Стр. 141 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

140
олардың Сыр бойына аяқ салып отырғандары осы. Ережеп оларға сынай қарап, аузының
ұшымен емеурiн бiлдiрдi де қойды. Сосын олардың iздерiне ерткен басқа жiгiттерiне көз
салып едi, оларды бұл жыға танымады. Кейбiреуiн мүлдем көрмептi.
Ережеп олардың бұлайша аяқ астында топылып келгенiнiң себебi неде деп ұзақ
ойланып қалды. Амандық-саулық сұрасып боп, Нағиманың ерiне созған кесесiн оларға iш-
же деп алып берiп отырып, ол бiр сәт мұның астары бар ғой деп түйдi. Оны сұрауға
асығыстық болар деп батпады. Қонақтар да ашыла қоймай тұйықтала бердi. Бiрде Ережеп
Байбосынға қарап:
— Өзiң Қыр жағына бұрын көп шыға қоймаушы едiң. Ояқ маса-сонасы жоқ, малға
нағыз жайлы жер ғой. Соған табаның бiр iлiккесiн, ел жақты ұмытайын дегенсiң бе? — деп,
көзiн сығырайта ыржиды.
Байбосын күле түсiп, аз iркiлдi. Сосын жымырайып:
— Ондайым да жоқ емес, — дедi. — Баяғы бiр кең заманда жақын жердi жайлап,
қыстап, әдет алғасын ба, онша көп алысқа ұзай бермеушi ем. Осы жолы не де болса деп Қыр
Шектiлерiнiң қонысына ауыз салдым. Шынында да сояққа бауыр басып қалғандаймын.
— Кiсi Қырға бiр үйренсе, маса-сонасы көп Сыр бойына қайтып келе қоймайды.
— Оның рас.
— Сонда дейiм-ау, алыс жерден ат арытып келiп отырғаныңа қарап, — деп Ережеп
сөзiнiң соңын жұтып, өтiрiк күлiп тоқтады.
Байбосын сәл-пәл кiржидi:
— Үйтерлiктей себеп болып тұр. Ана бiр кезде, өзiң бiлесiң, Тоғанақ елдi
дүрлiктiргенде, ана шендi ұлығың менiң басымды айналдырған едi. Соның арасында сен де,
Елмырза да бар едiңдер. Сендердi мен ел ағасы, азамат деп ойлап, сондай бiр әрекет жасап
едiм. Оның ақыры осы не болды? Мен болсам, сөзiмде тұрдым. Ал сенiң ұлығың дымын
сездiрмей, тымырайып жатып алды.
Оның сөзiн естiген Ережеп қабағын шытып, сәл ренжiген түрмен:
— Сол ұлыққа өзiм де өкпелеп жүрмiн, — дедi. — Екi ортаға менi салып, бар абырайды
ана Елмырза алып кеттi.
— Ау, сен ана жаңадан сайланған ханның оң қолы емессiң бе?
— Өй, ол қай бiр оңып тұрған шаруа дейсiң? Жақында Өткелбай хан бола алмайтынын
бiлiп, Қыр жақтағы өз ағайындарына көшiп кеттi.
— Е, неге?
— Ол арасын бiле алмадым. — Ережеп екi иығын қиқаң еткiздi.
— Ендi... жаңадан кiм хан болмақ?
— Ол арасы да белгiсiз. Бiр естуiмше, хандық дейтiн жойылып, оның орнына үйез
дейтiн бiрдеме ұйыстырылатын көрiнедi.
— Апырмай, ә? Естiмеген елде көп деген, — дедi бағанадан берi iшiн тартып отырған
Тәбекен күңк етiп. — Сонда ол өзi... қалай...
— Қалайын қайдам. Менiң бiлетiнiм, үйезге орыстан бастық болатын көрiнедi. Оған
қазақтардың ауылдарынан сенiмдi кiсiлер көмекшi етiп тағайындайды дейдi.
— Е, мұнысы бiр дұрыс екен, — деп Байбосын кеуiлденiп қалды. — Онда сол
көмекшiге ылайқат өзiңнен басқа кiм бар? Шаршыңа кеп толып тұрсың. Со кезде мына
жаман ағаңды ұмытпассың.
— Оған не сөз бар. Ондай атты күн болса, сiздердi бiрден шақырып алам ғой, — дедi
Ережеп ашыла сөйлеп. — Тек ертең... сайлау кезiнде қолдап шықсаңдар жарап жатыр.
— Е, сенi қолдамай, сонда кiмдi қолдаймыз? Ауызбiршiлiктiң нағыз керек тұсы осы
жер. Орысқа сенiмдi боп, билiктiң бiр пұшпағын ұстасақ, жетедi ғой, — дедi Тәбекен де
кеуiлденiп. Сосын ол Байбосынға бiр рет көз тастап қойып, ақырындау дауыспен: — Ал ендi
саған келген шаруамызды айтайық. Осы ғой анада бүлiншiлiк кезiнде бiзге үкiт таратқан
өзiң. Саған сенiп, майданнан қашамыз деп, мына ел-жұртқа жеккөрiнiштi болдық. Кәзiр
пәлен едi дегенiңе iжкiм де сенбейдi, — дедi. — Сондықтан да бiздiң ойымыз осы iстi
аяғына дейiн апарсақ деймiз.
— Сонда қалай? — дедi Ережеп жорта түсiнбей.
— Оның iж қалайы жоқ. Кәзiр орыс ұлығының қайтадан бүлiншiлiк басталып кете ме
деп, Тоғанақтың iзiне ит салып iздестiрiп жатқанынан хабардармыз.
— Ол рас.
— Бiрақ жандарал батырдың өкше iзiн де таба алмай отыр. Соған... бiз... Байбосын
екеуiмiз... бел шешiп дегендей...
— Немене, сонда... тауып бермексiңдер ме? — дедi Ережеп мыналардың пиғылынан
iштей тiтiркене түсiп.
— Ендi... былай... — Байбосын мүдiрдi. — Қолмен ұстап бермесек те, көземелдеп
дегендей. Үйткенi оның барар жерi де, басар тауы да бiздiң алақанымызда.