Стр. 132 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

131
жәйттi ойламауға тырысып жүрген-дi. Ендi қайдан сап ете қалғаны белгiсiз, Ағлестiң
әдемiше жүзi, ерке мiнезi көз алдына кеп, алыстағы бiр алдамшы елестей арбап, ұзақ тұрып
алды. Со жолы батылсыздық жасаған өзiнен де кiнә болды. Әкесi Сағынай Нарманды өзiне
тең көрмей, кеулi қалаған қызды алдырмай қойды. Сүйтiп жүрiп, таңдаған тазға
жолығадының керi болды. Мына келiншегi көкбеттенiп ұрысқан сайын ол есiне Ағлестi ала
бередi. Кәзiр пақыр қайда жүр екен? Жаны қаламаған басқа бiреудiң қойнында жатып, түн
баласында өксiп жылап, өзiн еске алатын шығар? Әлде тастай қатып, мұны сыртынан
даттап, ұмытып та кеткен болар? Кiм бiлiптi? Әйтеуiр мұның бiлетiнi, со жолы Қалдыбайлар
iзiнен қуып барып, қалыңдығын алып қашқанда, түрiкмендердiң өкше iзi Шымбай жағына
қарай кеткен екен дескен-дi. Одан кейiн әлемет заман орнады. Орыс орам алып, талай
заманалар бойы тып-тиыш жатқан Сыр бойы дауыл соғып, ұйтқып толқыған дария бетiндей
болды да кеттi. Сүйтiп жүргенде әкесi қайтты. Қаралы көшке атты казактар шапқанда бұл
Жәнiбектiң тобында боп, төнiп келген ажалдан шаққа құтылған-ды. Содан берi жарты
жылдай уақыт өттi. Әкесiнiң қырқын, жүзiн берiп, негiзгi мiндетiнен құтылып, еңсесiн
тiктеген кезi жақында ғана. Нияз әрi қарай кеуiлiн бұзатын жәйттi ойлағысы келмей, аяңдап
отырып, үйiне келдi. Мамық шәйдi дайындап отыр екен. Келе бiрден ол қолына домбырасын
алды. Жаңағы ойында сыңғырлап тұрған сазды пернеге түсiре қоймақшы едi, әйелi қабағын
шытып:
— Осы бiр сайғағыңнан айрылмай-ақ қойдың-ау, — деп қабағын шытты.
— Ойпырмай, сенiң домбыра көрсең жының қозатыны несi? — деп Нияз ренжiп,
домбырасын алдына қоя сап, қолын кесеге қарай созды.
— Әуелi шайыңды iшiп алмайсың ба? Сосын маған десең, кешке дейiн тарт!
— Жарайды, қойдым.
— Қойсаң да, қоймасаң да осы. — Келiншегi көкбеттене бастады. Оның ұрыс
бастардағы әдетi осы. Тiлiн жанды жерiңе сұғып-сұғып алғанда, шыдап отыруың қиын. Ол
тағы да бiрдеме дегiсi кеп аузын аша бергенде, сырттан дүбiр шықты. Мамық жалт қарады.
Iшке ассалаумағалайкүмiн айтып әлдеқандай бiр кiсi кiрiп келдi. Басында айыр қалпағы
бар, сирек мұртты, сылыңғыр қара жiгiт бұл нұсқаған жерге отырды. Үстiндегi киiмiне
қарап, бұл оның қарақалпақ екенiн бiле қойды. Ол қысқаша амандық-саулықтан соң:
— Аға, қалай мал-жандарыңыз аман ба? — дедi.
— Шүкiршiлiк. — Нияз оған бұрылды. — Жiгiтiм, жөн сұрасқанның айыбы жоқ деген.
Қай жақсы боласың?
— Аға, бiз мына Дәуқара жағынанбыз. Асылым қарақалпақ.
— Е, жай жүрсiң бе?
— Жоға. — Ол шайдан бiр ұрттап қойды. — Өзiңiз бiлесiңiз, бұрыннан ауылымыз
аралас, қойымыз қоралас жатқан егiз ел едiк. Ана бiр жылдары шайтан араға түсiп,
араздасып кеттiк. Содан берi екi ағайын елдiң арасында аяқ-табақ қатынамай қойды. Соны
қайтадан жалғайық деп бiздiң ақсақалдар гүррiң етiстi.
— Е, бұл өзi... дұрыс екен, — дедi Нияз кеуiлденiп.
— Елiмiзде үлкен бiр шалымыз бар едi. Соның үш қатынынан дөреген балалары жастай
шетiнеп, тұрмай қойды. Содан кейiн есiгiнде жүрген күңiмен кеуiлi жарасып, ұлды болды.
Соның тойын жақында жасағалы жатыр. Оған бүткiл Хиуа атрабындағы елдi шақырмақшы.
Қазақтың жыраулары мен бақшыларды жарыстырмақ. Соған сiздi арнайы шақыра келдiм. —
Жiгiт бұған әдеппен қарады.
— Мынаусы... қызық екен, — дедi Нияз ойланып отырып. — Сонда кiмдер келмек?
— Ойбай, жүдә көп.
— Көп болғанда... өзi..
— Тойға қарақалпақ пен түрiкменнiң ең даңлы бақшылары шақырылды. Бәрiнiң iшiнен
озып шыққан жырауға тоғыз бастатқан түйе, мауыты шапан, тайтұяқ бермекшi. Басқа
сияпаты да жетерлiк.
— Онда дұрыс екен. Қол тисе барармын, — дедi Нияз кеуiлденiп.
Қарақалпақ жiгiтi кеткесiн Нияз өзiн-өзi баптауға кiрiстi. Тамақты көп жемей, тек ыссы
сорпа ғана iшiп, үш күн бойы ашықты. Ара-арасында домбырасын қолына ап, қоңыр үнмен
ыңырантып, даусын байқап көредi. Қатты айқайлап айтуға тамағымды жыртып алам ба деп
сескенедi. Сүйтiп тағы да бiр күн бабын жасады. Төртiншi күнi дегенде өзi iлмиген
сұңқардай бабына келгенiн байқады. Домбырасын күрпiлдете тартып, Сыр бойының адам
жанының ең бiр нәзiк қылын шертетiн сазды термелерiн солқылдата кеп, қоңырлатып әндете
жөнелдi. Ол әуендi боздатып соза келiп, бiрте-бiрте даусын күшейтiп, кенет ащы айқайға
басып кеп жiбердi. Төменгi сағадағы пернеде саусағы дiрiлдей тұрып ап, бозторғайдың
лыпылдай қаққан қанатынша бiр әуендi толқыта созып, бiраз аңыратты. Содан кейiн барып
жүрдек жырды төге жөнелдi. Бiраз айтқаннан кейiн барып, ол соңғы кезде жаттап алған,
түрiкменшеден қазақшаланған “Көрұғылы” қиссасының бiр тұсын аңыратып айта жөнелдi.
Бұл қиссаны Кете жұртының басщасынан кещесiне дейiн жатқа бiлдi. Ана бiр жылы сояқты