Стр. 92 - Ulisel3tom

Упрощенная HTML-версия

91
казактың кеудесiне қона түсiп, екi қолымен оның қарысқан аузын зорлап ашып, оған әлгi өзiнiң ұлы
мүшесiн тыға бастады. Бiр қолайсыз иiстi сезген казактың көзi ежiрейiп, аузынан бiр түрлi сасық көбiк
шығып, жағы қарысты да қалды. Соны көрiп, орнынан атып түрегелген жас келiншек көкбеттене кеп:
— Қайнаға, қалған жағын маған бер! — дедi де, оны казактың кеудесiнен ысырып жiберiп,
казактың басына отыра қап, ұлы мүшесiн оның аузына тақап: — Мә, саған а... керек екен, же соны, iш
менiң сiдiгiмдi! — деп, оған сиiп-сиiп жiбердi...
Соны көрген ауыл кiсiлерi айқайлап жүрiп, қолдарына түскен темiрдi, ағаштар мен бақандарды ала
сап, еркiнсiп жүрген, бетiмен кетiп, үй-үйдi тонай бастаған казактарға қарай тұра-тұра ұмтылды. Iлезде
сатырлаған шайқас басталды да кеттi. Бiрнеше қазаққа қылыш тиiп, қансырап жерге құлап түстi. Сол
арада қатын-қалаш жағы да қолдарына түскендерiн алып, казактарға тарпа бас салды. Бiр iрi қара
қатын бiр казакты аттың үстiнен жұлқып түсiрiп, астына бүгерлей бастады. Оны көрген бiрнеше қатын
жүгiрiп кеп, қолдарына ұстаған сабауларымен әлгi казактың бұтындағы шалбарын сыпырып тастап,
май құйрыққа шыпылдатып ұрып бердi. Тұщы етiне ащы таяқ тиген әлгi казактың барқыраған даусы
шықты. Оның үстiне қонып ап, төмпештеп жатқан әлгi қара қатын:
— Өзiнiң жаны бар, ә?! Шамасы, жаны тәттi-ау! — деп‚ мазақтай күлiп, ендi қайратты қолымен
оның алқымына жабыса түстi. Қорқып кеткен әлгз казак қос қолымен қатынның қолына жармасты,
бiрақ оны жазып жiберуге әлi кеалмедi. Дем арасында оның тынысы тарылып, аузынан ақ көбiгi
бұрқырап шыға бастады. Қара қатын манжамды уысын онан әрмен қыса түстi. Аздан соң казактың
қол-аяғы қалшылдай дiрiлдеп, бiр-екi рет ышқынып барып, сұлқ түстi. Соны көрген қара қатын етегiне
қолын сүрте сап, орнынан түрегелдi де:
— Өй, әкеңнiң аузына ғана си..iн! — деп, оған ызалана қарап тұрып, кеуiш киген мәсiсiнiң жұмсақ
тұмсығымен оның қимылсыз, кекшиiп қата қалған, сары шашы үрпе-түрпе боп кеткен оңдырамай
басына бiр тептi...
Осы кезде ауылдың аз ғана кiсiлерiн жан-жақтан қоршап алған атты казактар бiр өртенiп жатқан
қараүйге қарай тықсыра берген едi. Елмырзаның қосынында жүрген қазақ жiгiттерi дәл осы кезде
жәрдемге жетiп үлгерген болатын. Олар келе сала анталаған атты казактар мен ауыл кiсiлерiнiң
араларына түсе қалды. Сол арада мына қалпында қазақ сарбаздарының шын ұрысқа кiрiсуден
тайынбайтын түрiн көрген атты казактардың пәттерi қайтып қалды. Олардың кейбiреулерi күңкiлдеп,
аттарының тiзгiндерiн керi тарта бастады. Ендi бiрi кәзiрi басталып кеткелi тұрған қырғыннан
шошынғандай шеттеп шыға бердi. Сол арада казактардың бiр есаулы құйғыта шауып кеп, атты
казактарға айқайлап, оларды боқтай жүрiп, жүгенсiздiк жасағандарды әскери сотқа берем деп
қорқытып‚ оларды шаққа дегенде керi қайтарды.
Соны көрген Елмырза Перонскийге кеп:
— Ұлы мәртебелiм, атты казактарыңызға қой деңiз. Жүгенсiздiк жасамасын. Олар бұлай ететiн
болса, ертеңдерi-ақ бiзге елдiң бәрi қарсы шығады, — деп едi, Перонский оған енжар, самарқау күйде
қарап тұрып:
— Соғыс кезiнде ондай-ондай бола бередi. Сiз бұ жерге араласпаңыз, — деп‚ қолын бiр сiлтедi.
* * *
Өзiнiң сөзiн жөндеп тыңдамаған генералға Елмырза бiр түрлi боп қарап тұрып, түрi лезде қап-қара
боп кетiп, не дерiн бiлмей, аз-кем кiдiрiп қалды. Сосын жалт бұрылып, тез сыртқа шықты да,
тыпыршып тұрған атына кеп қонды. Тiзгiнiп делбеп қап, жәйлап тебiне отырып, ол ауыл кiсiлерiн жан
сала қорғап, екi араға түскен өз қосынына келдi. Ол алдынан жүгiрiп шыққан бiр жiгiтке:
— Жарайсыңдар! Әр уақта осылай бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығарсақ, ешкiмге де мат
болмаймыз, — деп оны қоштап қойды. Ол соны ауыл ақсақалдарының қасына кеп, аз-кем қысылып,
қипалақтап тұрып: — Ағайын! Орыс сандаттарының бәрi бiрдей мынадай жүгенсiз демеңдер. Жаңа
оларды кәмәндiрлерi шақырып әкеттi, о кiсi әлгi бұзықтарды жазалаймын дедi. Ендi басылып,
үйлерiңдi жығып, Сыр жаққа қарай көшiңдер, — деп кеңес берiп тоқтады.
— Ау, неге! — дедi бiр теке сақал, теке көз төртпақ келген, жасы қырықтарды қусырып қалған
жалақ сары бiр кiсi.
— Оның iж негесi жоқ. Осы қолдың iзiн ала орыстың бiр топ сандаты келе жатыр. Ертең олардың
да, кiм бiледi, не iстерiн? Одан да пәледен машайық қашыпты демейсiңдер ме? — дедi Елмырза бiр
түрлi қамқорсыған үнмен оларды өзiне тарта сөйлеп.
— Не дейд?
— Тағы да сандат келе ме?
— Қой, онан да Қызылға қарай көшейiк, — деп ауыл кiсiлерi сол арада дабырласты да қалды.
Елмырза бұл ауылда ендi кiдiрудiң өзiне абырай әкелмесiн бiлiп, мына дүния-мүлкi таланып,
әйелдерi зорлыққа ұшырап, абырайсыздыққа ұшыраған ауылдың кiсiлерiне туралап қарай алмай, көзiн
жерден көтермеген қалпы, өз қолын тез арада жинап алды да, өзi бастап, iлгерi қарай жүрiп кеттi.
Кешелерi оның қосынына кеп қосылған Әлжан осы арада мұның жанына тақап кеп, қайта-қайта
дәудiрлей сөйлеп:
— Бұлардың... мыналары иттiк қой, — дей бередi.
* * *
Перонский Елмырза төре туралы жиналған мәлiметке қанық едi. Оның жаңа қазақтарға ара түсiп
келгенiн iшiнен қатты жақтырмай қалды. Ол шатырдан шығып кеткесiн, оның соңынан сынай қарап
тұрып, анада Орынборда өзiнiң танысқан мәлiметтерiнiң бiр қызық жағдайын есiне алды. Ол