49
Тұрғали күлдi:
— Тәке‚ ыссы ғой‚ абайласайшы!
Көженi апыл-ғұпыл‚ шаққа дегенде жұтып боп‚ Тиышбек:
— Шынында‚ солай екен. Бiз қасқа ыстық деп қараймыз ба? — деп өзiнiң оғаштығын жуып-шайған
болды.Содан төсек салынғанша әр нәрсенi гәйiтiп‚ небiр күлдiргi әңгiме айтып‚ үй iшiн кеуiлдендiрiп
отырды.
Төсек салынды. Жертөленiң iшiн өлiмсiрей жарық қып тұрған тас шамды өшiрген бойда‚ Тиышбек
бiрден қорылдаған боп ұзақ жатты. Күнi ұзақ қара жұмыс iстеп келген Тұрғали мен қатыны сәлден соң
қор ете түстi.
Со кезде Тиышбек басын төсектен ақырындап көтерiп алды да‚ олар жаққа қорқасоқтай қарады.
Сосын тың тыңдап‚ тағы да бiраз жатты. Ақыры тиышы қашып‚ қорылдап ұйықтап жатқан Күмiсбектi
бүйiрiнен түрттi. Ол шаққа дегенде оянып‚ бұған қарап‚ ұйқылы-ояу дауыспен:
— Не болды? — дедi.
— Үндеме‚ — дедi Тиышбек оның құлағына сыбырлап. Сосын қыз жақты нұсқады: — Қасқа-ау‚
бол қимылда!
— Ұят болмай ма?
— Әй‚ оның несi ұят? Жiгiт кезде қызды кiм оятпаған? Бар да былай‚ мәнтай-шәнтайға қарама...
Өзi де сусап жүрген шығар. Бол тез!
Тиышбек қараңғыда екi қолымен жер тiреп‚ қыз жаққа еңбектеп бара жатқан баласына қулана
қарады. Әне‚ ол қыздың көрпесiн ақырын ашып‚ қойнына кiре бердi. Әр жағы не болар екен деп
Тиышбек тың тыңдап‚ демiн iшiне тартып бiраз жатты. Олардың бiрдеме деп күбiрлескендерi естiлдi.
Сосын ерсi бiр қимылдың болып жатқанын байқады. Сол арада қыздың ауырсынып‚ сәл ышқынып
қалған даусын естiп‚ iшiнен сылқ-сылқ күлдi:
— Жарайсың! Өзiме тартып туған екенсiң! Ендi қыз сенен құтылып көрсiн!
Ертесiне Зәуреш ұялып‚ үйге кiрмей сыртта жүрiп алды. Күмiсбек ыржаң-ыржаң етедi. Азанғы шәй
үстiнде Тиышбек маңызды бiр әңгiме айтатындай боп‚ тамағын бiр-екi рет кенеп ап:
— Тұреке‚ — дедi. — Өзi кәзiр... бала өскесiн қиын ғой. Ата-ана шiркiн ұлын ұяға‚ қызын қияға
қондырсам деп армандайды емес пе? Соның iшiнде қыз баланың жолы ауыр. Кәзiр не деп болмайды.
Жау деген мынау анталап тұрған. Тас қамалы бұзылып‚ тар аңғары қазылып қалғасын‚ бар шаруа бiттi
емес пе?
Тұрғали сүп-сұр боп кеттi. Бәйбiшесi бiр пәленi сезсе керек‚ шалының алдын алып:
— Дұрыс айтып отырсыз‚ — дедi.
— Сол сәбәпты... екi жарты бiр бүтiн болайық деп келiп отырмын...
Тұрғали ештеңе дей алмады. Тиышбек ендi мәнтай-шәнтайға қаратпай‚ тойын жасап‚ Күмiсбектi
аяқтандырды. Бiр жетiден соң баласы мен келiнiн жатақтарға көшiрiп әкелдi. Келе Тұрғалиға:
— Құда‚ бiздiң қатынның аузы әйдiк қой. Келiнiм содан үлгi алар деп қорқып‚ балаңды өз қолыңа
әкеп тұрмын. Мына күйеу балаңды өзiңе сенiп тарсырдым. Айтқаныңды екi етпейдi. Бүгiннен бастап
жеке жертөле қазып алсын. Диханшылығыңды үйрет‚ — дедi. Сосын айдалаға қарап керiлiп тұрып: —
Бiздiң тұқымға ендi жетiспегенi осы диханшылық едi. Ендi соның да дәмiн татып көрелiк! — дедi.
Күмiсбек пен келiнiн Тұрғалиға тапсыра сап‚ Тиышбек тайып тұрды. Шыға бере: “Бiр бинетiн
өзiне аудара сап‚ оңай құтылдым! Болмаса отауын сайламай‚ қ... сайлап жүрген бiздiң балларды
әлiмұрыққа жеткiзу оңай ма?” — деп қуанды. Сол бетiмен емпiлдеп жүрiп отырып келсе‚ бар баласы
тұс-тұсқа тарап кеткен үй оңаша екен. Бұрын бұл қасына жанай берсе: “Ойбай‚ балаларыңның ер
жеткенiн бiлмейсiң бе? Ұятың қайда?” — деп азар да безер болатын Ақрәш ендi екi көзi төрт болып
отыр екен. Бұл оны келе құшақтай алды:
— Өй‚ қатын‚ оңаша қалғанымыз қандай жақсы болды! Ендi бiр армансыз... әйдәй бiр... — Ол
былш еткiзiп бiр сөздi қойып кеп қалды. Ақраш ұялып‚ бетiн басқан болды...
Шәй үстiнде қыздай боп сызылып отырған қатынын көрiп‚ Тиышбек: “Әй‚ осы менi Iбiлiс қой
азғырып жүрген? Тоқалым не? Мына үлбiреп тұрған қатынымды қартайтсам да жарамай ма осы?” —
дей берiп‚ жағасын ұстады. Осы кезде екi көзi атыздай болды. “Әй‚ осы менiкi не‚ а? Мен болсам‚ ат
үстiнде жүрiп‚ ел арқасында күн көрiп жүрген кiсiмiн. Айлап‚ апталап кеткенiмде‚ мына қатын үйде
жаңғыз қала ма? Сосын... машқара боп... Онан да тездетiп мұның гүлiн солдыру керек! Iж еркекке
қарамайтындай ету керек! Сосын... үлбiрегенiн көрiп алайын”. Сол ой қамшы болып Тиышбек
қатынына күле қарады:
— Әй‚ қатын‚ қазанға еттi дұрыстап сал! Кешкiсiн... шаруа бар дегендей...
Ол көзiн қысты...
20
Сауран мен Созақта табан тiреп тұра алмаған хан ауылы Ташкенттi жанай өтiп‚ Ұлы жүз
ауылдарының үстiн баса отырып‚ қырғыздарға келiп ат басын бiр-ақ тiреген-дi. Бұлар жайлаған жердiң
бәрiнде де сыбағасы мен ылауы дайын болғанымен‚ қара халықтың онша iш тарта қоймағаны анық
байқалатын. Әр елдiң бегi мен биi сырттай құрақ ұшып тұрғанымен‚ iшiнен: “Артында келе жатқан ақ
патшадан ығып жүрсiң ғой. Болмаса атаң Абылай хан жайлаған ата қонысыңды тастап‚ қырғыз ауар ма
едiң”‚ — деген бiр әжуаға толы таба жатқаны анық байқалатын. Сондықтан да болар‚ бiр жерде Қайып
хан көп айналмайды. Дүзде жортқан арландай сылқытып тарта бередi. Оның бiр сүйенгенi қырғыз елi
едi. Бiрақ олар да мұны қабыл ала қойған жоқ. Қоқан мен Бұхара хандарының екi ортасында шөре-
шөре болған елдiң әбден ығыры шыққан екен. Арқадан ауып кеп‚ ақ патшаға қарсы қол құрып‚
соғысам деген бұған қырғыздың бай-манаптары үрке қарады. Соған Қайыптың жыны келдi. Мiне‚