Стр. 91 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

90
кейiнде келе жатқан Перонскийге тездетiп жiбердi. Штабқа асығып-аптығып жеткен адъютанттың
айтуына қарағанда, ол ауыл бай ауылға ұқсайды. Сол екен, Перонский тез бұйрық бердi. Бұйрықты
естiген адъютант етi қызып келген атына қарғып мiнiп, оны бүйiрiнен шпорымен тебiнiп қап, оның
терден жылтырап тұрған жалпақ сауырына қамшы басып, қолдың алдына қарай құйындатып шаба
жөнелдi. Ол келгенде, мұны батальон командирi асыға, дызақтап күтiп тұр екен. Ол Перонскийдiң
бұйрығын естiгеннен кейiн, есаулды шақырып ап, екi жүздей атты казакты әлгi ауылды қоршаңдар деп
әмiр еттi. Сол арада екi жүздей атты казак қалың қолдан жырылып шығып, тез екi топқа бөлiнiп,
көлдiң екi жағынан әлгi ауылды орай шауып, жетiп-жетiп барысты да, дем арасында аңсыз-қамсыз
отырған ауылды қоршап алды. Тосыннан шауып шыға келген жауды көрiп, балалар жылап, көпек
иттер әупiлдей үрiп, жаңа ғана тиыш отырған қазақ аулының дем арасында ұйқы-тұйқысы шықты да
қалды. Өңмеңдеп келген ожар казактар үйдi-үйге кiрiп, дүние-мүлiктiң iске жарарларын алып,
қанжығаларына бөктерiп жатыр. Олардың әпербақандаулары мына зорлыққа шыдамай, қарсыласқан
бiр-екi жiгiттi найзамен түйреп тастады. Сол екен, дем арасында сыртқа шығып, жиналып қалған
қазақтар үрпиiсiп, мыналарға қолдарынан келер қайраны жоқтықтарын сезiп, iштерiнен атарға оғы жоқ
боп, тынып тұр. Соны көрген атты казактар ендi мүлдем еркiнсiп кеттi. Олардың бiр тобы найзаларын
қатарынан тiреп, бiр қарүйдiң шаңырағын көтерiп, әрi қарай құлатып түсiрдi. Қара шаңырақ шайқалып
кетiп, оны көтерiп тұрған уықтар пырт-пырт сынып, қараүйi әрi қарай бiр жамбасына шайқалғанда
iште тұтылған масақана көрiндi. Оның iшiнде жатқан бiр жас жiгiт пен ақ құбаша келiншек
орындарынан апыл-ғұпыл түрегеле бастап едi, бiр жирен мұртты, сақалы өсiп кеткен казак әлгi жас
жiгiтке атын бiр қырындата отырып тақап барды да, қынабынан суырып алған қылышын бiр қиялай
сермеп кеп қалды. Сасып қалған жiгiт екi көзi бақырая, түсi құп-қу боп, басын бүгiп, екi қолын жоғары
көтере бердi. Өткiр жүзi жылтырап, жалаңдаған қылыш оның оң қолын шынтағына таман жерден сыр
еткiзiп кесiп түстi. Кесiлген жерден қызыл қан шаптырып қоя бердi. Соны көрiп түсi құп-қу боп кеткен
жас жiгiт не iстерiн бiлмей, бiр орнында қалшиды да қалды. Соны көре сап, иегiн бiр жағына қарай
қисайта, жынданған кiсiше бiр түрлi боп қарқылдай күлген әлгi ожар казак оған тақай бере қылышын
қайтадан сермеп кеп қалды. Бұ жолы жас жiгiт қорғанып та үлгермедi, қылыш оның оң иығына тая
тиiп, оң қолын кесiп түстi. Дем арасында көзi шарасынан шығып кеткен келiншек оған тұра ұмтылды.
Соған қарай бiр рет жалт қараған жас жiгiт шапшыған қан жуып кеткен екi көзi әлем-тапырық боп аз
тұрды да, кенеттен бойын тiктеп тұра алмай, дiр-дiр етiп, кенеттен бiр жағына қарай салмағы ауып
кетiп, қан жуған қара жерге гүрс етiп құлап түстi. Соны көрген келiншек ойбайын салып кеп, оның
үстiне құлады. Сол арада келесi бiр жастау казак атынан қарғып түсе сап, атының шылбырын босатып
жiберiп, одыраңдап кеп келiншекке тарпа бас салды. Оны қыжым камзолының сыртынан құшақтай ап,
оның талдырмаш денесiн тiк көтерiп, құлаған қараүйдiң тасасына қарай ала жөнелдi. Оған жете сала
арам шаруасына кiрiстi. Қасындағы казактардың бiрi келiншектi екi қолын жоғары, басынан асыра
ұстап тұрды, ал екiншi бiреуi келiншектiң үстiндегi қос етек жiбек көйлегiнiң етегiн түрiп жiберiп, бөз
дамбалды жалаңдаған қылышымен ортасынан сыр еткiзiп тiлiп кеп жiбердi. Сосын өзi асығыс-үсiгiс
шалбарын шеше сап, көптен берi күн тимеген бөксесi ағараңдап, келiншектiң үстiне қона түстi. Соны
көрген атты казактар ақбөкендi жәукемдеп жатқан тағы қасқырларша ыржалақтап, өзара мәз болып
күлiстi:
— Ну, ты, Серега, даешь!!
— Өзiнiң аузының салуы бар, ә?
— Кәнеки, кезекке тұрыңдар! Пәленбай ай бойы қатын көрмеп едiк, құмарымыздан бiр шығайық?
Сол арада кейiнгi жақтан иiн тiресiп келiп қалған казактар аттарынан түсе-түсе қап, ыржалақтап,
арсыз күлкiге басып, бiр-бiрiн итермелеп, кезекке тұра бастады. Соны көрiп бөксесi ағараңдап жатқан
әлгi казак ышқырын көтерiп, орнынан тұра бердi. Ендi оның орнын екiншi бiреуi басты. Ол осы кезде
жан ұшырып бақыра бастаған келiншектiң аузын алақанымен жауып едi, әбден абыройы төгiлген жас
келiншек оның кiр-кiр алақанын кiрш еткiзiп, өткiр тiстерiмен қырқып ала қойды. Тез арада оның
алақанынан қан саулап қоя бердi. Әлгi казак:
— Ух, ты сучка, — деп жас келiншектi жағынан тартып-тартып жiбердi де, бөксесi ағараңдап,
тоңқаңдай бастады.
Қазақ жiгiттерi осы кезде естерiн жинап ала қойған едi. Олар ендi үрпиiскендерiн қойып,
қолдарына түскен қадағаш, таяқ, айыр-пайырды ала сап, зорлық жасап жатқан казактарға қарай тұра-
тұра ұмтылысты. Қазақтарды қорқыттық деп еркiнсiп кеткен атты казактар бұлай болады деп еш
ойламаған да едi, олар дем арасында састы да қалды. Сол кезде бiр ашаңдау келген, сыптағай денелi
қара жiгiт кекiрейiп тұрған бiр аттылы казактың артына қарғып мiндi де, дем арасында оны ер үстiнен
аударып түсiрiп, тiзгiндi ұстай сап, жиылған топтан жырақтап шыға бердi. Оны көрген казактар тұра-
тұра ұмтылысты. Сол кезде қалған жiгiттер тұра ұмтылған казактардың алдарынан шығып,
қадағаштарымен олардың аттарын үркiтiп, маңдарына жолатпай, кес-кестей бердi. Сол арада ерге
қонып үлгерген әлгi сыптағай денелi қара жiгiт етi қызып келген атты қатты-қатты тебiнiп қап, Сыр
жақтағы қоңыр төбенi бетке алып, сатырлатып шаба жөнелдi. Оны iзiнен қууға алдарын қазақтар кес-
кестеген атты казактар үлгере де алмай қалды. Әлгi жiгiт дем арасында қоңыр төбенiң бауырына жетiп
те үлгердi. Ол шамалыдан соң одан асып та кеттi.
Дәл осы кезде бiр сары жiгiт қолына түскен төрт тiстi айырды ала сап, әлгi тоңқаңдап жатқан
казакка тұра ұмтылған едi. Ол келе сап әлгi казактың аш бүйiрiнен айырды бойлата салып кеп қалды.
Тоңқаңдап жатқан казак қатты ауырсынып, қатты бақырып жiберiп, келiншектiң үстiнен бiр жағына
қарай аударылып түстi. Сол арада әлгi кеспелтек денелi, тығыршықтай келген сары жiгiт айырдың
сабын қоя берiп, қынынан құс кездiгiн суырып алды да, шалқасынан түскен әлгi казактың ұлы мүшесiн
қолымен тарта ұстап тұрып:
— Өй, әкеңнiң аузын с...н, хайуан! Мен саған қатынсырағанды көрсетейiн, — деп, көз iлеспес
жылдамдықтпен әлгi ұлы мүшенi түп жағынан сыр еткiзiп кесiп алды. Сосын ол бақырып жiберген әлгi