Стр. 42 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

41
— Бәке‚ бiздiң жүрген жайымыз ол емес‚ — дедi Шәки қысыла күлiп. — Мына түрiкмендердiң
iзiмен...
— А‚ ана Атанияз ба? — Ол кейiн қарай қолын сiлтедi. — Ана бiр кезеңнен ассаңдар‚ дәп үстiнен
түсесiңдер. Шамасы‚ сөйерге бүгiн қонатын шығар. — Бұларға қулана қарады. — Ол сендердiң
нелерiңдi алып едi?
— Ауылымызды шауып кетiптi‚ — дедi Қалдыбай оның қулана қарағанынан ыңғайсызданып.
— Ау‚ ауылын шапқан кiсi осылай екеу боп жүре ме? Жасанған жауға сендер не iстей қоясыңдар?
— Ендi... былай... барлап қайтайық деп...
— Әй‚ бала‚ қалжақты қой. Онан да шыныңды айт! Олар мен көрмеген түрiкмен дейсiң бе? Қайта
шыныңды айтсам‚ пайдам тиер‚ — дедi ендi Байбарақ түсiн суытып.
— Бәке‚ мына Қалдыбай дейтiн палуан iнiң ғой. Соның үйiндегi келiнiңдi алып кетiптi‚ — дедi
Шәки жұмсара сөйлеп.
— Сонда... оны қайтып алмақсыңдар ма?
— Әгәр ретi келiп жатса деп...
— Әй‚ қой! — Байбарақ қолын түңiле бiр-ақ сермедi. — Түрiкменнiң қойнына бiр жатқан қатын
екiншiгәрi байына қайтып тимейдi.
— Е‚ неге? — дедi Шәки таңғалып.
— Бала‚ оның негесi жоқ. Мына тiрлiгiмде түркмендердiң талай шапқыншылығын көрдiм. Сонда
олжа боп кеткен қатынның бiрде бiрi қайтқан емес. Бiздiң аталарымыз да солай деп отыратын.
— Сонда... олардың не пәлесi бар?
— Қайдан бiлейiн. — Байбарақ ыржиды. — Шамасы‚ ыссы жақта өскен ел ғой‚ олардың
азбырайы... — Ол бiр боғауыз сөздi қойып кеп қалды.
Қалдыбай ұялып үндемедi. Шәки күлiп:
— Әй‚ Бәке‚ сiз де қайдағы жоқты айта бересiз. Олардан бiздiкi кем дейсiз бе? — дедi.
— Оны... бара көрерсiңдер. Осыдан қатын қайтам десе‚ құлағымды кесiп берем. Онан да... кейiн
қайта берiңдер‚ жазым боп жүресiңдер.
— Бәке‚ ол ендi... өз шаруамыз ғой‚ — дедi Қалдыбай оны жақтырмай.
— Жарайды‚ онда жолдарың болсын‚— дедi де‚ Байбарақ жөнiне кете барды.
* * *
Екеуi әлгi кезеңге жетiп‚ әр жақта қонып жатқан түрiкмендердiң шамасын байқады да‚ әлденiп
алайық деп‚ ойдағы қалың жыңғыл iшiне кеп аттарынан түстi. Қоржыннан суыған қазы-қартаны алып‚
дастархан жайды. Қалдыбай от жағып‚ торсықтағы құманға су құйып‚ шәй қайнатты. Дәм үстiнде не
iстейтiндiктерiн ақылдасты. Қалдыбайдың айтуынша‚ түрiкмендер қонып жатқан жердiң бер жағында
құдық бар. Соған қатын-қалаштың су алам деп келуi мүмкiн. Соны аңдып көрген жөн. Болмаса‚ түнде
ұйқы-тұйқы бiр қимылға кiрiспек. Екеуi соған келiстi де‚ аттарын жетелеп‚ қалың жыңғылдың iшiмен
iлгерi жүрдi. Бұл сәйкенiң бiр шетi әлгi белдi орап өтiп барып‚ түрiкмендер қонып жатқан жерге қарай
иiлiп шығады екен. Құдықтың бер жағы — қалың сексеуiл. Қалдыбай Шәкиге қарап:
— Сен осы арада тұра тұр. Аттарды тар ғып тұсап қой. Иә‚ мынаны ал! — деп‚ ол үнемi жанынан
тастамай жүретiн кiшкене қанжарын оған ұсынды.
— Өзiң ше? — дедi Шәки аңтарылып.
— Әй‚ менi қой. Құдайдың берген қайраты қайтпаса‚ көрермiн. Мына найзаны да алып қал. Алда-
жалда қиын боп баратса‚ атқа мiне сап‚ маған қарай шабасың ғой. Қалғанын көрермiз. Бiр құдайға
тәуекел‚ — дедi де‚ Қалдыбай бұған тiсiн ақсита бiр күле қарап‚ iлгерi жүрiп кеттi.
Шәки мына палуанға ырза бола қарады. Қалай десең де‚ намысын ешкiмге жiбермейтiн мәрт жiгiт!
Қалдыбай еңкейе жүрiп отырып‚ құдыққа жақындады. Бiр арада еркек сексеуiл кездесiп‚ бар күшiн
салып‚ оны ырғап-ырғап түбiмен қопарып алды. Оны шырпысынан тазартып‚ сойыл сықылды етiп
жасады. Сосын құдыққа елу қадамдай жерге келiп‚ тырбия өскен қатын сексеуiлдiң түбiне етпетiнен
жатты. Көзi алда. Анадай жерде тiгiлген шатпаның сыртында бiр-екi түрiкмен жiгiтi жүр. Бiреулерi
қазан қайнатып әлек. Шатпаның әр жағында жайылып жүрген аттардың жанында бес-алты жiгiттен
қойған қарауылы бар екен. Әне‚ iштен түрiкменше малынып киiнген бiр әйел шықты. Қалдыбай
бiрден-ақ оның Мереке екенiн мына киiм бойына үйлеспей‚ сөлекет қимылдағанынан байқай қойды?
Сол екен‚ тұла бойы дiрiлдеп кеттi. Көз алдына Мерекенiң әйдiк аузы‚ ақшыл бетi‚ әсiресе‚ бiр ұяң
күлкi үнемi арылмайтын қара көзi елестеп келе қалды. Неде болса деп‚ ақыра ұмтылғысы келдi де‚ өзiн
өзi әзер тоқтатты. Мереке сол арада қазанға иiлiп‚ тұз ба‚ әйтеуiр бiрдеңе салды да‚ iшке қайтадан
кiрiп кеттi. Мына жүрiсiне қарағанда, оның басына түскен жағдайға көнiп қалған сыңайы бар. Сол
сәтте: “Жаңа Байбарақтың айтқаны рас болып жүрмесiн”‚ — дедi Қалдыбай өзiне-өзi күбiрлеп.
Күн талтүс болды. Құдық жаққа ешкiм аттап аяқ басқан жоқ. Етпетiнен жатқан Қалдыбай қарай-
қарай көзi талып‚ ұйықтап бара жатқанын аңдамады...
* * *
Атанияз бек Шынболат ауылын тосыннан шапқан едi. Жiгiттерi ат жалына жабысып алып‚ ағызып
келген бойда қарсы шыққан бiр-екеудi найзамен түйреп тастады. Сосын-ақ қорыққан қазақтар
қарсыласпай‚ шетке ығысып шыға бердi.
Жiгiттерi аш бөрiдей жаланып‚ үйдi-үйдi кiрiп‚ қыз-келiншектердi сыртқа сүйрелеп шығара
бастады. Солардың арасынан сiлеусiн көз‚ қоңқақтау танаулы‚ ақ құбаша келген бiр келiншекке
Атанияздың көзi бiрден түсе кеттi. Дереу қамшысының ұшымен былай шығар дегендей белгi бердi. Бiр