Стр. 129 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

128
13
Перонскийдiң орнынан түсiп, астанаға қайтып кеткенi Сыр бойында неше түрлi әңгiме-
қауға туғызды. Бiреулер оны ақ патшаға жақпай қап, жер аударылып кетiптi дестi. Ендi
бiреулер ана Якуббек кек түйiп, күндердiң күнiнде осы жандаралды өлтiрем дептi, содан
қорыққанынан қашып кетiптi деп бiр ұйтқытты. Баз бiреулер оны Тоғанақтан сескенiп, оны
жеңе алмасын бiлiп, елiне тартып отырыпты дедi. Қалай дегенмен халық осы жандаралдың
аяқ астында қызметтен кеткенiнiң астарында бiр сыр барын бiлген едi. Оның орнына
генерал-губернатор боп басқа бiреу тағайындалды. Ол келген бойда-ақ көтерiлiсшiлерге
кешiрiммен қарайтынын, ақ патшаға шын ықыласымен қызмет етем дегендердi бетiнен
қақпайтынын бiлдiрдi. Осындай сөздердi таратсын деп жер-жерге шабарлар жiберiлдi.
Перонский кетерiнен бұрын кешегi көтерiлiсте ақ патша әскерiне iш тартқан қазақтарға
тимеңдер деп Захваткинге қатаң тапсырған едi. Жаңа жандарал да кезiнде көтерiлiстiң
барысы жайында орыс әскерiне хабар берiп тұрған жансыздарға қамқорлық жасап бақты.
Бұл әңгiме Сыр бойына тегiс тарады. Әсiресе, кешегi болған көтерiлiске
қатынасқандарға кешiрiм жасалады екен деген хабар дүңк-дүңк тарап, талай кiсiнiң құлағын
елеңдеттi. Ақыры сол қауесет Қарақ тауының етегiнде отырған Тоғанақтың ауылына да
жеттi.
Бұл кезде күз дендеп енiп, Қарақ тауының баурайы әбден сарғайып кеткен едi. Жылда
күздi Сырда өткеретiн Тоғанақ батыр мына жақтың ыстығына әзер шыдады. Бiрақ елге
баруға болмайтынын бiлiп, лажы құрып, салқындау деген тау бөктерiне аударылып көшiп
отыра бердi. Басқа ағайын-туғандары Кекiрелi жақта қалып қойған. Бұл кемпiрi екеуi
жаңғыз үй боп әлi отыр. Бiз мезгiл iшi пысса атына мiнiп, жақын жердегi қалың жынысқа
барып, қырғауылға дұзақ құрады, қақпан салып, аң атады. Одан да зерiксе, қарағайдан
шапқан қара домбырасын қолына ап, жадында қалған әлдеқандай мұңлы әуендi шертiп,
шалқасынан түсiп жатып алады.
Осы уақта жыл құстары кәнiгi дағдысымен, оңтүстiкке қайтып бара жатқан едi. Қоңыр
күздiң жуан ортасы. Бiр күнi жартылай ашық тұрған түңлiктен қатар-қатар боп тiзiлiп ұшып
бара жатқан тырналарды көрдi. Селт етiп, басын көтерiп ап, олардың әлсiз ғана тырулап
жеткен даусына құлақ түрдi. Олар да мына өзi сықылды, туған жерiн қимай, қанаттарын
ақырын алып, қоштасып бара жатқандай ма қалай? Әйтеуiр, мұның жан түкпiрiнде
әлдеқандай көмескi бiр сезiм оянып, бас көтерiп келе жатты. Жасы бiраздан асқанда туып-
өскен Сыр бойын көре алмай, қиян шетте жүрем деп бұл, сiрә, ойлап па едi? Сол бiр ыстық
топырақты жалаң аяғымен бiр басса, арманы жоқтай. Батырдың көзiне мөлтiлдеп жас келдi.
Көз алдында баяғыда бала кезiнде асық ойнап, балалармен жарысып жүгiрген ақ тақыр,
тайға мiнiп, мүше алып қашқан боз дала, сәуiр айында тасқындай ағып, сарылдап жататын
ұлы Сырдария тұрып ап, алыстағы қиялдай көлбеңдеп, сағынышқа толы сезiмiн оятып
жiбердi. Батыр кемпiрi көрiп қалмасын деп, көзiне келiп қалған жасты көйлегiнiң жеңiмен
сүрттi. Сонда да оның жанын кемiрiп жатқан бiр нәрсе тыншыр емес. Кеуде тұсында бiрдеме
күнi-түнi сыздап, сәт сайын туып-өскен жағын есiне сап тұрып алады. Кәзiрде де сол
шаншудай қадалып тұр.
Ол орнына малдас құрып отырып, домбырасын iргеге сүйей салды. Иығына түйе жүн
шекпенiн жамылды. Сосын бiр сәт сыртта қазан-ошақ жанында жүрген кемпiрiнiң аяқ
дыбысына құлақ түрiп отырды да, басына бiр ой түсiп, асығыс сыртқа шықты. Анадай жерде
жүрген торы атына ер салды. Кемпiрi бұған қарап, батырдың жанын жеген бiр пәленiң
барлығын сезгендей, үндеген жоқ. Ақ жаулығы қақырадай боп, жерошақтың жанында сүт
пiсiрiп отыра бердi.
Батыр атына мiнiп ап, қақпанын көрмек боп, Қарақ тауына қарай жүрiп кеттi. Бұл кезде
күн әжептәуiр еңкейiп қалған едi. Кешкi салқынның лебi ап-анық сезiлiп тұр. Қарақ тауының
етегi түнге қарай салқындап кетедi. Бұл өзi сайын даланың ортасында шығып кеткен
омыртқадай боп көкке қарай шапшып барып тұра қалған кiшкене тау. Сiлемi әрi шығысқа
қарай Ерлер тауымен астасып жатыр. Оның мына терiскей жағында жоталанып барып
тегiстiкке айналып кететiн Жалпақтау бар. Бұл жерлерде баяғы қарақалпақпен болған
жаугершiлiк заманда жас Тоғанақ талай рет салқа жортып жүрген болатын. Ол мұның нағыз
қайратты кезi едi. Күнi-түнi жортысқа бiр талмайтын. Кәзiр болса, қартаяйын деген бе, ұзақ
жортуылға шаршайтынын байқап жүр. Бiрақ онысын жан адамға сездiрмейдi. Сонда да
кәрiлiк шiркiннiң жабықтан кiрген суық желдей тұла бойына өрлеп, бойдан қуатын кем-
кемдеп алып келе жатқанын бiледi.
Тоғанақ тау етегiне жеткесiн, кеше құрып тастаған қақпандарын қарады. Бiр жерде екi
қоян түсiптi. Бұл атынан түсiп, екi қоянды басын құбылаға қаратып мауыздап алды. Содан