Стр. 140 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

139
Ағлес осы кезде басын көтерiп ап, Нұриддинге тура қарамай:
— Сiзге менiң iж өкпем жоқ. Балаңыздан кем көрмедiңiз, — дедi қаттырақ сөйлеп. —
Ал ендi мына жайға келер болсақ, құдайдың әзәлда жазғаны осы да. Мен де бiр түздiң жел
қуған қаңбағымын. Тұзымды сiзге түсiргесiн, не амалым бар. Оған iж өкпем де жоқ. Ендi
базарым тарқай бастаған кезде онымен бас қосып, не қызық табам? Басқа байға тигеннiң аты
тиген. Қанша дегенмен Нияздың ойында сол тұрады да қояды. Одан да осы халым жақсы.
Сiз менi қинамаңыз.
— Өй, бәрекелле!
— Өзiнiң ақылы бар екен!
— Дұрыс айтады, — деп, қарақалпақ жағы шуылдасып алды.
Нұриддин екi ұдай боп:
— Қарағым, сен олай деме! Құданың құдiретi шексiз. Бiреу ерте, бiреу кеш деген.
Нияздың кеуiлiндегi сызат жазылмас десең, менiң кеуiлiме түскен сызат сонда қалай
жазылмақ? Одан да асарын асаған, жасарын жасаған маған сол сырқатты қалдырыңдар да,
өздерiң бiр-бiрлерiңе емшi болыңдар, — дедi.
Сол арада Ағлес iлгерi қарай бiр аттап, құндақтаған бөпесiн құшақтаған қалпы:
— Отағасы, сiздiң бiр құдайдан тiлеген жан екенiңiздi баяғыда-ақ бiлгем. Мұндай
екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi, — деп алқынып, демi дiрiлдеп барып тоқтады. Сосын
жұртқа жағалай қарап: — Ау, ел-жұртым, тойдың соңы бұлай болды деп сөге көрмеңдер.
Басы бос кезде қызды кiм айтпайды, қымызды кiм iшпейдi? Мына Ниязбен арамызда ондай
әңгiменiң болғаны рас. Бiрақ оның әкесi батасын бермей қойды. Сол әкесi жақында қайтыс
бопты, — деп барып тоқтады. Сосын сұрланып ала қойды. Сөзiн әрi қарай жалғастырды: —
Бүгiнгi күнi... со кiсiнiң бермеген батасын бергендей көрiп, мен... ояққа бара алмайым. Неде
болса, басқа салғанға көндiм.
— Ағлес, сен... сен, — дедi Нияз дызығып, орнынан түрегеп.
— Жоқ, болды. Айтқаным айтқан. Ал, сау бол, — дедi де, Ағлес ендi қоңырайып, көзiне
келiп қалған жасты көрсетпей, жалт бұрылды да, қараүйге кiрiп кеттi. Артына бiр рет
бұрылып қараған да жоқ.
Нияз қап-қара боп кеттi.
Қарақалпақтар ыңғайсызданып, әр жерден тiл қатысты:
— Өзi айтты ғой!
— Қаламаған кiсiсiне кәйтiп барады?
— Оны... бекер қинамайық.
— Сөз осымен тамам.
Сол арада Қалдыбай жақын кеп, Ниязды жеңiнен тартты:
— Ендi... болмайды. Кетейiк. — Ол мұның арты шатаққа ұласып кетер деп қауiп
ойлаған едi.
Нияз салы суға кетiп, Қаракөкке кеп сүлесоқ мiндi. Нұриддинмен, той жасаған
кiсiлермен қош айтысып, Сырға қарай сызып бердi. Жолшыбай ешкiм де тiс жарып,
сөйлескен жоқ.
Олар әлгi ауылдан ұзап шыққаннан кейiн жiтi жүрiп отырып, Боқан тауының етегiне
тақап барып, бiр қазақ ауылына кеп қонды. Сол түнi Нияз домбырасын қолына алып, баяғы
мазалаған сазды еркiн тартып, Ағлеске арналған ең бiр ыстық сөздерiн қосып, ән шығарды.
Сол гөй-гөй күңiрене келе бiрте-бiрте қуанышқа, назға айналып, енесiн iздеген ботаның
боздағанындай бiрдемеге ұласып барып тынды.
Ертеңiне жолда келе жатып Нияз сол өзi шығарған әндi кең даланы жаңғырықтырып
айта бердi. Талай жылға созылған осы бiр қайғылы жағдай ақырында гөй-гөй-леткен әнге
ұласып, өшпес махаббаттың отындай боп, талай кеуденi жылытып, талай кiсiнiң жан
түкпiрiнде жатқан сырды ең бiр ыссы сөздерiмен оятып, сахараға жыр-аңыз боп таралып, ата
қоныстан берiк орын теуiп жатты.
16
Жаңадан болған генерал-губернатордың ыңғайы қалай болады екен деп Ережептiң
кеуiлi әбден күптi боп бiттi. Тағы да ана Елмырза пысықтық жасап, мұның алдын орап кетiп,
ұлықтың аузын алып қоя ма деп қорықты. Соны болдырмайын деп бүгiн ерте тұрып,
Қазалыға барып қайтпақшы едi, таңғы шәйдi iшiп жатқанында бiр топ кiсi сау ете қалды.
Олардың арасында Асан Байбосын, Татыран Тәбекен бар. Бұлар анадағы шайқас кезiнде
көтерiлiсшiлердi майданда тастап, қашып шыққаннан кейiн, ол ел iшiне жолай алмай,
Қырды жайлап жүрген-дi. Олар iзiнен бастырмалата қуған Байбарақ батырдың қолынан әзер
алдалап құтылып кеткен едi. Сосын орыстардың қырдағы бекiнiстерiне жақындап қонып,
қит етсе, олардан көмекке әскер сұрап, зәресi әбден зәр түбiне кетiп жүрген едi. Содан берi