Стр. 128 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

127
— Ол тұрады, — деп Шатай сол арада кешелерi жолға шығарда керек боп қалар деп
Елмырза мұның қоржынына тыққан атлас шапанды алып, қара шалдың арқасына жапты. —
Бұл басы ғана. Әлi талайын аласың.
— Солай ма?
— Солай. Оған iж күмәнiң болмасын.
— Онда келiстiк. — Шал сыбырлай сөйледi. — Бiздiң кiсiлер ояққа... жақында барып
қайтар. Хабарды кiм арқылы беремiз?
— Мына Тиышбек арқылы.
— Болсын.
Олар Керейлердiң ауылынан кеуiлдене аттанды. Шатай ендi Аламесекке қайтпақ боп,
Сырдан арғы бетке өтпей, тура жолмен жүрмекшi болды. Тиышбек те онымен бiраз жерге
дейiн барып, Бозғұлдардың ауылын араласам деп ере бердi. Олар кешке таман Қуаңдариядан
өтiп, салдыртып жүрiп келе жатқанда, қарсы алдарынан жиырма шақты салт атты қылт етiп
шыға келдi. Тиышбектiң иманы ұшып кеттi. Тез сыбырлап:
— Мыналар атты казактар, — дедi. — Қа-қа-қай-й-да-а қашамыз?
Шатай бойын жинап:
— Қой, қашып ұятты. Олар бiзге нағылады дейсiң? — дедi.
Сүйткенше болмады, Нахаев бастаған атты казактар заулаған қалпы бұларды қоршалай
кеп тоқтады. Шатай осы орысты танитын. Түрiн жылмитып:
— Iздiрәсти, тамыр, — дедi.
Анау кiсi жейтiндей боп түнерiп тұрып:
— Кәне, аттарыңнан түсiңдер, — дедi.
Шатай оның не дегенiн түсiнбедi:
— Не дейсiң, тамыр?
Нахаев жыны кеп, мұны қолындағы қамшымен қақ бастан бiр тартты:
— Түс аттан! Мен саған тамырды көрсетем, калбит!
Шатай атынан түсе қоймап едi, басқалары жетiп кеп, сабап, мұны жерге ұшырып
түсiрдi. Қалған жiгiттердi де сүйтiп сабап тастады. Тиышбек бiрдеме деп бажылдап едi,
Нахаев жалаң қылышының қырымен оның арқасынан бiр тартып өттi. Тиышбек ойбайлап,
атынан түсе салды да, шылбырын өзi ұсынып:
— Мә, ал әкеңнiң құны болса! — дедi.
— Но, но! — дедi Нахаев ашуланып.
Осы кезде олардың арттарынан жаяу-жалпы келе жатқан басқа казактар көрiндi.
Тиышбек жақында ғана атты казактардың қаралы көшке шауып, опқа ұрынған жайын
естiген-дi. Мыналардың солардың өзi екенiн бiлiп, зәресi зәр түбiне кеттi. Ендi көп
сөйлемей, казактардың ығына жығыла бердi.
Казактар бұлардың аттарын тартып ап, өздерiн иттей қып сабады. Жығып салып
тепкiледi. Сосын аттарына мiнiп, Қазалыға тартып кеттi.
Тиышбек аман қалғанына қуанды. Шатай өлердей боп қорланып:
— Әй, мына иттердi ме? Осы кәпiрлерге сенiп жүрген бiз де ақымақпыз, — дедi.
— Әрине, сендер ақымақсыңдар, — дедi Тиышбек дыбдырлап. — Мен өмiрi оларға
сенiп көрген жоқпын. Сен ана төрең мен бәрiң ақымақсыңдар. Ал саған керек болса!
— Әй, жабасың ба, аузыңды, жаппайсың ба? Осы тұрған жерiңде аузыңды қара қан
қылайын ба? — деп Шатай оған тұра ұмтылды.
Тиышбек әшейiнде қоқырайғанмен, затында қорқақ кiсi едi. Осы жолы әлденеге
батырланып, жерде жатқан сексеуiлдiң дiңiн қолына ұстап тұра қалды.
— Келiп көр осыдан жан өзiңдiкi болса! — дедi ол шақырайып.
Шатайдың есi сонда ғана кiрдi. Жорта жуасыған боп:
— Әй, қой, күйгесiн адам не айтқанын бiле ме? Жүр, онан да елдiң қарасына жетiп
алайық, — дедi.
— Е, бағанадан берi сүйдемейсiң бе? — дедi де, Тиышбек жаяулап алға түсiп ап тарта
бердi.
Жiгiттер оның соңынан ердi. Олар түн iшiнде адасып жүрiп, жақын жердегi
Мәметектердiң ауылына барды. Сол жерден майына деп ат мiнiп, елдерiне аман-есен жеттi.
Шатай үлкен бiр шаруаны тындырып келгендей боп, iшке кiре сала дәудiрлей сөйледi:
— Елеке, бәрiн бiлiп келдiм.
Елмырза бұған бiр түрлi боп, қоңырая қарады. Жүзi сынық. Бұл ыңғайсызданып:
— Елеке, жәй ма? Не болды? — дедi.
— Жәй. Ана Перонский... басқа жаққа кеттi. Орнына басқа жандарал келетiн бопты.
— Өй, кетсе барсын. Бiр орыс кетсе, бiр орыс кеп билейдi. Оның бiзге не келiп-кетерi
бар?
— Жарайды. Ал не бiтiрiп қайттың, айта бер, — дедi Елмырза бұған сынай қарап.
Шатай көрген-бiлгенiн айта бастады...