Стр. 127 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

126
— Жарайды, қойдым, — дедi Шатай жеңiлген түрмен. Ол Тиышбектiң туысқандарын
бiлетiн. Ағайынды бес жiгiт кәзiр бiр-бiрiмен қатынаспайды. Бәрi де екi елдi қатар
қондырмайтын суқиттар. Барлығының да кәсiбi — көршi ауылдардың түтiнiн аңду. Қай үйде
ет пiсiп, қонақ жиналып жатса, армасын айтып, осылар жетiп барады. Оған мына Ақрәш дәл
қосылған. Соны бiлетiн Шатай үнсiз қалды. Iшiнен: “Осыған түсiп жүрген өзiмнiң де
аузымды с...н адам жоқ”, — дедi.
Аздан кейiн шәй келдi. Шәй үстiнде Шатай Тиышбекке қарап:
— Жақын арада осы арадан көш өткен дей ме? — дедi.
— Е, өтпей нағылыпты сонша? Қызыл деген ел әрлi-берлi өтiп атқан жер емес пе?
Соның бiрi де, — дедi.
— Сонда кiмдер болды екен?
— Ояғын бiле алмадым.
— Апырмай, сенiң де бiлмейтiн нәстең болады екен-ау!
— Немене оны жайша сұрап отсың ба? — деп Тиышбектiң тышқан көзi жылтың ете
қалды.
— Жәй. Былай, әңгiме болсын деп.
— Шәке, менiң бiлмейтiнiм жоқ қой. Мына жүрiсiңнiң төркiнi түсiнектi, — дедi
Тиышбек кенет сабырлы тартып. — Айтпсаң да бiлем, сен деген жандаралдың
тапсырмасымен жүрсiң. Ана Тоғанақтың қайда отырғанын бiлгiң келедi. Сол ғой, ә? — Ол
өтiрiк шиқылдап күлдi.
Шатай ыңғайсызданып қалды. Қып-қызыл боп:
— Жоға, оны iздеп нағылайын, — дедi.
— Қой, сен де бiр, — деп Тиышбек оған қарап қолын бiр сiлтедi. — Немене менi бес
жасар бала көресiң бе? Түрiңе қарадым да, бәрiн бiле қойдым. Айтпасаң да белгiлi емес пе?
— Ол ендi берi ысырылып отырды. — Әгәр оны... мен тауып берсем, ақысына не бересiң?
Шатай не дерiн бiлмедi. Өзiнiң мына жүрiсiнiң жұртқа жария болып қалғанын
ұнатпады. Сосын қабағын шы-тып:
— Қой, сен үйдеме. Тоғанақты iндетiп iздердей менiң онда не ақым бар? Сен бар ғой...
ондай сөздi айтпа, — дедi.
Тиышбек ендi басқа жаққа лып ете қалды:
— Жарайды, қойдым. Қалжыңдап айтам. — Ол сосын Шатайдың ойын түсiне қойып,
қатынына қарап: — Әй, қатын, бар қазаныңның астын қарап кел. Жалпиып отырып алдың
ғой сен де бiр, — дедi.
Ақрәш сыртқа шығып кеткесiн, Шатай сыбырлай сөйледi:
— Сонда... оны бiлетiн кiсi бар ма?
— Бар болғанда қандай. Бiрақ онымен өзiм апарып табыстырмасам, ол... былай...
көнбейдi.
— Мақұл. Сүйтсең, ақыңды бергiздiрейiн.
— Шын ба?
— Шын!
— Онда уәде құдайдың аты деген. — Ол сыртқа қарай айқайлады. — Әй, қатын,
тамағыңды болдыр! Шәкең, шынында да, асығыс екен, жүрем деп отыр.
Аздан кейiн Ақрәш ет әкелдi. Кiлең көк сiңiр екен. Шетiнен тастай қатты. Олар тiстерi
өтпей, көк сiңiрдi ұзақ қажады. Сонан кейiн бетiнде жыланқарағы жоқ сылдыраған сорпа
iшкен болды. Тамақтан боң, Шатай асығыс ас қайыра сап, атына мiндi. Оған жол көрсетсем
деп сылтау айтып, Тиышбек те атына қоқырая қонды. Сәлден кейiн олар Жаңадария жақты
бетке алып, суыт жүрiп келе жатты. Арада бiр қонып, екiншi күнi елең-алаңда олар бiр ойды
жайлап отырған Керейлердiң ауылына құлады. Кешегi шайқаста Елмырза жағында болған
олардың арасында бiраз шығын бар екен. Көбiнiң Тоғанаққа тiсi барлығы анық сезiледi.
Тиышбек шаруаны тез бiтiрдi. Өзi бiлетiн ескi билердiң сөздерiн айта кеп, бiртiндеп
бүгiнгi жағдайға қарай ойыса бердi. Ақ табан шұбырындыдан кейiн мұндай пәлекет бола
қойған жоқ дегендi тұспалдап жеткiзiп, бiр ретте Шатайға қарап, көзiн қысып қойды.
Қасы сұйық қара шал мұның не деп отқанын түсiндi. Ол бетiн қап-қара қолымен
сипалап қойып:
— Осы жандарал да кiммен қызметтес болатынын бiлмейдi, — дедi.
— Ойбай-ау, мынау бiр жақсы сөз ғой. Жандарал неге қызметтес болмасын, ол сондай
кiсiнi таппай жүр, — дедi Тиышбек тiсiн ақсита күлiп.
— Өзiм де солай деп ойлап ем-ау. Болмаса осыншама жердi аузына қаратып отқан ақ
патшаның оң қолы қалайша ақымақ болмақ? Бәсе-ау!
— Ақсақал, онда мәсәлә былай, — дедi Тиышбек сол арада тiкесiнен шараға көшiп. —
Өзiң бiлiп отсың, ұлық сенен сый-сияпатын алмайды. Соны... өзiң түсiндiң ғой... бiлу керек...
— Бiлгенде... — Ол ыңыранды. — Жаңа бiр сөзiңде сый-сияпат дедiң. Ол өзi түспегiр
былай... алақанда тұрмағасын...