Стр. 142 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

141
— Апырмай, мыналардың өзi бiр... дұрыс нәсте екен, — дедi Ережеп жорта қуанған
түрмен. — Менi өздерiң бiлесiңдер, осы елдiң кiсiсiмiн. Содан ба, ұлық бұ шаруаға менi
араластырмай қойды. Шамасы сенбейдi-ау. Содан кейiн барлық iстi ана Елмырзаға
тапсырған. Сендер сол төреге барып, бәрiн айтсаңдар, ол, сөз жоқ, сөздерiңдi ұлыққа
жеткiзедi. Содан кейiн ұлық сендердi шақырып ап, не iстеп не қою керек екенiн айтады.
Асылы сендер Елмырзаға барыңдар.
Байбосын бұған сенбей қарады:
— Сонда қалай? Оны Елмырзаға тапсырғаны нес?
— Оны ана ұлықтан сұра. Маған тапсырса, сендерден жасырып не жыным бар?
— Апырмай, ә? Мұндай да болады екен? Бiр жақтағы Аламесекте жатқан төреге
батырды тауып бер дегенi несi? Оны бiзден басқа кiм табушы едi? — дедi Тәбекен басын
шайқап.
Ережеп олардың сөзiне сенбедi. Тағы да қатал дауыспен қайталап:
— Шынында да мұны Елмырзаға тапсырған. Соған барғандарың дұрыс, — дедi. Ол
мыналардың қасында отырған түрi-түсi бөтен жiгiттерге қарап қойды. Iшiнен: “Кiм бiледi,
сақтық керек. Ертең мыналар гөйiтiп, былжырап жүрсе, өсекке қалғаның”, — дедi.
Байбосын сол арада тоңқ ете қалды:
— Әй, осы сен не деп отсың, а? Бiз саған арқа сүйеп келдiк. Жазығымыз шынымызды
айтқанымыз ба? Анада бiздi азғырғанда жақсысың, ендi кеп бiздi ақымақ қылдым деп, олай-
бұлай сырғисың. Сонда ақымақ қылғаның мына бiз бе? — Ол оң қолымен кеудесiн қойып-
қойып қалды.
Сол арада Ережеп аңсыздық жасап:
— Ау, сендерге майданнан қашып кет деген кiм? Мен айтсам, ертең бөлiнiп шығыңдар
дедiм. Онда да ұрысты бастамай тұрып дедiм, — дедi.
— Е, ендi түсiнектi. Сен бiздi қу тақырға отырғызайын деген екенсiң! Елге бiр
жаманатты ғып, орыстың ұлығына екi жаманатты ғып, қатырғың бар, ә? Онда сенiң әуселедi
көрiп алайын, — деп бағанадан берi тырсиып, ашуы бетiне теуiп, қаракүреңiтiп отырған
Байбосын мұны жағадан ала кеттi. — Тап, әкеңнiң аузын...
Ережеп оны бүйтедi деп ойламаған да едi. Ол жағасына жармасқан қолды босатпақ боп,
тырмысып едi, Байбосынның қысқа саусақтары темiрдей қатты екен. Оңайлықпен
жазылатын түрi жоқ. Тынысын тарылтып, қысып барады. Шәй құйып отырған Нағима
шошып қап, орнынан түрегеле сала, сыртқа ата жөнелдi. Сол медет боп, Ережеп бұлқынып
едi, үстiне қона түскен Байбосын шойындай жұдырығымен бас-көзiне қарамай былш-былш
ұра бастады. Оған Тәбекен де көмектесiп жатыр. Ол ауыр етiгiмен мұны бүйiрден ыңқ
еткiзiп, бiр-екi рет теуiп жiбердi. Сол арада басқа жiгiттер де ұшып түрегеп, ызаланып:
— Осы түлкiнiң-ақ азары өттi ғой! Әкелшi өзiн! — деп кiжiне сөйлеп, үстiнде жатқан
Байбосынды керi ысырып, мұны қамшының астына алды.
Ережеп қос қолымен бетiн, басын қорғаштады. Дойыр қамшылар сарт-сарт етiп, бетiн
тiлiп кеттi. Ол қолына әлдеқандай бiрдеменiң жылып аққанын сездi. Оның қан екенiн бiлсе
де, сүртпестен, басын қарша жауған қамшыдан қорғалаштай бердi. Ендi жiгiттер мұны
азсынғандай, ауыр етiктерiнiң үшкiр тұмсығымен тепкiлей бастады. Ендi өлдiм-ау дегенде
сырттан осы ауылдың жiгiттерi қадағаштары мен сойылдарын көтерiп, iшке кiрiп-кiрiп
келiстi. Олар келе мыналарды тарпа бас салды. Байбосын мен Тәбекеннiң жiгiттерi де ыққан
жоқ, — бiрден төбелесе кеттi. Қырғын апыр-топырдың кезiнде Байбосынның бажылдап:
— Сыртқа шығайық! Аттарымызды қуып кетпесiн! — дегенi естiлдi.
Сол екен, жiгiттер сыртқа қарай ата-ата жөнелдi. Мұның жiгiттерi олардың iздерiнен
жүгiре шықты. Байбосынның жiгiттерi аттарына жаңа мiнiп жатқанда, тағы да қырғын
төбелес басталып кеттi. Сол арада Байбосын бiр ақыл тауып, қолына қынабынан суырып
алған қылышын жарқылдата ұстап, қатты ақырып:
— Өлгiлерiң келмесе, қашыңдар! — деп Ережептiң жiгiттерiне ұмтылды.
Қылышты көрiп, қорқып кеткен олар дереу ығыстай бердi. Сол сәтте атқа мiнiп
үлгерген жiгiттерiн бастап, Байбосын қатты айқайлап:
— Тарттық! Тарттық! — деп күнбатысқа қарай дүбiрлетiп шаба жөнелдi.
Ережеп сыртқа олардың соңдарынан жүгiре шыққанды. Бұл қолына түскен бiр
сойылды ала сап, ендi ұрам деп ұмтыла бергенiнде, Байбосындар қашып құтылды. Соны
көрiп, Ережеп қап-қара боп, өлердей қорланып:
— Қап, әкеңнiң аузын... сенi ме? Осыдан тұқым-тұқияныңа дейiн құртпасам, Ережеп
атым құрысын! — дедi.
Оның қасына бiр жақын iнiсi кеп, сескенгендей түрмен:
— Аға, басыңнан қан ағып тұр. Киiз күйдiрiп басайық, — дедi.
— Не, не?
Ережеп сонда ғана өз үстiнiң қызыл ала қан екенiн көрдi. Ернiне қан жұғып, оның бiр
түрлi кермек дәмi мұрнына келдi. Сосын не iстерiн бiлмей, қолын сiлтей салды. Өзi барып,