Стр. 38 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

37
Бағанадан берi ара-арасында тiлiн бiр сұғып алып отырған қатын Байбарақты көрiп жым болды.
Тездетiп тамағын пiсiруге кiрiстi.
— Ал‚ Байбарақ‚ не жаңалық бар? — дедi сол арада Тұрғали берi бұрылып.
— Оның қайсысын айтайын. Болғанын ба‚ болатынын ба?
— Сонда... қалай?
— Оның iж қалайы жоқ. Қалауың бiлсiн.
Сол арада Ерғали қыстырылды:
— Бәке‚ болып жатқанын өзiмiз де бiлемiз. Онан да болатынын айтсайшы.
— Мiне‚ жөн бiлетiн баланың сөзi. Өзiң‚ бала‚ — деп ол ала көзiмен Ерғалидың тұла бойын шолып
өттi‚ — мына денеңмен қалай жатақ боп жүрсiң‚ а? — Ол кеңкiлдеп күлдi. Сосын мұртын бiр сипап
қойып‚ сөзiн жалғастырып әкеттi: — Болатынын айтсам‚ былай. Ана түрiкменнiң Атанияз дейтiн
бегiнiң пәтi жаман. Мына Кiшiқұмдағы Тiлеуқабақтардың ауылдарын шауыпты. Оны айдап салып
отырған Хиуаның ханы көрiнедi.
— Е‚ неге? — дедi Тұрғали берi қарай еңсерiле түсiп.
— Оның не негесi бар? Хиуаның бас имамы айтыпты мына қазақтар шоқынатын болды‚ дiннен
бездi деп. Соларды қайтадан мұсылман қылу үшiн құдайын естерiне түсiрейiк дептi. Сосын хан
Атанияз бектi шақырып ап‚ мылтық берiп‚ қазақтарды қайтадан намазға жық дептi.
— Қойшы? Қайдағы дiннен безген? Исi қазақ мұсылман емес пе?
— Сен де айтыпсың. — Байбарақ осқырына күлдi. — Оны сен мына менен сұра. Ел шабам деп
менiң көрмеген жерiм қалды ма? Қайсы бiр жылы пайшерiк боп бiр топ жiгiт мына Арқа жаққа мал
айдадық. Сонда бiр көргенiм... — Ол көзiн атыздай қып тоқтай қалды‚ — мынаяқтың қазақтары... қой‚
қой‚ айтуға аузым бармайды.
— Е‚ неге? — дедi Тұрғали үрпиiп.
— Құрсын‚ құрсын! Мұсылман деуге болмайды. Дiн ұстауға салақ‚ iшкенi арақ. Дiн болмаған
жерде‚ бұзақылық көп болады ғой.
— Апырмай‚ не дейдi?
Байбарақ қарқылдап күлдi:
— Қалай‚ шошыттым ба‚ а? Мен кейде... осылай көптiрте сөйлейiм ғой. Қалай десең де дiнге мына
Қаразым жағы мықты.
— Сонымен жаңағы сөзiңдi аяқташы‚ Атанияз бек неге қазақ ауылдарын шауып жүр?
— Ау‚ малын айдап алғасын‚ кiм арға шыдайды? Сосын да.
— Е‚ түсiнiктi болды‚ — дедi Тұрғали басындағы төбетейiн кейiн қарай бiр ысырып қойып.
Тамақ келдi. Тұрғалидың қатыны мекежүгерiден күлше қосып‚ ет пiсiрген екен. Қонақтар мына
таңсық дәмдi өлiп-тiрiлiп жедi. Артынан ыстық сорпа iштi.
Iшке төсек салатын ыңғай бiлiнгенде Байбарақ Шәкиге қарап:
— Бала‚ сенiң ұры‚ менiң бөрi деген атағымыз бар. Екеумiзге мына iнде жатқан ұят болар. Неде
болса далаға құриық. Жүр! — дедi де‚ орнынан тұра бердi.
Түн желкем екен. Аспан төрiндегi сирек-сирек шағырмақ жұлдыздар сонау алыстан бiр түрлi
тоңғандай боп қалтырап көрiнедi. Байбарақ екеуi тұсаулы аттардың жанына келдi де‚ тоқымды жерге
төсеп жiберiп‚ киiмшең қалпы‚ бiр ықтасындау жерге қисая кеттi. Байбарақ бiр қырынан жатып:
— Бала‚ қайын атаң адалынан бер деп қатып қалған бiреу едi. Ертең көне алмасаң‚ маған кел. Мен
мына Қызыл жағындамын. Келсең‚ екеумiз өйдәй‚ сайранды саламыз‚ — дедi.
Шәки үндеген жоқ. Басы әңкi-тәңкi боп‚ түнiмен жөндеп ұйықтай алмады. Көз алдынан қор болған
Зәуреш‚ оның жәудiреген көзi кетпей қойды. Соны Тұрғалидың кек тұтпай‚ жайбарақат қарсы алып
отырғанына таңғалды.
Ертесiне Байбарақ барлығы жолғы бiрге аттанатын болды. Таңғы шәйден кейiн‚ Шәкилер далаға
шықты. Шешесi Тұрғалиға алғысын жаудырып жатыр. Дархан бiр түрлi самсоз. Сыртқа шыққасын
Шәки Тұрғалиға бiр оңашада:
— Тұреке‚ кек тұтпағаныңа Алла разы болсын! О кезде менiң басымда қай бiр ерiк болды? Ақмақ
болған екем. Ендi сол айыбымның өтеуi болсын‚ қомсынба‚ — дедi де‚ бiр сирақты жирен атты
шылбырынан жетелеп әкеп‚ қазығына байлады.
— Өй‚ мұның не? Өзiңе керек болар‚ — дедi Тұрғали сасып қап.
— Тұреке‚ айтқаным айтқан. Ендi мен мұны алмайым‚ — дедi де Шәки атының үзеңгiсiне аяғын
сұға бердi.
Тұрғали ырза болды:
— Бәрекеллә‚ өркенiң өссiн! Адам мал емес қой. Бiр ат үшiн бәрiн ұмытам демейiм. Бiрақ мен
сенiң кеуiлiңде кiр жоқ екенiн бiлетiнмiн. Сол ғой‚ болмаса... — Ол көзiне келiп қалған жасты әзер
iрiктi.
Сырдан өткесiн Байбарақ бұлармен қоштасып‚ жөнiне кеттi. Ендi Шәки шолақ көштiң бетiн
Көкқатынға қарай түзеп алды. Көпжан атасының қыстауы сол арада. Кәзiрде ол сол жаққа көшiп те
алған шығар.
Шынында да‚ сол болжамы расқа шықты. Олар араға бiр қонып‚ екiншi күнi түске таман
Көкқатынға жеттi. Бұларды көрiп‚ Көпжан арқа-жарқа болды да қалды. Бiр малын сойып‚ құдажолы
жасады. Жақын маңдағы Төртқаралардың кiсiлерi жиналып жатқанда Қалдыбай келдi. Палуан жiгiттiң
тұлғасы мүлдем толыса түскендей екен. Шәки одан баяғыда жеген таяғын ұмытып та кеткен едi. Бұ
жолы кек тұтпай‚ онымен қатар кiсiше сөйлесiп отырды. Ол Көпжанға бiрден жүрген жайын айтты:
— Көбеке‚ шаруам тығыз. Әбдiраман баласын ұзатып берем деп жатыр. Соған тойға шақырып
жүрмiн.
— Е‚ құтты болсын! — Көпжан мырс еттi. — Ау‚ ол өзi... қашаннан бермен құда жағын жұмсайтын
болған. — Оның мұнысы Қалдыбайдың Ниязбен туыстығын меңзегенi едi.