Стр. 78 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

77
Ендiгi оның ойы — мына сахраны ен жайлап жатқан қазақтардың бастарын бiрiктiрiп, қол құрау.
Соның аңысын аңдайын деп Жәнiбектi арнайы шақыртыпты. Бұл Шөмекейдiң Аспан аталығынан мың
шақты сарбаз шығара алса, Бозғұл жағынан атқа қонар жiгiттер жетерлiк. Тоқым тыққан Қыстаубай
бастаған жiгiттердiң өздерi-ақ бiр төбе. Бiрақ кезiнде тiзесiн қаттырақ батырып жiберген
қоқандықтардың Бозғұл ағайынға кәзiр барып жүз салып, өтiнiш айтуы қиындау. Сол себептi екi араға
делдал бол деп, мұсылманшылық жағын бетке тұтып, Жәнiбектi шақыртыпты. Бұл осы талабының
онша iске аса қоймайтынын бiрден-ақ аңғарды. Қалай десең де кеуiлi қалған елдiң мынадай
қиыншылық тұста райдан қайтып, бұрынғы қалпына қайырылып келе қоюы қиын. Қатқан кеуiлдi
жiбiтем дегенше бiраз уақыт керек. Оған қоса Жәнiбек Якуббектiң жаны қысылғанда ғана қазақтарды
бауырына амалсыздан тартып жатқанын байқады. Бұрын Қоқан ханына афтабашы болып жүрген оның
Ақмешiтке басшы боп келгелi көзiнiң етi өсiп кеткен. Соны ойлап, Жәнiбек оған онша iшiн аша
қоймады. “Кезiнде көрермiз”, — дегеннен басқа жарытып дәнеме де демедi. Қайтар жолда Табындар
мен Тама, Алтындардың ауылдарына бiр түстенiп, бiр қона отырып, олардың ау-жайын байқады.
Бұқара жұрттың Ақмешiтке ақ патшаның ауыз салар әрекетiнен онша хабары жоқ екен. Отырықшы ел
биыл қай жерге қарық қазып, қандай дақыл салатынын ойластырып әуре. Олар үшiн мына алда
болғалы тұрған зор шайқастың келiп-кетерi шамалы сықылды. “Е, деген-ау”‚ — деп Жәнiбек ойы
ауырлап, момын елдiң ертеңгi сынға түскелi тұрған бақ-талайын ойлап, үнсiз отыра берген. Кiм қожа
болса да, осы жұрттың бағы бiр ашылмай-ақ қойды. Бауырмыз деген Қоқан мен Хиуаның көрсеткенi
белгiлi. Көне кiтаптарда мұсылман қауымын алалауға болмайды, тiлiне, үрдiсiне қарамастан бәрiмiз
бiр үмбетпiз дейтiндi жұдырығы жуандардың ұмытып кете беретiнi қызық. Асылы билiк дегеннiң адам
көзiн ақитып жiберетiн бiр пәлесi бар. Аузыңнан шыққан әр сөзiң алтындай ардақты болып тұрғанда,
көкiрегiң iсiп, көзiңдi ақ шел қаптап кетедi. Бұрысың да‚ дұрысың да дұрыс боп тұрғанда, алды-
артыңды ойластырып, бұным қалай деп жатпайсың. Тек кейiннен барып саныңды бiр-ақ соғасың.
Сонда бұ не? Адам баласының мәңгi-бақи арыла алмас қасиетi ме? Әлде, әлде...
Осы кезде ассалаумағаләйкүмiн әндете созып iшке Тиышбек кiре бердi. Қуаңның бiр боз төбесiнiң
ығына тiккен қараүйдiң ортасында сексеуiлдiң шоғы жайнап жатқан. Жәнiбек арқасына iшiгiн
жамылып, шәй iшiп отырған. Мынаның тегiн жүрмегенiн бiлiп, қозғалақтап қап:
— Уа‚ әләйкүм әссалам, — дедi. — Төке, кәне, төрлет!
— Е, өз ағамның үйiнде төрлетпегенде қайда төрлетем? Өзiм де төрге шығайын деп келе атырмын,
— деп Тиышбек қонышы ақжем болған етiк киген аяғын ордаңдай басып, әй-шәйға қарап жатпастан,
бiрден төрге озды. Сосын қолына екi бүктеп ұстап тұрған төрт өрме қамшысын керегенiң басына iле
салды да, буындары күтiрлеп, екi қабат етiп салынған көрпеге отыра бердi. Лезде оның үстiнен ащы
тер иiсi бұрқ ете түстi.
— Иә, жол болсын, Төке? — дедi Жәнiбек Айжамалдың жақтырмай қалғанын бiлдiргiсi келмей.
— Ойбай, айтары жоқ. — Тиышбек сырттағы суықтан тоңып, көгерiп кеткен күректей екi алақанын
бiр-бiрiне уқалай түсiп, қара сұр бетiне әлдеқандай бөлек бiр күлкi шауып, жырқ ете қалды.
— Е, соншама не боп қалды?
— Өй, қой оны! — Тиышбек қолын уқалағанды қойып, оң қолын бар дүниядан түңiле бiр сiлтедi.
Сосын қара сұр бетi лезде жайыла түсiп, жылтыңдаған екi көзiне бiр мысқыл шауып, аты-жөнi жоқ, бiр
жырқ ете қап: — Кәне, келiнжан, он екi дарбазалы Бұхардың ақ құйрық шәйiнен бiр баптап құйшы! —
деп құйрығымен берi қарай жорғалап бiр ысырылып отырды.
— Сонда... о немене? — Жәнiбек қабағын шытты.
— Ойбай, Жәнiбекжан, айтатын дәнемесi жоқ. Ана Елмырза төре көптен берi орыс жағына шығып
жүр ғой. Сол анада мына Бозғұл жақты аралап, күбiрнәтiр әскер жина деп айтты деп ел iшiне үкiт
таратыпты. Өзi соған қолбасы болмақшы екен. Сол шаруаның аяғы ұзап кеткесiн‚ оны жай әшейiн,
айтыла салған сөз шығар деп ем. Ендi тағы да сол сөз қайтадан тiрiлдi. Соны саған айта кетейiн, әрi
кеңес алайын деп келе атқаным.
— Е, солай де. — Жәнiбек те анада осы жайында естiген. Бұл да алғашқы кезде елдiң қаңқу
әңгiмесiне онша сене қоймай, мұны алды-артын алыстан болжап, жан-жағына қарауыл қойып
отыратын әккi төренiң кәркесте болған түлкiдей елдiң ау-жайын байқайын деген бiр шаруасы шығар
деген де қойған. Ендi мына сөздiң растығына күмән келтiрмедi.
— Кеңесейiн деген нәстем сол, Жәнiбекжан, мына жаман ағаңның қай бiр асып-тасып бара жатқан
дәулетi бар. Сол әскерге кiрсең, аздап мал бередi екен. Сосын... ақ патшаның көзiне түсесiң дегендей.
Мен де бiр жасым қырықтан асқанда сондай бiр... талап қылайын деп... — Ол iрi тiстерiн көрсетiп,
ыржаң ете қалды.
— Ояғын қайдан бiлейiн. Өз қабырғаңмен кеңесесiң де. — Жәнiбек одан әрiге баспады.
Осы кезде уақ жандықтың алды төлдей бастаған да болатын. Малай қатындар таң азаңнан тұрып,
сауып алған уыздарын пiсiрiп жатқан. Ендi соны әйдiк ағаш табаққа құйып, бұлардың алдына әкелдi.
Тиышбек кеуiлденiп:
— Паһ, паһ! Бұ жарықтыққа жеткен де бар, жетпеген де бар, — деп танауын шүйiрiп, iлгерi қарай
тағы бiр жылжып отырды. Бiрден алдына келген табақтың iшiне түсiп кетердей боп, әйел-пәйлеге
қарамай, ағаш қасыққа жармасты.
Қойдың қойыртпақтай сүтiнен шыққан уыз тәттi екен. Қазақтардың мал төлдей бастағаннан-ақ
ағарғанға шығатын бұрынғы әдетi.Ол кездерi ел ет жеудi азайтып, жұрттың бәрi жеңiл ағарған iшiп,
бiр жасап қалады.
Наурыз айында қаптың түбiн қағып, наурызкөже пiсiргеннен кейiн қозының алды пiскенше тiсi
қызылға тие қоятын кiсi кем де кем. Нағыз шаруа кiсiлер әр қойдың басын санап, қарамын көбейтудi
көздеп, көлденең келген қонаққа мал соя бермейдi. Жәнiбек те осы дағдыны қатты ұстайтын.
Уызға тойып алған Тиышбек бiр кекiрiп алып, ендi берi қарай еңсерiлiп түсiп: