Стр. 14 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

13
— Iшiмiз бұрып отқан дәнемемiз де жоқ. “Көп қорқытады, терең батырады” деген емес
пе? Әлiң келмейтiн болғасын, күштiнiң қосын жегелiк те дегендiк қой бiздiкi. Бұ йерде басқа
етерлiктей не лаж бар? Қалай дегенде де, осының түбi шатақ шаруа бола ма дейiм.
— Оны кезiнде көре жатармыз.
Шәйден кейiн екеуi аттанатын болды. Тоғанақ екеуiне онша рай бермедi. Жаманқұл
мен Байбосын кеткесiн, олардың бұ жүрiстерiнiң астарында не жатыр деп қатты толғанды.
Ана бiр жылдары Мiрәлi Дадабекпен тым жақындасып кеткенде, бұлар оны күндеп, аяқтан
шалып баққан едi. Олар со кездерi Ережеппен де қырбай болған-ды. Ендi бұлардың кенеттен
Ережеппен ауыздарының жабыса қалғандары қалай? Мұның астарында не сыр бар?
Батыр үнсiз ұзақ отырып қалды.
5
Петерборға баратын сапардың ретi келесi жылға қалдырылғаннан кейiн қазақтардан
құрылған бiр топ кiсi Орынборда бiр айдай боп, ақыры Орынбордың базарын аралап, көп
қылып базарлық алып, артынып-тартынып, Сыр бойына керi қайтты. Ережеп өзiне қарасты
кiсiлерiмен көп топқа қосылмай бөлектенiп жүрiп отырды. Ол әлгi хабарды естiген бойда-ақ
Елмырзаның ұнжырғасы түсiп кеткенiн көрiп, iшiнен әлденеге кеуiлдене түстi. Ана жолы ол
Захваткинмен бiрiгiп алып, Петерборға баратын кiсiлердiң тiзiмiне мұның айтқан кiсiлерiнiң
бiразын кiргiзбей тастаған-ды. Осы арада қулық ойлаған Елмырзаның кейбiр аңқау
байларды тiзiмге қосам деп қорқытып, олардан параға мал алып, өзiне бiраз шыр бiтiрiп
алған бiр жәйтiн де байқап қалған-ды. Оның үстiне ел iшiнiң бiраз ажарлы кiсiлерiне беделiн
салып, осы сапарға барған жөн деп, нелерiң кетедi деп үгiтттеп, оларды қояр да қоймай
жолға алып шыққан-ды. Ендi Елмырзаның сол талабының баланың ойыншығындай боп
шыққанына iштей налып, салы суға кетiп, ауыл қайдасың деп тартып келе жатқан сүдiнiне
ау-тауық қарап қойып, Ережеп оны iштей табалады. Ара-арасында өзiн сықпыртып боқтап
та қойып: “Өзiңе со керек! Шен таққанға шелиiп кетiп ең! Бәлем, сазайыңды тарттың ба?” —
деп, айызы қана күлдi. Бiрде Кiшiқұмның бiр жықпылынан өтiп келе жатып, ол қасындағы
месқарын Табын байына мiңгiрлеп:
— Опырмай, мұндай да болады екен, ә? — деп қойды.
Анау да көптен берi торсаңдап, ешкiммен сөйлеспей келе жатқан-ды. Уақыт еткiзерге
ермек табылғанына қуанып кетiп:
— Шынында да, — дедi, — мыналар бiздi ақымақ қылды. Бәрiмiздi баладай
желпiлдетiп, сүйрегендей ғып ауылдан алып шығып едi. Ендi елге не деп барамыз?
— Осының бәрiне кiнәлi кiм деп ойлайсың? Осы арада бiр кәкiр бар емес пе? — дедi
Ережеп шайқалақтаған күйменiң iшiнде келе жатып.
— Ояғын... Қайдам...
— Менiң ойыма бiр күдiк түсе бередi. Жұрт болса, өзiне тиесiлi атақ-шенiн алып
болды. Петерборда оларға тиер ендi дәнеме де жоқ. Тек бiз ғой алападан құр қалып, сорлап
келе атқан...
— Шынында да, солай. Осы бiздiкi не әуре, а? — деп семiз сары ендi бұ жаққа қарай
еңсерiлiп түстi.
— Соны мен де ойлап келем. Тiзiмге ана Тоғанақ батырды зорлағандай етiп кiргiзiп ем.
Соны бiлген батыр бiзбен бiрге жүрмей қойды. Ондай абырайлы кiсiлер болмағасын, ақ
патша бiздi нағылсын?
— Мына сөзiңнiң жаны бар. Бүткiл Әлiм, Шөменге, қала бердi Кiшi жүзге дәрпi
жайылған кiсi бармағасын, орыстың ұлықтары алғашқы пәтiнен айнып қалды-ау дейiм.
Сонда мұны iстеп жүрген кiм, а?
— Кiм болсын, ана түлкi да, — деп Ережеп мiңгiрлеп, сөзiнiң соңын жұтып қойды.
— Е, Елмырзаның анадағы жылмыңынан қорқып едiм. Өзi пәлкеуiнiк болғасын,
басқаны нағылсын? Ендi...Апырмай, ел-жұртқа не деп барамыз? Хас масқара болдық-ау!
— Менiң де бетiм күйiп келедi. Ендi Елмырзаның сөзiне ерсем бе?
— Мен де...
Ережеп мына аңқау байды оп-оңай қармаққа түсiрiп алғанына өзiне өзi iштей ырза
болды. Аламесек жағында отырған Елмырзаның түптiң түбiнде сол төңiректегi елге басшы
болатынын Захваткиннiң бiр сөзiнен аңдап қалған-ды. Бұл ендi қалайда ел алдында төренiң
абыройын төге бергендi жөн деп бiлдi. Кiм бiледi, ертеңдерi шаршысына кеп алғасын, оны
Казалыны да уысында ұстаймын деп талап етiп жүре ме деп қорқады. Бұл ана Жәнiбектi
айламен тұралатып отырғызып, орыс ұлығына жек көрiнiштi ғып бiттi. Оның қашып кеткенi
ғана қиын болды. Әйтпесе, бүгiндерi қол-аяғына салынған кiсенi шылырлап, Сiбiрдiң бiр
түкпiрiнде саңырауқұлақ терiп жүретiн едi. Бiрақ ол қашып қайда барады? Кеше
Орынбордағы ұлық мұны оңаша шақырып ап, ұзақ сөйлескен. Өзi ата қораз сықылды аяғын