Стр. 41 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

40
— Иә. Үйдiң iшiн ақтарды. Со кезде мен қазан астына тығылып қалдым.
— Олар қашан шапты?
— Кеше түс ауа.
Қалдыбай шығыс жақтан шағырмақтанып көтерiлiп келе жатқан күнге қарады. Қарындасының
айтуынша‚ олардың алдына салып айдап келе жатқан көп малы жоқ. Демек‚ олардың малды
ауылдардың бiрiн шабам деп осы төңiректе айналуы мүмкiн. Қалдыбай ақкөз батырлығына басып
кетiп‚ атына қарғып мiндi. Қарындасын артына мiнгестiрiп алды. Сол бетiмен Шәки үшеуi осы арадан
онша қашықта емес бәйбiшесiнiң үйiне келдi. Толыса бастаған сары қатын мына жәйттан хабардар
сықылды‚ жайқаңдай шығып қарсы алды. Жүзiнде табалау бар. Қалдыбай оған назар аудармады.
Шешесi осы ауылда едi. Ол баласын көре сала‚ ойбайлап келiп көрiстi. Қалдыбай оны шаққа дегенде
қойдырды:
— Қой‚ апа‚ қайдағыны шақырмай! Құдайдың жазуынан кiм қашып құтылған? Бұ да бiр нәубет
шығар?
— Ойбай-ау‚ шауып кеттi ғой‚ алып кеттi ғой‚ — деп iрi сүйектi қара кемпiр екi белiн таянып‚
зарлаумен болды.
Сол арада үлкен әйелi Мамық енесiне алара қарап:
— Әй‚ ене‚ мұның не менiң от басымда белiңдi таянып‚ жаманшылық шақырып? Менiң оты-басым
аман‚ балдарым қасымда‚ байым қойнымда. Кетсе‚ ана жәлеп кеткен шығар. Оған сол сауап! — дедi
шаңқылдай сөйлеп.
— Апа‚ қой! — дедi Қалдыбай бөтен кiсiнiң көзiнше сыр алдырмауға тырысып.
Шешесi мұның ойын түсiнiп‚ артық ойбайламады. Жаулығының ұшымен көзiнiң жасын түртiп
отырып:
— Шағырай батыр Қарасақалдың жақсысы едi. Ертең оған не бетiмiздi айтамыз? Сол ғой менi
қинайтыны‚— дедi.
— Апа‚ бiр сыласы болар. — Қалдыбай Мамыққа тамағың бар ма дегендей сазара қарады.
Мамық маймаңдай жөнелдi. Тез арада дастархан жайып‚ түннен қалған‚ тоңазып тұрған еттi әкелдi.
Сорпасын тез жылытты. Қалдыбай Шәкидi төрге отырғызды. Сосын құрмет қылып:
— Кәне‚ ал! Сыбағаңды кейiн жерсiң. Әзiрге осыған ырза бол‚ — дедi.
— Өй‚ сыбағасы несi? Мынадай жағдайда... Осы болады‚ — дедi Шәки ыңғайсызданып.
Тамақ үстiнде Қалдыбай түрiкмендердiң кiшi ауылын шапқанын ғана бiлдi. Бұның жылқысы
Қызылдың Қарақ жағында болатын. Ол жаққа түрiкмендердiң аяғы жете қоймапты. Тек ауылдағы бiр-
екi аяқ артарды алып кетiптi. Мұның жанына батып отырғаны — былтыр түсiрген тоқалы Мерекенi
түрiкмендердiң алып кеткенi. Оны қуып бармаса‚ мына төңiректе ертең абыройынан жұрдай болады.
Қуайын десе‚ жаңғыз өзi жасанған жауға не iстейдi? Соны ойлап‚ басы қатып отырғанда‚ Шәки мұны
тiзесiнен түрттi:
— Тамақ iшiп болдық қой.
— А‚ солай екен ғой‚ — дедi бұл апалақтап. Сосын Мамыққа қарап: — Шұбат әкел! — дедi.
Екеуi екi тостаған шұбатты бастарына төңкергеннен кейiн ештеңе демей сыртқа шықты. Қазақ
әйелдерiнiң ер кiсiнiң жолын сұрамайтын әдетiмен Мамық та‚ шешесi де үндемедi. Қалдыбай мен
Шәки аттарына мiнiп‚ ауыл сыртына шыққаннан соң iз кесiп қарады. Түрiкмендердiң шамасы жүз
қаралы екен. Екеуi ештеңе деместен сол шұбырған iзбен тартты да отырды. Әуелгiде түрiкмендер
қарақалпақ жағын бетке алып‚ еш жерге аялдамастан тарта берiптi. Бiр араға келгенде iз екi айрылды.
Олардың бiр тобы қолға түскен малды алдарына салып‚ қарақалпақ жағына қарай кетiптi де‚ екiншi
тобы терiскей батысқа қарай бұрылыпты. Қалдыбай мен Шәки сол арада ат басын тартып‚ бiраз тұрып
қалды.
— Олар бұлай қарай неге бұрылған? — дедi Қалдыбай таңғалып.
— Мынаяқта кiмнiң ауылы бар едi?
— Мынаяқта ма? Ана сасық‚ мыржық қара Шынболаттың ауылы отырған.
— Е‚ онда соны шапқан болды. — Шәки қамшысының ұшымен басындағы бөркiнiң бiр шетiн
көтерiп қойды.
— Барып көремiз бе?
— Көргенде... о қалай болады? Менiңше‚ мына топ қолға түскен олжаларын алып тартып кеткен.
Атанияз... жау шапқанда‚ өзгеге сенбейдi. — Шәки ойланып‚ шекесiн қасыды. — Әгәр ол... анаяқта
жүргенде‚ бiз барып оларды тұтқиылдан шапсақ‚ ә?
— Бұ да ақыл екен. — Қалдыбай атын қамшысымен бауырдан бiр тартты. — Онда... кеттiк!
Екеуi тағы да салқа жорта жөнелдi. Ендiгi iз онша көп емес. Бiр арада олардың түнде қонып
шыққан жұртына кездестi. Жерошақта қалған күл әлi ыссы екен. Сол арада Шәки ақылға кеп:
— Қалдыбай‚ екеумiздiң ғой осы пәлендей қаруымыз жоқ. Қолдағы бiр найза кiмге айбат бола
алады? Одан да былай етсек. Олар бүгiн кешке қонады‚ — дедi. — Соған бiз аңдып барсақ. Саған
керегi қатын ғой. Соны... былай есебiн тауып ұрлап алсақ болмай ма?
— Болады ғой.
Екеуi соған келiсiп‚ iзбен тарта бердi. Аздан соң майда құмақ төбелер кездесе бастады. Тырбиып
өскен жыңғылды алқапты кесiп өткеннен кейiн‚ олар қара төбеге шыға келгенде‚ әр жақтан берi қарай
келе жатқан салт аттыны көрдi. Екеуi де:
— Бұ кiм болды? — десiп‚ елеңдесе қап‚ аттарының бастарын тартысты.
Әлгi кiсiнiң дыммен iсi жоқ‚ бұларға қарай тартып келедi. Ол жақындай түскенде барып‚ бұлар
оның қазақ екенiн киiмiнен шырамытты. Ол жақындап келгенде барып‚ Байбарақ екенiн танып‚
бiрiншi боп Шәки сәлем бердi. Ол сәлемдi алып жатып:
— Ә‚ келiп қалдыңдар ма? — дедi. Сосын Шәкиге бұрылып: — Мен саған әнеукүнi айтпап па едiм‚
ұрыға жатақтық қол емес деп‚ — дедi.