Стр. 13 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

12
Көрiңде өкiргiр Дадабек... өзiнiң өлгенiне қарамай, сүйтiп ағайын арасына от тастап кеттi
ғой, — деп ол кеуiлi босап, ұзын мұрны төмен қарай иiле түсiп, танауын қорқ еткiзiп бiр
тартты. Сосын көре көзге ұнжырғасы түсiп, көзiне жас алған адам сықылданып, бiр түрлi
тұнжыр қалыпқа көшiп те ала қойды.
Оны көрген Байбосын да өтiрiк босағансып, мұрнын қорқ-қорқ тартады.
Тоғанақ мыналардың аярлықтарына қатты ыза боп:
— Жарайды. Ендi келген шаруаларыңды айтыңдар,— дедi тiкесiнен.
Сол арада бағанадан берi мүләйiмсiп отырған қалпынан тез арылған Жаманқұлдың
үнемi лайытып тұратын қоңыр көзiнде бiр қуақы ұшқын жылт ете қалды. Ол астына тiкен
төселгендей қозғалақтап қойып:
— Сiзге айтарлық пәлендей шаруамыз да жоқ, — дедi. — Бiз... тек... ана Ережеп iнiмiз
сiзге арнайы жұмсағасын келiп отырмыз.
— Иә, сосын ғой, — деп, Байбосын оны тағы да қоштады.
Бiрi бастап, бiрi қоштап отырған оларды Тоғанақ жақтырмай, қабағын шытты:
— Иә, неге жүмсады?
— Жұмсағанда, өзi... былай... — Жаманқұл тағы да жорғалай жөнелдi. — Өзiңiз бiлесiз,
кәзiр бiздiң әулеттен билiкке қолы жетiп отырған сол iнiмiз ғана. Қалай десең де, оның
Мiрәлiден топырағы бөлек. Сол анада орыс ұлығына барып, сіздi Петерборға баратын
кiсiлердiң басшысы етiп тiзiмге кiргiз деген екен. Оған ана Елмырза түлкi қарсы боп, орыс
ұлығының аузын ап, бiраз қиғылық салыпты. Ережеп iнiмiз оған да болмапты. Сүйтiп шаққа
дегенде тiзiмге кiргiзгенде, сіз бармайым деп бас тартыпсыз. Ау, бұ деген зор құрмет емес
пе? Ақ патшаның жүзiн көрiп, қолын алу деген кiм көрiнгеннiң маңдайына жазыла
бермеген. Өзi кетерде iнiңiз осыны батырға барып айтыңдар, айып менен болса, алдына
жығылам, ағайын аузы ала болмасын, дедi. — Ол ендi сыбырлағандай боп ақырын сөйледi.
— Ағатай, мына орыстың орам алғаны алған. Ендi оны қуып шығатын iжкiм де жоқ.
Осындайда сiз боп, бiз боп аузымызды бiрлейiк, елдi тарыша шашып алмайық. Әгәрдә бiр-
бiрiмiзге көнбей, киғаштай берсек, билiк дегенiң ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында
кетедi дедi. Ағатай, iнiмiздiң сiзге айтыңдар дегенi осы.
— Сонда... ол маған нағыл дейдi?
— Нағылатын дәнемесi жоқ. Екi дай жерде iнiңіздi қолдасаңыз, сол жетiп атыр.
Қалғанын өзi-ақ тындырады.
— Иә, сүйтедi, — дедi Байбосын да елпiлдей түсiп.
— Сосын... оның айтуынша, жақын арада хандардың күнi бiтетiн сияқты, — деп,
Жаманқұл кенеттен екi иығы селкiлдеп, сылқ-сылқ күлдi.
Оның хан деп мазақтап отырған себебi бар едi. Баяғы бiр заманда Қожамұрат Майдан
Кылышбай хан өлгеннен кейiн, басшысыз қалған Кiшкене Шектi тайпасы Түркiстаннан
Әбдiлдә деген төренi арнайы шақырып алып, оны алты Әлiмге хан сайлаған болатын.
Ақырында ауыздары ала боп, өзара қырқыса берген Әлiмдерден қорыққан Әбдiлдә төре
елiне қашып кеткен едi. Содан берi Кiшкене жұртының ханы жоқ. Ол таққа отыра қоям деп
батылсынып жүрген төрелердiң әлге дейiн қарасы көрiне қоймаған да едi. Мынау соны
тұспалдап айтып отыр.
— Сонда қалай? — дедi бұл түкке де түсiнбей.
— Оның iж қалайы жоқ. Ау, күштi күштiлiгiн iстемей ме. Шамасы, ақ патша бiзге өз
тәртiбiн жүргiзетiн сияқты. Ендi бұрынғыша хан сайланбайды, елдi басқа бiреулер билейдi
дейдi.
— Басқасы кiм сонда?
— Ояғын мен де түсiнбедiм. Ережеп iнiмiздiң бар айтқаны осы болды. Ол осындай
алмағайып кезде бiздiң аузымыз бiр болмаса, жандарал басқа бiреудi әкеп, бiзге би қылып
қоя салады, дедi. Сосын ақыреттi содан көремiз, дедi. Бiз сізге соны айтуға келдiк.
— Е, жөн екен, — дедi Тоғанақ селқос тарта түсiп.
Сол арада бағанадан берi үнсiз отырған Байбосын сөзге қыстырылды:
— Аузы түктi орыс дегенiң аталық жөнiн қайдан бiлсiн. Олар бiздерге... айдаладағы
бiреудi әкiм ғып... былай... әкеп қоя салса, машқара боламыз. Одан да... оның алдын алып...
дегендей... Сосын да ғой Ережеп iнiмiздiң сақтандырып жатқаны.
— Е, жөн екен. — Тоғанақ оларға iшiн бермедi.
Аздан кейiн шәй келдi. Шәй үстiнде олар оны-мұныны еру әңгiме етiп отырды. Бiрде
Жаманқұл қозғалақтап қойды:
— Төке, мына орыстардың келiстерi бiр түрлi... қызық өзi...
— Оның несi қызық?
— Оралдың атты казактары кәзiрдiң өзiнде Қазалыға ауа көшiп кеп жатыр. Олар ана
Ақирек пен Қамыстыбасқа кеп қоныс теуiп, түбi со жердi бiздерден тартыпалатын сықылды.
— Тартып алар болса, онда неге орысқа iштерiң бұрып отыр? — деп Тоғанақ оларға
жақтырмай қарады.