Стр. 133 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

132
аралап жүргенiнде, бiр жырауымен кездесiп, қолқалап отырып бастан аяққа жаттап алған-
ды. Содан берi мұны алқа топтың алдында жырлап көрген емес. Ендi есiне қиссаның әр
бабын түсiре отырып, әр қайсысына лайқат сазды таңдап алып, қайтадан айтпаққа оқталды.
Онда да түгел емес, әр жер-әр жерден шолып шықпақ болды. Сүйттi де домбыраның
құлағын қайта бұрап ап, Қаразым мақамына үйлес бiр әуенмен солқылдата тартып, аңырата
жөнелдi. Айта келе өзiнiң осы мақамды тез әрi жақсы меңгерiп алғанын байқады. Әсiресе,
соңғы жағына кеп, оу-у-у деп созғанда, боталы iнгеннiң боздағанындай бiрдеме естiледi
екен. Сондай да тiрi пәндәның сай-сүйегi сырқырап кетуге тиiс. Сосын Көрұғылынуң
Шағдат ханның қамалынан шығып, елiне қарай қашатын тұсын ерекше бiр екпiндi ырғақпен
айта бастады. Ара-арасында әңгiме соққандай тақпақтатып, домбыраны бiр қағып қойып, әр
қарай тартпай, заулата жөнелдi. Iшiнен бұ да есте болатын тәсiл екен дедi.
Нияз ертеңiне кештеу тұрып, тағы да ыссы сорпа ғана iшiп, үй iшiнде ұзақ терлеп
отырды. Тұла бойынан арам тер кеткен сайын денесi жеңiлдеп, қунақ тартып сала бергендей
болды. Әйтеуiр, өзiн-өзi өте жақсы сезiндi. Сосын тойға дейiн әлi жарты айдай уақыт барын
есептеп шығып, демалғысы кеп, Жәнiбектiң ауылына бармаққа ниетi ауды. Тер басқасын,
үстiне шекпенiн, басына көк қаракөлден тiгiлген бөркiн киiп, Қаракөкке ер салды. Бұ кезде
жем-суға қараған Қаракөк те баяғы қалпын тапқан екен. Оның түгi жылтырап, сауыры
төңкерiлiп, бәйгiге шабатын ыңғайы көрер көзге бiлiнiп тұр.
Нияз атын жалынан сипап, еркелетiп тұрып, тартпасын орташа етiп тартты. Сосын ер
үстiне қонып, сипай қамшылап, Жәнiбектiң ауылына қарай бет алды. Кетiп бара жатып,
өзiне әйелiнiң әрi қызғана, әрi жеп жiберердей боп қарап тұрғанын байқап, iшiнен әлденеге
дiр ете түстi. Бiрақ сыр алдырмады. Iшiнен:“Бұл ұрғашыны қой!” — дедi де, Қаракөктiң
әдемi бiр жорғасына салып, ауылдан ұзап шыға бердi.
Бұл кезде қазан айы туып, шөп сарғайып, даланың өзiнiң бiр ерекше келбетiне енген
шағы едi. Әсiресе, Құлдың баурайы сары алтындай жарқырап, көз қаратпайды. Сонау көз
жеткiсiз қуаң далаға барып ұштасып жатқан жасыл алқап кәзiр сарғыш тартып, бiр тегiс боп,
түлкiнiң жонындай тұтаса көрiнедi. Нияз сол жердi кесiп өтiп келе жатып, бағанағы сөздiң
қайтадан кеуiлiне орала кеткенiне қайран қалды. Дереу киiз қабындағы домбырасын алып,
құлағын келтiрiп, жаңағы сазды түсiрiп алмаққа оқталды. Пернеге қолы тие бергенi сол едi,
әлгi бiр әдемi саз кенеттен жоқ болды. Қанша тырысса да, есiне түспей қойды. Қайта
пернеден шыққан басқа бiр үн мұның кеуiлiндегi жаңағы бiр боздата салынатын, мұңлы
сазды ұмыт дегендей құлағын қырнайды. Нияз қынжылып, домбырасын қайтадан киiз
қабына салды да, атын тебiнiп, жүрiп кеттi. Жолшыбай келе жатып, өзiне-өзi, бұ немене,
дедi. Соңғы кездерi өзi де аздап өлең шығаратын болып жүрген. Әрине, ана Ермағамбет
шайырдың жырларындай құйылып тұрған жоқ. Ара-арасында кейбiр сөздiң келiспей, өзара
жымдаспай жатқанын iштей байқайды. Оны тегiстеп жiберуге әзiрге шамасы жетер емес. Ал
ендi мына бiр саздың көкейiне қонып, қайта-қайта келе бергенiне жол болсын. Ол өз
қалпына өзi түсiнбей, ендi Қаракөктi тездете жүргiзiп отырып, ағасының ауылына келiп
тоқтады.
Жәнiбек үйде екен. Ол мұның домбырасын көрiп, кеуiлденiп:
— Ә, кел, кел, — дедi. Сосын бұған күле қарап: — Ау, өзiң бүгiн домбыраңды арқалап
жүрсiң ғой. Мынауың бiр жақсылық болмасын? — дедi.
— Жәй, былай, — дедi Нияз қызарақтап. Ол қаншама төселген жырау болғанымен жұрт
алдында домбыра ұстап, көлбеңдеп жүрудi ұнатпайтын едi.
— Қой, жасырсаң да, бiлiп атырмыз. Қарақалпақтарды бiр барып таңғалтып
қайтсайшы. Олардың бақшыларының да әдемi бiр мақамдары бар.
— Мен де естiгем. — Нияз көрпеше үстiне отырды. Оны көрiп, Ақкербез қайнысымен
жылы ұшырай амандасты да, орнынан тұрып, көйлегiнiң етегiн қолымен төмен түсiрiп, шәй
қоймақшы боп, сыртқа шығып кеттi. Нияз ағасына қарап: — Соңғы жаңалықты есiттiң бе?
— дедi.
— О қандай жаңалық?
— Ана Тоғанақтар жандаралға кешiрiм сұрап, ата қонысымызға көшiп баруға лұқсат ет
деп хат жазыпты.
— Қойшы?! Рас па? — Жәнiбек таңғалды.
— Iж жалғаны жоқ. Оны ана Әбдiржан молда алып кетiптi. Содан бiр ай өтсе де, әлi
хабар жоқ дейдi.
— Әй, олар кешiре қояр ма екен? Сосын оның... керегi де бар ма? — дедi Жәнiбек
iнiсiне тура қарап.
— Керегi бар-жоғын қайдан бiлейiн. Не десең де ата қоныстың жөнi бөлек қлй.
— Оның рас. Бiрақ iстейтiн не лаж бар? Жаманшығанақты сен түгел, мен де сағынып
жүрмiн. Қайтып барсақ, қайдам... Бұяққа үйренiп қалғандаймын.
— Мен де, — дедi Нияз оны қоштап. — Бұ жақтағы Аспандардың кеуiлi кең екен.
Шеттетпей қарсылап жатыр ғой.