68
берер деп қатты қорыққан-ды. Ендi Қазалыға дейiн онша қашық емес екенiн бiлiп, бұл саспады. Ақ
патшаның темiр шеңгелi жақындап қалғанынан хабардар Жәнiбектiң өзiн өмiрi ұстап бермесiн, қайта
мұнымен жүзтаныс боп, қарым-қатынас жасауға тырысатынын сезiп, ендi ат басын оның аулына қарай
бұрып алды.
25
Қызылдың қысы, әдетте, жұмсақ болатын. Сыр қазақтары сол себептi жазда Қырды жайлап, күз
түсiсiмен, қыркүйек айында күземiн алып болғасын, ши қоршап, Арқа жақта ықтырмалап отыратын.
Қараша, қазан айларында ызғырық соғып, қыс нышаны бiлiне бастағаннан-ақ олар Сырға қарай ауа
көшетiн. Дайрадан өтiсiмен көлiгi мықтылары Қызыл құмның iшiне тереңдеп енiп, сексеуiлi қалың
төбелердiң ығына үйлерiн тiгiп, сыртын екi қабат киiзбен орап, терiскей жағын қалың етiп сексе-
уiлмен бiтеп, қыстап отыра беретiн. Қызылдың ауа райы жұмсақ болғандықтан, бала-шаға қараүйде
онша тоңа қоймайтын.
Сол үрдiстi Жәнiбек бiраздан берi бұзып, соқтан там салып алған-ды. Сонымен бiрге қыстауының
жанына алты қанат қараүйiн де тiктiрiп қойдырған. Әлi де желтоқсан туа қоймағандықтан, бұл бала-
шағасымен қараүйде отырған едi. Сол үстiне Тортай кiрiп келгенде, оң жақта шынтақтап жатып,
”Қиссас-ул әнбияны“ оқып отырған Жәнiбек таңғалғаннан не дерiн бiлмей қалды. Тортай әбден
тоңыпты. Жұқа жүзi сары аязда қалған шыны сықылды көгерiп кетiптi.
— Ә, кел, кел, — деп Жәнiбек апалақтап, басын көтерiп алды. Сосын бойын тiктеп, оның сәлемiн
ап, малдасын құрды. — Кәне, төрлет! Ау, бұ не жүрiс қыстың көзi қырауда?
— Жәй, бiр шаруа қуып, — дедi Тортай немқұрайлы үнмен. Сосын етiгiн шешсем бе, шешпесем бе
дегендей босаға жақта сәл кiдiрiп қалды. Соны байқаған Жәнiбек күлiп:
— Төрлете бер. Мына жақ салқындау шығар, — дедi.
Тортай етiгiмен төрге шығуға ыңғайсызданып, есiк жақта тұрып шешiндi. Сосын барып төрге озды.
Жәнiбек онымен қысқаша амандық-саулық сұраса отырып, өткен жолы мына Тортайды Хиуаның
базарында көргенiн есiне алды. Одан бұрын Қоқанда да көрген едi. Өз ойынша, мына орыс офицерi
арнайы бiр тапсырмамен жүр. Болмаса iшкi жақта туған-туысқаны жоқ, онда баратындай не себебi
бар? Ол оның мына жүрiсiнен де iштей күдiк алып, кеуiлi ауырлап, бiразға дейiн үнсiз қалды. Сол
тиыштықты қолайсыз көрiп, Жәнiбек бiрде басын көтерiп:
— Iнiм, мына Қазалыға күбiрнәтiрдiң өзi келiп кеткен дей ме? — дедi.
— Иә, келiп кетiптi.
— Жәй жүрген шығар?
— Жәй ғой. Мына Қазалыдағы атты қазақтардың жағдайын өз көзiммен көрейiн дептi.
— Е, жөн екен. — Жәнiбек жымиды. — Осы елдiң әтеберлi азаматтарын шақырып, жүздесiптi
дейдi...
Тортай не дерiн бiлмей қалды. Бетiне лып етiп қан жүгiрдi. Жәнiбек соны байқап, сыртта абыр-
сабыр боп жүрген малай қатындарға қарай дауыстап:
— Ау, шәйларыңды әкелсеңдершi! Төре тоңып келдi! — дедi.
Аздан кейiн төрге дастархан жайылды. Шекер, алуа, мейiз, құрма, бауырсақ қойылды. Қатындар
түннен қалған, шетi бұтарланбаған қойдың бiр сан етiн жеке табаққа салып әкелдi. Жәнiбек табақты
мұның алдына қарай ысырып:
— Кәне, мынадан ала тұр! Сыбағалы малың сойылып жатыр, — дедi.
— Алдыраз болсын, — дедi Тортай суға шайған пышағымен санның бiр жерiнен кесiп алып жатып.
Шәй үстiнде бұлар онан-мұнан сөз қашырды. Жәнiбек мына төренiң iшiн ашпай отырғанын
байқап, бiр мезет оған бiлдiрмей көз тастады. Қатқан теректей арық жiгiттiң бетi жұқалтаң екен.
Шамасы, ашуы тез келетiн, күйiп-пiскiш болса керек. Мұрты бiраздан берi қағылмай, екi шалғысы
салбырап кетiптi. Тықырлап ырғызып тастаған басына киген төбетейi бiр түрлi жараспайтын сықылды.
Жәнiбек оның арық, жүдеу жүзiне қарап отырып, iшiнен: ”Мына байғұс дұрыстап тамақ та iшпейтiн
болды ғой“ — деп қойды. Содан кейiн бiр нәстеге ойы кетiп, сәл ыңыранып алып:
— Ал, iнiм, жөнiңдi айтпай-ақ қой. Ақ патшаның кiсiсiне бiздiң үйдеуге әлтiмiз де жоқ. Бiрақ сен
осы шыныңды айтшы. Мына заман не болып бара жатыр? Әлде бiз ескiлiгiмiзге басып, түсiне алмай
жүрмiз бе? Болмаса басқа бiрдемесi бар ма? — дедi. Жәнiбек қолына алған кесесiндегi шәйдi сәл
шайқап қойып, оның бетiне тура қарады.
Тортайдың жүзi тағы да қызарып кеттi. Бұған тiктеп қарай алмай:
— Оны өзiңiз де бiлмейсiз бе, — дедi өзiне салмақ сап.
— Менiң не бiлетiнiм бар? Маған салсаң, ақ патша Сыр бойын жаулап алмақшы. Бұдан басқа ойы
да жоқ сықылды.
— Оныңыз рас. — Тортай сол арада байсалды тартты. — Ендi... күштi мемлекеттер әлсiздердi
басып ала бередi ғой.
— Күштiнiң әлсiздiң малын тартып алғаны сықылды болды ғой?
— Дәп солай. Кәзiр Ресей мемлекетi күшейiп тұр. Ол қазақтың мына Сарыарқасы мен
Шығысындағы жерлерiн баяғыда-ақ қарамағына қаратып алды. Ендi iшке қарай iлгерiлеп келедi.
— Соған бiр тосқау болмай ма? — дедi Жәнiбек жiгiттiң жүзiне барлай қарап.
— Ояғы қиын ғой. — Тортай аздап күлгендей болды. — Бес қаруы сай ақ патшаның әскерiне қарсы
тұру мүмкiн бе өзi?
— Жарайды, ақ патшаның абызына қарадық делiк. Содан соң күнiмiз не болады? Олар бiздi зорлап
шоқындырмай ма?
— Неге? Қайта патша ағзам қазақтарға жақсылық...