43
— Әй‚ берi кел деймiн саған! — дедi қаттырақ сөйлеп. — Аттар дайын‚ қашамыз!
Мереке жерге қайтадан бiр тiзерлей отыра қап‚ бұған қарап басын шайқады.
— Неге? — дедi Қалдыбай дызығып.
— Болмайды‚ — дедi Мереке бiр түрлi ызаланып.
— Сонда... қалай? — Қалдыбай басын қалай көтерiп алғанын байқамай да қалды.
— Оның не қалайы бар? — Мереке ызалана күлдi. — Ақ төсегiңдi арамдағасын несiне қайтып
барам?
— Ендi сен... оны еркiңмен емес қой‚ — дедi Қалдыбай жалынғандай боп.
— Жо-о-оқ! — Мереке басын шайқады. — Ендi елге қайтып бармайым.
— Сонда... бұ қалай?
— Оның iж қалайы жоқ. — Ол бұған атып жiберердей боп тiке қарады. — Сенен тап-п-
пағанымды... ана түрiкменнен таптым...
— А-а-а?! — Қалдыбай ызаланғаннан не дерiн бiлмедi. — А‚ солай ма‚ қаншық! Қазақ:
“Астыңдағы атыңа сенбе‚ қойныңдағы қатыныңа сенбе!” — деп бекер айтпаған болды. Татқан дәмiңдi
артыңнан шығарайын! — деп‚ көзi қарауытып кеткен Қалдыбай жолбарысша бiр-ақ қарғыды. Палуан
жiгiт қатынды желкесiнен бүре ұстап‚ екi бұттың арасынан оң қолын өткiзiп алды да‚ лақ құрлы
көрмей‚ сексеуiл арасына қарай ала жүгiрдi. Бақырып жiберген Мерекенiң аузын сол қолымен баса
қойды. Мереке мұның бетiн тырналап‚ ойбайлап:
— Тастап кет! Бармайым! — деп келедi.
— Өшiр үнiңдi‚ қаншық! — дедi Қалдыбай ақырып.
— Мен саған... ендi тимейiм‚ — дедi Мереке мұның қолын тiстелеп.
— Оны саған көрсетем! — деп Қалдыбай оны жерге атып ұрды да‚ бастан етiгiмен бiр тептi.
Мереке есеңгiреп қалса керек‚ орнынан тұра алмады. Қалдыбай ендi қатынын көтерiп ап‚ Шәки
тығылып тұрған жаққа қарай емпелеңдеп жүгiре жөнелдi.
* * *
Түрiкмендер мұны осы кезде барып көрген едi. У-шу боп‚ олар аттарына қарай жүгiрiстi. Бiрдеңе
болғанын сезген Атанияз iштен атып шыға келдi. Ол дереу жiгiттерi сiлтеген жаққа қрап‚ түндегi
келiншектi алып қашып бара жатқан өзге емес‚ өз байы екенiн бiле қойды. Сосын мынадай жарақты
жауға жаңғыз шапқан жiгiттiң тегiн емес екенiн сездi. Мәрт мiнездi Атанияз қауғадай сақалын сипап
тұрып‚ аттарына мiнiп жатқан жiгiттерiне қарап:
— Әй‚ қойыңдар! Қумаңдар! — дедi.
Жаугер жiгiттер жанына жетiп-жетiп келiстi. Көздерi от шашып‚ желiгiп ала қойған екен:
— Неге‚ бек? Ана олжа қатынды алып қашып бара жатқанда бүйтiп бұққанымыз қалай?
— Қойыңдар. — Атанияз қолын бiр сiлтедi. — Мен жаңғыз жiгiттi көп сарбазбен өлтiрмеймiн.
Жекпе-жекке шықсаңдар‚ жанын шүберекке түйген мына қазақ кiм-кiмдi де мерт қылмай жiбермейдi.
— Ол қабағын шытып‚ ойланып тұрып: — Сосын... бiр бит балақ қатын үшiн қайсыңның өлгiң бар‚ а?
— дедi. Ол жымиды: — Қайта бұларды осылай сазайын тартыру керек. Қатынының түнiмен менiмен
жатқанын ол қазақ бiледi. Сосын азап тартады. Ол жiгiттiң тiрiдей өлгенi емес пе? Сол бiзге жетедi.
Қумаңдар!
Жасанған жiгiттер ендi ыржалақтап күлiп‚ аттарынан түсе бердi.
Атанияз дереу сақтық жағын ойлап‚ үш-төрт шолғыншыны жiберiп‚ жақын маңда қуғыншының
жоқтығын бiлсе де‚ қас қарайып қалғанына қарамастан‚ шатпаны жықтырып‚ дереу көше жөнелдi.
Содан түн ортасы ауғанша үдере жүрiп отырды. Бiр араға келгенде барып‚ ол жiгiттерiн аттарынан
түсiрiп‚ күзеттi мықтап қойып‚ шатпаны тез тiктiрдi. Тез төсек салдыртып‚ өзi жатты да‚ қызметшi
сарбазына әмiр еттi:
— Ана келiншектi алып кел!
* * *
Қалмырза Шынболаттың ауылының шабылғанын кеш есiттi. Жүгiрiп Ережепке келдi. Қол құрап
шықсақ қәйтедi дегенiн көзiнен бiлген Ережеп түсiн бермей:
— О бiр өзi пасық ниет‚ сасық ит едi. Өзiне со керек! — дедi.
— Ойбай-ау‚ онда менiң... қарындасым кетiп бара жатыр ғой! — дедi Қалмырза күйiнiп:
— Iждеме етпес. Қызды жау да алады деген! Ертең сен де бар да‚ бiр түрiкменнiң мықынсыз
сұлуын алып қаш! Саған қой деп отқан кiм бар? — Ол ыржиды. — Ана жаман сасық шалдың не
қауқары бар дейсiң? Қайта қарындас... қайратты түрiкменге бұйырып‚ бiр жасап қалған шығар...
Қалмырза не дерiн бiлмедi...
* * *
Қалдыбай мен Шәки бесiншi күнi дегенде күзеуде отырған Шағырай батырдың ауылына әзер
жеттi. Келiп әлсiреген Мерекенi көтерiп әкеп‚ батырдың алдына тастай салды.
Шағырай болған жайды естiсе керек‚ қалың қасы жалбырап‚ әйдiк‚ ала көзiмен бiр қарады:
— Не болды?
Қалдыбай болған жәйттiң бiрiн қалдырмай айтып шықты. Мереке жер таянып отырып‚ бетiн әрi
салып‚ үндей алмады. Шағырай ақырып:
— Әй‚ саған айтам‚ осы рас па? — дедi.
Мерекенiң басы иiлiп кеттi. Шағырай көзi қанталап тұрып: