Стр. 131 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

130
— Оны кiм билейдi?
— Менiң естуiмше, үйездi орыстан бастық билейдi екен. Оған әр тайпадан бiр-бiр
көмекшi сайланады-мыс.
— Е, солай де. — Ол ақырын күрсiндi. — Күшi жеткен кiсi не iстемейдi? Қолдарынан
келгенiн жасай берсiн.
Олар Тоғанақтың үйiне жақын кеп тоқтады. Байбарақ атынан қарғып түсiп, батырдың
қолтығынан алды. Сосын атын ауыл сыртына апарып, тұсап жiбердi. Әбдiржан да атын
тұсап жiбердi.
Шәй үстiнде Әбдiржан сөздi әрiден бастап:
— Төке, бүткiл Шөмен сiздiң абырайыңызға қанық. Талай рет басыңызды бәйгiге тiгiп,
ата жаудан кек алып бердiңiз. Сiзге һәммә жұрт риза, — дедi. — Ендi жасыңыз ұлғайғанда,
халық кәдiр тұтқан батырдың жаңғыз үй айдалада отырғаны жараса ма? Бiздi қинайтыны
осы. Қалай десеңiз де халқыңыздың ортасында болғаныңыз жөн.
Тоғанақ күлдi:
— Алдыраз болсын. Жақсы сөз айтып, кеуiлiмдi бiр көтерiп тастадың. Ау, мен ата
қонысыма қайтпайын деп жүрмiн бе? Қайтармай жүр ғой.
— Оның дұрыс қой. Дегенмен де... бiрақ... Жақында бiр кiсi Қазалыға барып, мән-жайға
қанып қайтты. Ендi шайқасуды қойдық, ата қонысымызға көшуге лұқсат бер деп өтiнiш
етсе, жандаралдың жiбитiн түрi бар деп келдi. Соны естiп, мына iнiм хат жазайық деп маған
жалынды. Сосын кеңесейiк деп өзiңiзге келдiк.
— Мұның өзi... қайдам. — Тоғанақ сәл-пәл iркiлдi.
— Жарайды, бiздер сүйдеп хат жазайық. Бiрақ оныңды жандарал хош көре қояр ма
екен? Сосын... басыңды иiп жату деген өзi...
— Төке, бұл бас ию деген сөз емес. Ерегiсе берсек, саны көп жау кейiнгi ел-жұртқа көп
зиян жасай ма деп қорқам. Сондықтан, осылай да бiр амал жасап көрсек дейiм, — дедi
Әбдiржан молда жалынғандай түрмен.
— Одан не өне қояр екен?
— Өнбесе, ат-тонымызды сыпырып алмайды ғой. Онда Сырға мүлдем бармай қоямыз.
Бұяқтан бiздi бiреу қуып атыр ма?
— Қайдам. Осының түбi шикi шаруа ма дейiм. — Ол ұзақ ойланды. Сәлден соң
кiсiлердiң шәйдi сораптап iшкендерiне дейiн анық естiлiп тұрды. Бiраздан соң барып
Тоғанақ қолайсыз тиыштықты бұзып: — Жарайды, сендердiң де дегендерiң болсын. Хат
жазсақ, жазып көрейiк. Сонда оны кiм апарып бередi? — дедi.
— Өзiм. — Әбдiржан молда қуанғанын жасыра алмай, күлiп жiбердi.
— Мақұл онда. Өзiң дұрыстап тұрып жаз. Мен бармағымды басайын. Бiрақ сақ бол.
Олар ұстап алып, осы жерге атты казактарымен келiп жүрмесiн.
— Оның бетi әрмен. Кәлләмды қағып алса да, мұнда әскер әкелмейiм ғой.
Сол түнi олар кештеу жатты. Ертесiне Әбдiржан молда Тоғанақ, Байбарақ екеуiнiң
атынан хат жазып, олардың бармақтарын бастырып, Сыр бойына кеттi. Байбарақ
Әбдiржанды бiраз жерге шығарып салайын деп бiрге аттанды.
Олардың қарасы көрiнбей кеткесiн, Тоғанақ сыртта отырып, өткiр пышағымен тал жона
бастады. Оның жұқа қабығын сыдырып отырып, кенет бiр ойға табан тiредi. Кемпiрiне
қарап:
— Жық үйдi, — дедi.
— Е, неге? — Кемпiрi таңырқай қарады.
— Сақтықта қорлық жоқ деген. Кәзiр мен де бiр жүрген дүз қасқыры емеспiн бе?
Қандай заман болатынын кiм бiлiптi? Мына жерде көп отырып, iргенi тақырлап тастадық.
Аударылып қонайық.
Кемпiрi ештеңе демедi. Сол күнi Тоғанақ үйiн жығып, екi түйеге тиеп, Қарақ тауының
басқа бiр жағына көшiп кеттi.
14
Соңғы кездерi Нияздың жадынан әлдеқандай бiр қоңыр саз арылмай қойды. Қайда
жүрсе де, соны ыңылдап айтып жүргенi. Бүгiн ерте тұрып, өмiрi iстемеген әдетiн iстеп,
сыртқа шығып, анадай жерде тұрған Қаракөкке барып, жалынан сипады. Жануар бұған
қарай басын бұрып, үлбiреген мап-майда ернiмен жеңiн, қолын иiскедi. Көптен берi қарауға
шамасы келмей кеткендiктен, Қаракөктiң күйi тая бастапты. Жал-құйрығына жабысқан
ошағанына шейiн алынбапты. Нияз оған жаны ашып кетiп, жалын, құйрығын ошағаннан
тазартты. Арқасын сипап қойып, жетелеп отырып, бұлақ басына апарып суғарды. Сосын
кеңдеу етiп тұсап, ажырығы сарғайған жазықтау жерге апарып қоя бердi де, керi қайтты.
Жолшыбай келе жатып баяғы Ағлестi есiне алды. Сол екен, жан түкпiрiнде көмулi жатқан
әлдеқандай бiр көмескi нәрсе шымырлап қоя бердi. Ол көптен берi жанын ауыртар осы бiр