113
төрелiгiн қатты ұстайтын, бапшыл кiсi едi. Ол қасындағы Шатайға атының шылбырын бере
салып, өзi аяғын ауыр алып, iшке кiрдi.
Байқадамның қараүйi онша сәндi емес екен. Бiр қара қатын орнынан түрегелiп, бұған
амандық мезiретiн жасап, ернiн жыбырлатты да қойды. Бұлар отыра бергенде ол шәй
қамымен сыртқа шығып кеттi. Елмырза төрге отырып боп, Байқадамның жұтқыншағы
бүлкiлдеп тұрған өндiршегiне қарап:
— Бәке, мал-жан аман ба? Ауыл арасы жақын болса да, қатынаса алмай жатырмыз.
Осындай жол түскенде келдi деп айыпқа бұйырмаңыз. Сiз деген арнайы сәлем берiп
шығатын орынсыз ғой, — дедi.
Мұның мақтағанына елтiп, Байқадам көтерiле түстi:
— Құрметiң құдайдан қайтсын. Бiлiп айтып отсың, қалай дегенмен бiздер атадан қалған
қара шаңырақтың орнымыз ғой. Оны бүгiнде бiлетiн де бар, бiлмейтiн де бар. Бiлмейтiн
нәкәстарға не деп болады.
Елмырза оның арғы ойын түсiнiп, сәл жымиып:
— Бiлместiкпен iс iстеп жатқандар кәзiр жетерлiк қой. Соларды бұрын хан мен төре, би
мен бек тезге салушы едi. Мына бiр түрi-түсi бөлек жаңа заманда әркiмнiң бас еркi өзiне
тиiп кетiп, сорлатып отыр ғой, — дедi.
— Айтқаныңның айна кәтесi жоқ, — дедi Байқадам сиректеу сақалын сипап отырып. —
Бүгiнде жастар үлкеннiң сөзiн тыңдаудан қалып барады. Бұрында жол деген болушы едi.
Жолды көргенi бар, тәрбияты бар жастар бұзбаушы едi. Кәзiргiден сол қасиятты таба алмай,
әрi-сәрi боп отырмын.
— Осы айтқаныңыз өте орынды. Осы бара-бара не боламыз, а? Бүгiнгi күнi жастар
ырқыңнан шығып бара атса, ертең қыз-қырқынның өз бұйдасын басына салып, шығандап
кетпесiне кiм кепiл? Ақыреттi сонда тартасың, — деп Елмырза қара аспанды қапылта түстi.
— О да болмай қалмас.
Сол арада шәй келдi. Ортаға көлдей ақ дастархан жайылды. Оның үстiне ағаш табақпен
әкеп сары бауырсақты төктi. Құрт, сарысу, жент, сарымайлар да келiп жатыр. Байқадам
бұған қарап:
— Елеке, ата-бабамыз төре мен қожаны сыйлап өскен едi. Бiр мал сыбағаңды бүгiн
жейсiң. Оған дейiн гәпке тиек дегендей, мына шәйдi ермек ете тұрамыз, — дедi.
— Ойбай-ау, наннан ұлық не нәсте бар? Осы да жетедi, — деп Елмырза бiссiмiлләсiн
айтып, бауырсақтың бiреуiн алып, аузына салды.
Шатай да құнжыңдап:
— Жарықтық, нан болса, аштық жоқ қой, — деп бауырсаққа бас салды. Ол қамалда
болған кезiнде орыс әскерiнiң тамағын тамақсынбай, әбден ашығып болған-ды. Ендi бiр
ысырылып отырып, бауырсақты опыра жөнелдi.
Елмырза оны байқамағандай боп отырып, Байқадамға қарап:
— Бәке, өзiң де естiп жатқан шығарсың. Мына ақ патшаңа Қоқан бегi қарсы шығып,
елдi бiраз әуреге салды. Содан келе атқан бетiм осы, — дедi.
— Ол жайында естiгем. Сонымен не болды?
— Не болсын, бiразы өлiп, кейiн қайтып кеттi. Қайтқанда, бiр күнде сыпырылып кеттi.
— Онысы несi екен? — дедi Байқадам таңғалып. — Олар бiр алған бетiнен тiрiде
қайтпаушы едi ғой. Әлде... iшкi жақта бiрдеме боп қалды ма?
— О да мүмкiн.
— Шамасы, солай-ау. Болмаса соншама ит өлген жерден ләшкер тартып келiп отырып,
бiр күнде қайта қоюы ақылға сыймайды.
— Мен де айран-асырмын.
— Мұнда бiр гәп бар.
— Бары бар. Содан қайтып келе атырмыз. Ендi елге барып бiр демалмасақ, қатты
шаршадық, — дедi Елмырза шәйдi асықпай iшiп отырып. — Мына жандаралдың бабы қатты
екен. Соның қаяғынан шығып қалам деп, қылпылдап та бiттiк. Оның үстiне ана Тоғанақ
батыр да көтерiлiс ашып, елдi бiраз дүрлiктiрiп дегендей...
— Апырмай, о кiсiнiң жасы жер ортасынан асқанда... бұнысы, — деп Байқадам сөзiн
жұтып тоқтады.
— Ояғын... қайдам. Жұрт түрлi-түрлi сөз айтады. Әркiмнiң өз бiлгенi бар, қауынды суға
малып жейдi деген ғой. Бұл арада... өзi былай... қиын да... — Ол қиналған түр көрсетiп,
қабағын шытты.
— Оның рас.
— Ана жылы Қайып пен Нақып келгенде, Әлiмдер Кiлемжайғанбала деген жерде оны
ақ киiзге салып көтерiп, хан сайламап па едi? Онымен туыс боламыз деп, қойнына қыз
салып бермеп пе едi? Сүйткен ханың да орыспен жауласам деп, қырғыз асып, қаза тапты.
Оныкi де өзiне жөн едi, — деп Елмырза елеусiз ғана Байқадамның қытығына тиiп өттi.