп қазанға нан жауып жатқан қатын бiр шағып алды.
Шәкидiң бетiнен оты шықты. Жаңа осы жаққа қалай келе жатқанды‚ сол баяғы қылуасын ұмытып
кеткенiне iштей қатты өкiндi. Ендi көре көзге жерге кiрiп барады.
Осы кезде iшке Ерғали келiп кiрдi. Ол мұнымен жөндеп амандасқан жоқ. Шапыраш көзiнде бiрден-
ақ жаулығы әлi қайтпағаны анық сезiлдi. Бұған мысқылдай қарап:
— Е‚ одан да опа таппадым де? Ендi кiмге ерiп ел шабар екенсiң? — дедi.
— Әй‚ Ерғали‚ өткеннiң несiн қазбалай бересiң? Басқа түссе баспақшыл деген. Басыңа түссе‚ сен
де сүйтерсiң‚ — дедi Шәки ақырын ғана.
— Жоқ‚ мен үйтпейiм‚ — дедi Ерғали әлден-ақ шақырая түсiп.
Тұрғали шатақ шығып кете ме деп ойласа керек‚ iнiсiне қарап:
— Әй‚ доғар! — дедi. — Миман менiкi! Дауыңды өз үйiңде айтарсың. Пәле iздеген пәлеге
жолығады деген. Өткен өттi. Ендi оны қазбалай берудiң не керегi бар?
— Көрдiң ғой ағаң Наушаруан болып отыр! — деп қатын тағы да бiр түйреп өттi.
Шәки мынау үйден тамақ iшiп жарытпайтынын бiлдi. Соңы шатақ болып кетер деп қорықты. Ендi
не қылдым деп дағдарып отырғанында‚ есiк сықырлап ашыла бердi. Iшке үйдi төбесiмен көтерiп
кететiндей боп‚ бiр еңгезердей кiсi кiрiп келе жатты. Үй iшiндегiлер тегiс жалт қарады. Ол мұртын
таңқылап қойған‚ шолақ сақалды‚ үстiне мақталы сырған шапан киген‚ жас шамасы елулерден асып
қалған Байбарақ екен. Аяғына киген саптама етiгi шаң-шаң. Байбарақ қамшысын жерге тастай салып‚
қысқа аман-саулықтан соң:
— Бұ қаракесектер қонақ келсе жақтырмайтын едi. Өзiң шешiнбесең‚ аттан түс деп те айтпайды‚
— деп қалжыңдап‚ шешiне бастады. Соған қарағанда бұлармен нағашылы-жиендi бiрдеңесi бар
сықылды.
— Неге? Бiз кiмге төрлет дейтiнiмiздi бiлемiз‚ — дедi Тұрғали күлiп.
Қонақ төрге төбедей боп отырды. Сосын бұның аты-жөнiн сұрағасын барып:
— Е‚ атаққа шыққан сен екенсiң ғой‚— дедi мұртынан күлiп. Тiстерi iрi екен. — Баяғыда Мiрәлi
мен Жаманқұл екеуi бiрiгiп ап не iстемедi? Соның жандайшабы болған осы сен емессiң бе? Ендi
басыңнан дәурен тайған екен‚ ә? Дұр-рес!
Шәки мына кiсiнiң Байбарақ екенiн бiрден таныды. Атына сыртай қанық болса да‚ көзбе көз көрiп
отырғаны осы. Байбарақ тағы да бiр осқырынып алып:
— Сен ғой осы жұрттың малын бiреу үшiн талай рет айдап әкелдiң‚ ә? Сонда не пайда таптың‚ а?
Ал мен болсам‚ айдап әкелген малымның қызығын өзiм көрем. Iжкiмдi оған ортақ қылмайым‚ — дедi.
Бұ жолы ол бiр танауынан кеңкiлдеп күлдi.