Стр. 145 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

144
алты жiгiт қосып, Дiнәлiнi Қазалыға аттандырып жiбердi. Захваткинге ауырып қалдым,
сауалғасын барам деп сәлем айт деп, қатты тапсырды. Сосын үйге кiрiп, жарасын жуып
тазартып, төсекке қисайды.
17
Елмырза Захваткинге кеп, Тоғанақтың жасырынып жүрген жерiнiң шамасын аңдағанын
айтып едi, — басы пәлеге қалды. Ол мұрты едiрейiп, ата қораздай аяғын қаздаңдай басып,
кеңсенiң ағаш тақтайын нәлдi етiгiнiң өкшесiмен сықырлата басып, әрлi-берлi жүрiп алды.
Сосын бiр мезет тұра қап, бұған көзiн өңменiнен өткiзе қадап:
— Жақында сояқтан бiзге бiр молла келген, — дедi.
— О нағылған молла? — дедi Елмырза таңырқап. — Қаяқтан?
— Жаңағы киргиз... жүрген жақтан, — дедi Захваткин оң қолының сұқ саусағын
шошайтып. — Олар генерал-губернатордың атына өтiнiш жазыпты.
— Е, не дептi? — дедi Елмырза бiлуге ынтыға түсiп.
— Не десiн, жаздық, жаңылдық, бұрынғы ата қонысымызға қайтып көшiп баруға
лұқсат етiңiз дептi.
— Иә, сосын, — деп Елмырза астындағы орындығын қолымен ұстап, iлгерi қарай бiр
ысырылып отырды. Сол сәтте оның қара бұжыр бетiне қан ойнап шыға келдi.
— Сосын не болсын, мен оны Орынборға жiбердiм. Жақын арада соның жауабы келiп
қалуға тиiс.
— Сонда... жандаралдың не деп жауап беруi мүмкiн? — Елмырза өзiнiң сөзiн дыбырлап
аударып жатқан Дiнәлiге сенбей қарап қойып, iшiнен: “Мынаған да күн қарағасын”, — деп
қыжыртты.
— Қайдам... — Захваткин кенет жүруiн тоқтатып, екi қолын биiк орындықтың
арқасына тiреп, бұған тiке қарады. — Қалай дегенмен, ол — Ресей империясының хас жауы.
Ондайларды құртпай болмайды. Сiз бұ жөнiнде қалай ойлайсыз, а?
Елмырза оның өзiне тесiле қараған көк көзiнен тайсақтап, бiр түрлi тiтiркенiп кеттi.
Сосы кәпелiмде не дерiн бiлмей, жүзiн төмен салып:
— Ұлық қалай ойласа, мен де солай ойлайым, — дедi.
Захваткин қарқ-қарқ күлдi:
— Нағыз Орта Азия кiсiсiнiң жауабы! Әй, қулар-ай, алдырмайды-ау, алдырмайды!
Дiнәлi оның сөзiн бұған басқаша етiп аударды. Бiрақ Елмырза Захваткиннiң жүзiне
қарап отырып, оның өзi туралы не айтқанын ұқты. Сосын мүләйiмсiп басын иiп:
— Үйтпеске менiң әлтiм бар ма? Бiздерде хан не десе, соның қоштау шарт. Ол шартты
iж уақытта бұзуға болмайды, — дедi.
Захваткин қодырайып:
— Бұл... өте дұрыс заң. Әсiресе, бiздiң айтқанымызды бұлжытпай орындағандарыңыз
жөн, — дедi. Ол сосын орындыққа отырып, алдындағы табакеркадан бiр шөкiм насыбай
алып, танауына апарып иiскедi де, кенет көзiн жұмып, аузын ашып, екi-үш рет түшкiрiп
қалды. Iзiнше ол көзi жасаурап, бұған қарап, басын шайқады: — Ой, қандай жақсы! Кiсiнiң
тұла бойы жеңiлейiп қалады. — Ол сосын сабырлы қалыпқа көшiп, бұған қадала қарады: —
Ал ендi Тоғанақтың қайда жүргенiн қалай бiлемiз?
— Ол оп-оңай, — дедi Елмырза оның талақандай болған танауына таңырқай қарап
отырып.
— Сонда... как?
— Жаңа сiз осы Әбдiржан молла хат алып келдi дедiңiз бе?
— Иә.
— Оған хатты кiм берiптi?
— Бiлмедiм. То есть... тоқта, оған басқа бiр кiсi әкелiп берiптi.
— О кiсi қайда екен?
— Бiлмедiм.
— Менiңше, ондай кiсi жоқ. Сол Әбдiржан молла бәрiн де бiледi. Соны былай...
қыссаңыз, ол бәрiн айтады.
Мұны ести сала Захваткин:
— Қап! — деп орнынан қалай атып түрегелгенiн бiлмей де қалды. — Мен оны ауылына
қайтарып жiберiп ем.
— Оныңыз болмаған, — дедi Елмырза басын шайқап. — Ендi оны таба қою қиын.
— Жаңа сiз осы... таптым дегендей бiр сөз айтып едiңiз ғой.
— Ендi, оны... — Елмырза көзiнiң астымен Дiнәлi жаққа қарап қойды.
Захваткин мына төренiң әлденеден қысылып отырғанын түсiнгендей болды да, қолын
үстел үстiне қойып: