Стр. 65 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

64
йәһудидың оң қабағын өзiне қаратып та үлгердi. Сосын әңгiменi сабақтай отырып‚ Бұхараның мән-
жайына қанды. Шамасы‚ бұлар да әмiрдiң билiгiне онша ырза емес. Жалпы осы йәһудилар атам
заманғы пайғамбарларының аңыз-әпсаналарын жыр қыла отырып‚ iштерiнен мұсылмандарды өлердей
жек көредi екен. Ондайлардың қолына билiк тисе‚ не iстейтiндерi белгiлi. Бұл оған алғашқыда iшiн
сездiрмесе де, келе-келе қаны қызып‚ бiр рет әлгi шалға сыр берiп қала жаздады. Сол сәт есiне
Орынбор генерал-губернаторының ескерткенi түсiп‚ сәл жерден күдiк алдырса‚ өз басына қауiп
төнетiнiн аңғарды. Сол екен‚ тiлiн тiстей қойды. Оңашасында Бұхара шәрiнiң қалай орналасқанын‚
қақпаларының тұстарын сызып алды да‚ бiр замат шәһарды аралап кетiп‚ халықтың кеуiл-күйiн
сыпаттап жазып бердi. Әр түрлi халық араласқан жерде онша береке болмайтынын бiлетiн ол бұл
жерде ауыз бiрлiктiң аз екенiн байқады. Ол iшiнен: “Түптерiңе осы жетедi”‚ — деп сықақтай күлiп‚ әр
халықтың ерекшелiгiн‚ тiлiн‚ дiнiн‚ әдет-ғұрпын сыпаттап жазып қойды. Мұның бәрi ертең Бұхараға
орыс әскерi жорыққа шығарда өте қажет.
Бүгiн де ол ертемен базар аралаған боп, одан әрмен ешкiмге сезiк алдырмай сарай төңiрегiн көрiп
қалайын деп ойлады. Сол қимаш боп, ол орнынан тез тұрып‚ жайнамазын жинай сап‚ сыртқа шықты.
Йәһуди шал да бұған ере шықты. Екеуi терезесi iшке қараған‚ соқтан соғылған диуалдарының арасы
тар бұралаңдаған көшелермен жүрiп отырып‚ орталық базарға шықты. Онан әрман қарай қалың көпке
iлесiп‚ әмiр тұратын сән-салтанаты келiскен сарайға қарай беттедi.
Күн арқан бойы көтерiлмей-ақ жанып барады. Бұл жақтың ыстығы адам етiн бiрден қарып алады
екен. Жайық бойында туылып-өскен бұған алғашқыда мына түскейдiң ыстығы жайсыз тидi. Сәл
жүрсе-ақ болды‚ аңқасы кеуiп‚ шөлдей бередi. Су iшсе‚ заматында қара терi шығады. Мiне‚ ендi тағы
да бұл терлеп келедi. Иәһуди шал бұған қарап, қулана күлiп:
— Мырза‚ қалай күн жақпай келе жатыр ма? — дедi өзбекшелеп. Бұхараның йәһудилары
шеттерiнен өзбекше жақсы бiледi. Мына шал да сайрап тұр.
— Айтары жоқ‚ — дедi Тортай орысша бiр сөздi қосып жiбере жаздап. Кейiгенiнде ол үнемi
орысшалап сыбап салатын. Бұ жолы да өзiн-өзi шаққа тоқтатып‚ ол тiлiн тiстей қойды.
Шал күлiмсiреп‚ бұған өткiр қара көзi бiр түрлi тесiрейе қарап:
— Көмейiңiзде бiр сөз тұрып қалды ғой‚ — дедi.
— Жәй‚ әшейiн. — Тортай сезiктене қалды. “Мына қу бiр пәленi бiлiп келе жатқан жоқ па?”
Шал ықы-қылап күлдi де‚ артық ештеңе демедi. Содан жүрiп отырып, олар орталық сарайдың кiре
берiсiне келдi. Бұл жерде кiлең жылтыр шақпақ тастар төселiнiп тасталған үлкен алаң бар екен. Сол
алаңның екi жағында сәлделерi қауғадай боп шалдар‚ орта жастағы кiсiлер қаз-қатар отыр. Гу-гу
әңгiмеден құлақ тұнады. Өзбекше‚ тәжiкше сөйлескен кiсiлердiң дауыстары араласып‚ ың-жың боп
кеткенде‚ кiсi дәнеме де түсiнiп болмайды.
Тортай тәжiк тiлiн бiлмейтiн. Орынборда Шығыс жұрттары тiлдерiнен арнайы дайындықтан
өткенде‚ тек қана түркi тiлдерiн оқыған да қойған. Мұнда болған бiр жарым ай iшiнде ол тәжiк тiлi мен
қазақ тiлiнiң арасында ұқсастық барын‚ әсiресе‚ көп сөзi бiрдей екенiн аңғарды. Тәжiктердiң сөйлеу
мәнерi‚ әсiресе‚ қирағаты қазақтарға қатты ұқсас. Соны мына ата-бабасының тiлi мүлдем басқа
йәһудилардың қалай үйренiп алғанына бұл аң-таң. Пәленбай ғасыр бойы осы тiлдi тұтынып келе
жатқандықтан бұлар кәзiр ана тiлiн мүлдем ұмытқан. Одан тыс, бұған Орынбордағы арнайы дайындық
үстiнде жансызға осындай қаны аралас‚ ұлты белгiсiз‚ дүбара елдердi өз жағына тартудың оңай екенiн‚
оларды жергiлiктi ұлыстарға қарсы айдап сап‚ қай халықты да аздыратын алауыздық ұрығын себу
қажеттiгiн баса айтқан-ды. Сол сөз шындық екен. Мыналарға салсаң‚ ертең ақ патша әскерi жеткен
бойда‚ соның жағына сыпырылып шығып кетедi. Ата-бабасының отаны осы жер болмағандықтан‚
оларға бәрi бiр. Оларға кiм билесе де‚ өз жағдайы жақсы болса‚ сол жетiп жатыр. Қалған дүния өртенiп
кетсе де‚ бұлардың басы ауырмайды. Ауырмайды‚ демекшi‚ соңғы жылдары осындай дүбаралар
Ресейдiң өзiнде де бой көтере бастаған сықылды. Графтың айтуынша, әр түрлi топтан шыққан шала
оқымыштар Петербургта көбейiп кеткен көрiнедi. Ондайлар орыс мұжықтарын басыбайлы қылатын
тәртiптi жою керек‚ жеке патшаның билiгiнен гөрi республика жасаймыз‚ халық боп билеуге көшемiз
деп күпiлдеп жүрген тәрiздi. Сөйтiп, олар француздардың оқымыстылары айтқан пiкiрдi Ресейде
қолданып көрмекшi. Ол сөздiң бұл жаққа сiңiмдi‚ сiңiмсiз екенiмен ешқайсысының да шаруасы жоқ.
Көбi шетелдегi бiр йәһуди оқымыстысының iлiмiн оқып‚ адам баласы бiрдей тең болатын қоғам
құрамыз‚ мал да‚ дүния да ортақ болады деп‚ жер-жерде елдi үгiттеп жүр дейдi. Олардың араларында
да осы йәһудилар көп екен. Әсiресе‚ Қырым жағалауында орналасқан Европаның йәһудилары патша
ағзам йәһуди дiнiндегiлердi Ресейдiң бас шәһарларына жолатпайтын заң шығарғаннан кейiн‚ тездетiп
шiркеуге барып‚ шоқынып‚ лютеран болып‚ iрi-iрi қалаларға орналасып та алыпты. Ақ патша сүйтiп
өзiне астынан қазылып жатқан ақымның барлығын да бiлмейдi. Олар әлгi орды үңги-үңги келе‚ бiр
күнi ақсүйек тұқымды көрге тықпаса не етсiн?
Тортай тосын шыққан дауыстан селт ете қалды. Өз ойына берiлiп‚ жерге қарап қалған екен. Басын
көтерiп алса‚ жоғары жағы доғаша иiлiп барып бiткен қақпадан бiр түйелi кiсiнi жетелеп келе жатыр!
Әлгi бишараны түйе үстiне шандып тастапты. Жұрт жан-жақтан боқтап‚ лағнат айтып‚ жерден шақпақ
тас алып‚ әлгiге қарай лақтырып жатыр. Ол болса‚ тас лақтырған кiсiлердi сыбап келедi. Тортай түйе
өздерiне қарай жақындағанда барып әлгi адамның бетi қызыл-ала қан болғанын көрдi. Оның тас...
тиген көзi жұмылып‚ iсiп кетiптi. Сол арада бiр адамның лақтырған әйдiк тасы тиiп‚ басы жарылды.
Iлезде қан саулап қоя бердi. Қасында тұрған йәһуди шал жерден бiр үлкен тасты ала сап:
— Ә‚ кәззап! Құдайдан безген! Иә‚ жаның жаһаннамда өртенсiн! — деп перiп кеп қалды. Тас әлгi
сорлының бетiне барып тидi.
Тортай шыдамай‚ шалды қолынан ұстай алып:
— Сiздiң мұныңыз не? — дедi алқына сөйлеп.
Жаңа ғана өзiмен мүләйiмсiп сөйлесiп отырған йәһуди шал көзi шатынап‚ бұған жеп жiберердей
боп қарап: