46
берiлiп‚ әдемiше келген жiгiтке бiр түрлi боп қарады. Жаңағы көне жыраудың айтқан сөздерi
көкiрегiне мына бал татыған ауаша сiңiп жатыр. Ықыласы әбден ауып‚ оған аузын аша қарап қалған.
Басқа қыздар да Ниязға телмiре қалыпты. Бұл iштей солардың көздерiнен байқалып тұрған қызығуды‚
ерекше бiр ықыласты байқап‚ мына жiгiттi басқалардан қызғана бастады. Бiр түрлi мұны бiр өзi
иемденгiсi келдi. Содан кейiн барып есiн жиып‚ әлi де мына жiгiттiң басы бос екенiн‚ ешкiммен
атастырылмағанын‚ оның өзiне де‚ өзгеге де кәзiр бiрдей екенiн бiлiп‚ бiр түрлi қоңторғай тартып сала
бердi. Көзiн төмен түсiрiп‚ нәзiк саусағымен алдында күмiстей боп көрiнiп жатқан шеге топырақты
мақсатсыз әрлi-берлi сызғылады. Сол арада терме де аяқталды. Жiгiт-қыздар шуылдасып:
— Өй‚ пәли!
— Тағы бiрiн айт‚ — дестi.
“Хан” сол арада қолын жоғары көтерiп:
— Бiр тойда екi жар жоқ деген! Нияз қасындағы жолдасын бермейтiн болды‚ — деп келесi
“жолдас” боп отырған жiгiт-қызға қарай бұрыла берген едi.
Нияз мұның қасына кеп отырып жатып‚ бұған сенi қалай қорғап қалдым‚ өнерiмдi көрдiң бе
дегендей бiр қарап қойды. Бетiне бiр түрлi әдемi нұр орнай қапты. Шабыттанып алған жiгiт бiразға
дейiн елiгiп‚ бiр түрлi боп‚ қозғалақтап бiттi. Ағлес оған таңдана қарады. Iшiнен: “Жыраулардың бәрi
осындай болатын шығар”‚ — деп ойлады. Содан ойын аяқталғанша олардың жұбы жазылмай қойды.
Ертеңiне қатар қонған екi ауыл қайтадан Қырға қарай бөлек-бөлек өз жолымен көшiп кеттi.
Кетерiнде Нияз мұның ауылына жолдастарымен кеп‚ бiр күн боп‚ қонақасы жеп‚ түн жарымына дейiн
жыр айтты. Ауылдың ер кiсiлерi‚ қатын-қалаштары‚ кемпiрлерi‚ бала-шағасына дейiл қамдай түгел
жиналды. Бәрi де оның айтқан термесiн ауыздарының суы құрып тыңдады. Сол күнi Нияз ұзаққа
сiлтедi. Желденiп‚ арқасы қозып алған жiгiт шын жүйрiк екенiн бiрден-ақ көрсеткен едi. Ағлес оған
қызмет жасап жүрiп‚ байыздап отыра да алмады. Көп арасында болуға ағаларынан имендi. Нияздың
көзiмен ара-арасында өзiн iздеп қойып отырғанын бұл анық байқады. Содан бастап-ақ бұл өзi мен
мына аққұба жiгiттiң арасында әлдеқандай сиқырлы бiр жiптiң орнай қалғанын аңдаған да едi...
Содан бұлардың ауылдары күзге дейiн Қарақұмның әр саласында отырды. Күздеуге көшкенде
барып‚ бұл Ниязды бiр рет көрдi. Онда да жол-жөнекей көшiп келе жатып көрген. Со жылы қыс қатты
боп‚ ақсирақ жұтта әкесi бар жиған малынан адаланып қалды. Қалмырзаның құда түскен жерi сосын-
ақ шалқайып‚ бұларды менсiнбейтiндей қабақ танытты. Дәл осы кезде бұлардың ауылына Нияз
келгiштеп кеткен-дi. Ендi Ағлес екеуi жақын танысып‚ сыр шертiсiп‚ етене бауыр басып кеткендей де
болған. Бiрақ Сағынай бұларды менсiнбей қойды. Соның соңында бұл басқа түскен баспақшыл деп
қайдағы бiр қаусаған шалға тиiп кеттi. Оның соңы мынау‚ түрiкмендерге пәндә боп‚ көз көрiп‚ құлақ
естiмеген әлдеқандай бiр жаққа қор болып кетiп барады. Ағлес қатты күрсiндi. “Өмiр шiркiн әуелi
қызық‚ аяғы той тарқап‚ ат шапқандай екен ғой. Ендi менiң көретiн не қызығым қалды? Бәрi де осымен
бiттi ғой”‚ — деп‚ iштеп қатты күйзелiп‚ қоңырайып қалды.Сол арада түрiкмен жiгiтi қайтып келдi:
— Жаңағы сәлемiңдi айттым. Ағаммен келiстiм. Ол бүгiн сенi қойнына алып жатпақ екен‚ өтiнiш
етiп‚ бiр жолға сұрап алдым‚ — дедi де‚ мұның қасына кеп малдас құрды. Сосын желiнбеген еттi
көрiп: — Жеңiше‚ дым да жемепсiң ғой‚ — дедi.
— Алдыраз болсын. Тәбетiм шаппай отыр‚ — дедi Ағлес селқос.
— Алдырсайшы.
— Жоқ‚ рахмет.
Сол түнi Ағлес астына шапанын төсенiп‚ бiр шетте жатты. Бiразға дейiн ұйқысы келмей қойды.
Төбеден түнерiп қарап тұрған қарабарқын аспанға көз салды. Содан ойы қыдырып‚ әр нәрсенi бiр
ойлап кеттi. Сүйтiп жатып талықсып‚ таң алдында көз шырымын алған болды.
Таң сазарып атқанда‚ түрiкмендер орындарынан тұрып‚ таңғы шәйлерiн тез-тез iшiсiп‚ қайтадан
жолға шықты. Ұзақ жүрiстi көрмеген Ағлес көпке дейiн белi үзiлiп‚ ат үстiнде шаққа шыдап келе
жатты. Түрiкмендер мұның халына қараған да жоқ. Арттарынан қуғыншы шығып қалар деп ойласа
керек‚ олар алған малын тырқырата қуалап‚ жiтi жүрiп отырды. Бiраздан соң қарақалпақтардың жерi
басталды. Ағлес жан-жағына бажайлап қарап келедi. Бұ жақтың жерiнiң репетi бөлектеу көрiндi. Бiр
түрлi бозғылт сықылды.
Аздан кейiн бұлар қарақалпақтардың қышлақтарының жандарынан өтiп‚ Әмудария арқылы
түрiкмендердiң жерiне төте шығатындай болды. Сол арада кеш батып кеткесiн‚ Атанияз бек әмiр ғып‚
жiгiттерiн аттарынан түсiрдi. Түрiкмендер тағы да лаулатып от жағып‚ тамақ пiсiрiп‚ абыр-сабыр
болып жатты. Ағлес бағанағы жiгiттен Атанияз бектiң тоғыз қатыны барлығын бiлдi. Сол екен-ақ‚
басына бiрден қалайда қашып құтылуым керек деген ой келдi. Үйтiп қор болғанша‚ құла түзде
қаңғырып өлгенiм жақсы дедi. Сол ойға нық бекiнiп отырғанында‚ Атанияз түскен бас шатырға
әлдеқандай кiсiлердiң келгенiн байқады. Олар бiразға дейiн самбырласа сөйлесiп‚ бiрдеңеге келiсе
алмай жатты. Бұл олардың сөздерiне құлақ түрiп отырып‚ жаңағы келген кiсiлердiң тiлi түсiніктi
екенiн байқады. “Қазақтар болды-ау” — деп iштей қуанып кеттi. Бiр сәт өз мұңын соларға барып
шаққысы келдi. Сүйтiп отырғанында‚ бiр түрiкмен жiгiт кеп‚ мұның қолынан ұстап‚ орнынан
зорлағандай ғып тұрғызып:
— Жүр мынаяққа! — дедi.
Ағлес үндемей жүре бердi. Басына түскен халге көнiп алған қалпы бар. Бұл iшке имене кiргенде‚
шатырдың төрiнде отырған алпыстардан асып қалған‚ сақалды кiсiнi көрдi. Қасында он шақты
жолдасы бар екен.
Атанияз бұған қарап‚ тас шам жарығында жүзi қатулы боп көрiнiп тұрып:
— Сен бүгiннен бастап мына кiсiнiң күңiсiң‚ — дедi ол әлгi сақалды кiсiнiң иегiмен нұсқап. — Мен
оған сенi сатып отырмын. Қыңқ десең‚ басыңды алам.
Ағлес не дерiн бiлмедi. Маған бәрi бiр дегендей сыңаймен бүк түсiп отыра бердi.