Стр. 52 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

51
— Қырғыздар ана ағып жатқан екi өзеннiң ортасы бар ғой. Бiз өтетiн жер. Иә‚ соған тоқсан бесiктi
қаз-қатар тiзiп қойыпты.
— Бесiгi нес? — дедi бұл шошынып.
— Бесiк болғанда‚ кiлең бала! Бәрi барқырап жылағанда‚ төбеқұйқаң шымырлайды. Шамасы‚ олар
бiздi содан аттап өтпес деген шығар?
— Әй‚ қысқарт! — деп хан ақырып қалды. Сүйттi де‚ атын қатты тебiнiп қап‚ iлгерi ұмтылды.
Қасында далақтап ерiп келе жатқан Доғалаққа қарамады.
Бiр арада Доғалақ мұнымен қатарласа берiп:
— Тақсыр‚ бәрi де перiште ғой. Құдайдан қорқыңыз‚ — дедi.
— А-а! — Қайыптың көзi қанталап кеткен екен. Қарашағаның айналасы бiр түрлi боп қызарып сала
берiптi.
Доғалақ шошып‚ атының тiзгiнiн тарта бердi.
Ендi Қайып ешкiмдi тыңдамады. Ағызып келген бойда‚ атынан жерге дүрс етiп түсе қалды да‚
есiрiк бiр халде‚ бөленген сәбилер шырылдап жылап‚ бүткiл аймақты азан-қазан ғып жатқан бесiктерге
қарай ұмтылды. Келе көзi ештеңе көрмей‚ екi бесiктi көтерiп алды да‚ жүгiрiп барып‚ ойда сарылдап
ағып жатқан тау өзенiне лақтырып кеп жiбердi. Әлдененi сезген екi нәресте қатты барқырап жылады.
Әр жағын хан анық бiлмедi. Содан кейiн есiнде қалғаны — тоқсан бесiктi бiрiнен кейiн бiрiн суға
лақтыра бергенi. Көзi тұманданып‚ өзiне бақырая қараған сәбилерге назар да салмады. Бесiктердi
шетiнен бiр-бiрлеп лақтыра бердi‚ лақтыра бердi. Құлағында ызы-қиқы жылау мен бесiктердiң суғы
шолп етiп түсiп жатқаны ғана қалды. Әр жағы бiр есiрiк хал сықылды. Сосын ол жолды осылайша
ашып болғасын‚ жасауылдарына қарай айқайлап‚ әмiр бердi. Талай қанды қырғынды көрген
жасауылдар жалаң қылыштарын жалаңдатып‚ тар шатқалдың төрiнде ұйлығысып отырған қырғыз
ауылына қарай лап қойды.
Жаңағы сойқанды сырттай бақылап‚ бiршетте тұрған Бұхарбайдың иманы ұшып кеттi. Ол дереу
атының басын керi тарта берiп едi‚ қасында тұрған Байқадам:
— Қайт кейiн! Ханнан ұят болады! — дедi сыбырлай сөйлеп.
Бұхарбай амалсыз атын тебiнiп қалды. Найзасын қолына ыңғайлап ұстады. Ағызып келе жатып‚
шеткi бiр үйден қолына бақан ала шыққан бiр қырғыз жiгiтiн оң аяғының сiңiрiнен iлiп кеп тастады.
Жiгiт жалп ете түстi. Оның қолынан бақаны жерге ұшып түстi. Батыр оған қарап жатпастан‚ iлгерi
қарай шаба жөнелдi.
Жасауылдар қырғыз ауылын қоршап ап‚ шын қырғынды бастап кеп жiбердi. Қатын демей‚ қалаш
демей‚ қолына iлiккендерiн қанқұмар жасауылдар оңтайларына алып‚ қылышпен туралап жатыр.
Бәрiнiң де көздерi дым көрмей кеткен. Апайтөс қырғыз жiгiттерi қанша қайрат қылғанымен‚ жасанған
қолға ештеңе iстей алмады. Көбi қан-қан боп‚ сұлап жатыр. Өмiрi мұндай қырғынды көрмеген
Бұхарбай шошып‚ шеттеп шыға берiп едi‚ сол арада ортадағы ақ үзiктi үйден етекке қарай шығынып
қаша жөнелген бiр қызды көрiп қалды. Екi жасауыл оған қарай тап бердi. “Қасқаны өлтiретiн болды-
ау!” — деп ойлап‚ Бұхарбай жән-дәрмен деп iлгерi қарай шапты. Ол:
— Қайт! Қайт! — деп жасауылдарға қарай айқайлап келедi. Бiрақ бұған қарайтын олар жоқ. Ендi
кешiксе‚ ана қыздың мерт болатынын бiлген Бұхарбай атын қылышының жалпақ жағымен бiр тартып
өттi. Жануар мұны түсiнгендей‚ ытырынып кеттi де‚ алға қарай пырылдай жөнелдi. Сол екен‚
Бұхарбайдың алдынан заулап жел сол екен‚ құлағының түбi ызыңдап сала бердi. Бiрақ та ол алас-
қапаста ештеңе ойлап та үлгермедi. Әп-сәтте тауға ылайқат деп тоқпақ жалды берiк мiнген
жасауылдардың жанынан зулап өте шықты. Дәл осы кезде қыз да жан ұшырып‚ етекте сарылдап ағып
жатқан өзенге төнiп тұрған биiк жарқабаққа жақындап қалған да едi. Бұқарбайдың жаны хышқынып
кеттi. “Өледi-ау қасқа!” — деп ойлап‚ атына тақымын қыса түстi. Бiр сәтте жануар жұлындай боп
түйiлiп‚ асып-сасқан қыздың жанына жетiп те келдi. Бұхарбай қашанғы шабандоздық дағдысына
басып‚ ат үстiнен еңкейе берiп‚ бiрдеңе деп бақырып жiберiп‚ өзiне жалт қараған қыздың ажарына
таңғалды. Аршыған жауқазындай әппақ қыздың көзi қап-қара екен. Қиылған қара қасы‚ тiктеу түскен
мұрыны‚ қобырап кеткен шашы ғана есiнде қалды. Ұзын қызыл көйлегiне келте кеудешесi жарасып-ақ
тұр. Бұхарбай бiр сәтте шалт қимылдап‚ қызды қыпша белiнен орай құшақтай көтерiп алды да‚ оны
ердiң алдына сұлата салды. Сосын атының басын шаққа дегенде қайтарып‚ ойға қарай дүрсiлете кеп
шапты. Сол арада есiне бiрдеме сарт етiп түсе қап‚ тез ақылға кеп‚ мына қанды қырғынға араласып
кеткен Табын жiгiттерi естiсiн деп:
— Тостаған! Тостаған! Берi тарт! — деп қатты даусымен айқай салды. Оны көрген екiншi‚
үшiншi... кенет бүткiл Табын жiгiттерi аттарының бастарын бұрып ап‚ батырдың iзiнен керi қарай
шапты. Сасып қалған Байқадам не iстерiн бiлмегендей алақтап аз тұрды да‚ iшiнен iнiсi Бұхарбайды
бiр боқтап‚ лажсыз керi салды. Табын қолының сыпырылып кетiп бара жатқанын байқаған Нақып
ағасына кеп бiрдеме деп айқайлай сөйлеп‚ олар жақты нұсқап едi‚ Қайып қолын бiр сiлтедi.
Бұхарбай етекке түскесiн де тоқтамады. Табын жiгiттерi батырдың соңынан ере бердi. Бiр араға
келгенде Бұхарбай қызды көтерiп алды да‚ артына мiнгестiрдi. Қорыққан қыз әуелгiде мұның қолын
тiстелеп‚ жуан жүн-жүн бiлегiн тырналап болып едi. Ендi ылажы қалмағанын бiлгендей тырналауын
қойды. Бұхарбай тау арасынан шыққан соң атын бiр адаммен текiректеттi де отырды. Осы кезде
жанына жетiп-жетiп келген сарбаздары батырға қарап:
— Бәке‚ не болды? Неге кейiн қайттық? — дестi.
Бұхарбай кептен берi басына келiп жүрген ойын осы кезде бiр-ақ айтты:
— Ендi бүйерде қалудың жөнi жоқ. Бағанағы перiштелердiң көз жасы мен қаны iжкiмдi де аман
жiбермейдi. Құдай өзi кешiрсiн! Ендi ханнан қол үздiм! Қайттық елге!
Сол арада Байқадам тақап кеп:
— Әй‚ сенiң бұның не? Ертең хан өкпелеп жүрмей ме? — деп қалды.