Стр. 43 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

42
түрiкмен жiгiтi Ағлестi сүйрелеп‚ Атанияз бектiң қасына алып келдi. Осы кезде сүмiрейiп тұрған
Шынболат жампаңдап жақын кеп‚ бектiң таралғысынан ұстап:
— Шырағым‚ көп мал берiп алған жас тоқалым едi. Барлық малымды алсаң да‚ тоқалымды өзiме
тастап кет‚ — деп жалынды. Атанияз тiк қарап едi‚ Шынболаттың көзi ет беретiн егесiне жағынып‚
құйрығын бұлғаңдатқан төбеттiң көзiнше мөлие қалған екен.
Бек тiтiркенiп кеттi.
— Әрi кетiң‚ ә! — Ол қамшысын бiр-ақ сiлтедi.
Шынболат оның iзiнен қалмады:
— Бек‚ жолыңа басым құрбан. Осы өтiнiшiмдi орында! Садағаң болайын‚ табаныңды жалайын...
Сол арада Атанияз бек қасындағы нөкерiне қарап:
— Мынау iзiмнен қалмады ғой. Жасы пәленбайдан асса да‚ мұнда нағып жүрген айғырлық? Соны
көрiңдершi! — деп күңк ете қалды.
Нөкер атын тебiнiп қап тұра ұмтылды. Келе дырау қамшымен Шынболатты қақ бастан тартып-
тартып жiбердi. Шынболат жасқанып қолымен басын қорғаштады. Нөкер атының омырауымен
итермелеп‚ шалды керi ысыра бердi. Бiр араға келгенде таяқ батқан Шынболат төңкерiлiп жатқан
келiге сүрiнiп‚ шалқ ортасынан құлады. Осы кезде бектiң жұмсауымен бiрнеше түрiкмен жалаңдап
жетiп келген едi. Олар Шынболатты тепкiлеп‚ шарылдатып отырып қол-аяғын байлап‚ жерге алып
ұрды да‚ терi шалбарын шеше бастады. Бiр түрiкмен Шынболаттың ақ дамбалының ауын қанжарымен
тiлiп жiберiп‚ мал соятын қасапша отыра қалды. Осы кезде оған екiншi бiр түрiкмен Ағлестi сүйрелеп
әкелген едi. Ағлес көзi бақырайып қатып қалған. Атанияз бұған күле қарап:
— Мынау... сенiң байың ба? — дедi.
Ағлес не дерiн бiлмедi. Аузына сөз түспей‚ сәл басын изегендей болды. Атанияз бек оған
мысқылдай қарап:
— Онда... бұл қазақтың қуатын көрелiк‚ — дедi. — Кәне‚ сарбаздар‚ бастаңдар!
Екi жiгiт Шынболаттың екi аяғын айырып‚ басып отырды. Үшiншi түрiкмен қашанғы дағдысы
бойынша қолына жалаңдатып кiшкене құс кездiгiн алды. Ол өзi Хиуа ханының һарам сарайында
қасапшы боп қызмет еткен‚ талай құлды әтек қып тарттырып үйренiп қалған кiсi едi. Демде
машығымен Шынболаттың енiн тiлiп кеп жiбердi. Шынболат ойбайын салды. Оған қарап жатқан
түрiкмен жоқ‚ ендi бiр сәтте қара қанын ағыза отырып‚ бұлтиған екi бiрдеменi сылып ап‚ Ағлестiң
алдына қарай лақтырып тастады. Ағлес шошып‚ көзiн жұма қойды. Тұла бойы суық шалғандай
дiрiлдеп сала бердi. Ол аяғының ауыр екенiн соңғы кездерi сезiп жүретiн. Қорыққаны соншалық‚
қалшылдап‚ өзiн ұстап тұрған түрiкменнiң иығынан ұстай бердi. Құлауға шақ қалды.
Әйел баласына көзi қырағы Атанияз бек қарқылдап күлдi:
— Дәнеме етпейдi. Ақ патшаға сатылған кәпiр қазақтан ұрпақ алмайтын болдық...
Сонысы рас боп шықты. Аздан соң Ағлес түсiк тастап кеттi...
Ендi түрiкмендер айналмады. Өрiсте жүрген жылқыны үйiр-үйiрiмен қуалап‚ алдарына сап айдап
жөнелдi. Атанияз сарбаздарының алдында келе жатып‚ кеше ғана өзi қойнына алып жатқан Мерекенi
ойлап‚ ырза боп жымиып қойды. Ендi сәтiн салса‚ мына ақ келiншектiң де қызығын өзi көрмек.
Сосын... ол Тiлеуқабақтар жағына жiберген екiншi қолын кәйттi екен дедi. Шамасы‚ олар да есесiн
жiбермей‚ ырғап-жырғап келе жатқан шығар.
Ол күлiмсiреп қойды.
* * *
Қалдыбай селт етiп шошып оянды. Тұсынан көп жылқыны дүбiрлете айдап‚ бiр топ түрiкмен өтiп
барады. Олар шатпа жанына тоқтамай‚ iлгерi жүре бердi. Аздан соң ақалтеке атқа мiнген Атанияздың
өзi көрiндi. Ол сарбаздарының алдында келе жатыр. Соңында басына жаулығын жамылып алған бiр
келiншектi атының шылбырынан жетектеп екi түрiкмен жiгiт келедi. “Бұ кiм болды?” — деп Қалдыбай
көзiн сығырайта қарады. Бiрақ алыстан кiм екенiн анық болжай алмады.
Олар шатпа жанына келiп‚ аттарынан түстi. Әлгi келiншектi екi түрiкмен сүйрегендей ғып
шатпанның iшiне кiргiздi. Сосын бiр-екеуi борбайы созылып қалған аттарын тынықтырайын деп‚
анадай жердегi көгалға тұсап жiбердi.
Күн еңкейiп қалған кез едi. Қалдыбай бұл әуресiнен түк те өнбейтiнiн бiлдi. Ендi қайтайын деп
тұрғанда‚ кенет елең ете қалды. Бағанағы түрiкменше киiнген келiншек қолына көнек алып‚ берi қарай
беттедi. Сөлекет жүрiсiне қарап‚ оның Мереке екенiн бiле қойды. Демiн iшiне тартып‚ Қалдыбай
жасырына түстi. Аржақта бiр-екi түрiкмен мына келiншектiң соңынан қарап тұр. Шамасы‚ қашып
кетер деп ойлайтын сықылды. Сол арада iштен Атанияздың өзi шығып‚ Мереке жаққа көз тастады да‚
бiрдеме деп‚ әлгi екi жiгiттi ертiп‚ iшке кiрiп кеттi.
Мереке биiк тақалы етiгiн әзер алып‚ жәйiмен жүрiп келедi. Күн ұясына дiр-дiр етiп батып барады.
Шарық табақтай жүзi қып-қызыл. Әлдеқандай қорқынышты бiрдеме боларын сезгендей тез жатар
жайына жетуге асыққан сықылды. Мереке шегендеулi құдыққа тақап келдi де‚ бiр тiзерлеп отыра қап‚
қауға байланған көнектi құдыққа салды. Суы тайыз болса керек‚ арқанды әрлi-берлi ырғап‚ бiраз
отырды. Тақа болмағасын бетiндегi жамылғысын кейiн серпiп тастады. Қалдыбай Мерекенi қор
болдым деп жылап‚ қайғыланып жүрген шығар деп ойлап едi. Мына түрiнде оның белгiсi жоқ. Қайта
екi бетi қызарып‚ шырайлана түсiптi. Көзi жарқ-жұрқ етедi. “Жаңағының айтқаны рас болмасын!”
Қалдыбай сол арада шыдамай:
— Мереке! — дедi қаттырақ сыбырлап.
Мереке шошып кетiп‚ басын көтерiп алды. Дереу бұл жаққа қарады. Қалдыбай басын сәл көтерiп:
— Мереке! Берi кел! — дедi.
Мереке қорқып‚ орнынан ытып түрегелдi. Сосын арт жағына жалтақтап бiр қарады. Қалдыбай: