Стр. 146 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

145
— Жарайды, кейiн бiр сөйлесермiз. Кәне, тұз-дәмге барайық, — деп орнынан түрегелдi.
Елмырза осы Қазалыға қаншама келiп-кетiп жүрсе де, ағаштан салынған тамның iшiнен
мүңкiп тұратын қандаланың иiсiне үйрене алмай-ақ қойды. Және бiр қысылатыны,
Захваткиннiң әйелiнiң бұл iшке кiрiсiмен ұзын сүйрiктей саусақтарын бұған созып, сүй
дегендей қылымсып тұрып алатыны. Бұл қап-қара қолымен әппақ саусақтарды ұстап, не
iстерiн бiлмей, абыржып бiтедi. Мария Ивановна соны көрiп, жас балаша шықылықтап
бiтедi. Осы жолы да ол мұның абыржыған түрiн көрiп, сықылықтай берiп едi, Елмырза
Тортайдан көрген бiр әдетке басып, iшiнен: “Иә, алла, өзiң кешiре гөр!! — деп, еңкейiп
барып, қолынан шөп еткiзiп сүйiп алды. Мария Ивановна таңғалып, мәз болды:
— Оһо, мен сiздi степной феодал деп жүрсем, принц те екенсiз ғой! Браво! Браво! —
деп екi қолын шапалақтады.
Соны көрiп Захваткиннiң екi танауы шелектей болды:
— Бұлар әлi-ақ Европа үрдiсiн үйренiп, орыс тiлiн жақсы бiлетiн болады. Мынау соның
алды!
— Рахмет, — деп Елмырза оған қарап иiлдi. Iшiнен: “Мынау қатынын бiреудiң
қойнына салып беруден де тайынбас. Мұндай да болады екен-ау!” — деп iшiнен таңғалып
қойды.
Мария Ивановна ендi мұның қолтығынан алып, сол қолын iлгерi созып, құрметтi жерге
отырғызды. Сосын өзi күйеуiнiң жанына барып жайғасты. Сол арада iшке қызметшi жiгiт
кiрiп, бұларға бiр-бiр ақ орамалша бердi. Елмырза оны кәйтерiн бiлмей, қолымен умаждап
ұстап, үстелдiң үстiне қоя салып едi, соны көрiп, Мария Ивановна тағы да шықылықтады:
— О, принц, бүйтуге болмайды. Мынау деген тамақ iшкенде, былай... тамады деп
берiлген. Оны былай ету керек, — деп орнынан тұрып кеп, орамалшаны Елмырзаның
алдына жайды.
Сол арада Елмырза әйелдiң үстiнен әлдеқандай бiр жұпар иiстiң аңқып тұрғанын сездi.
Көйлегiнiң қиық омырауынан май жаққандай жылтырап тұрған әппақ кеудесi жақын жерден
көрiндi. Самайында қолдан бұйралаған шашы бетiне тиiп кеттi. “Мынау кәйтедi, әй?” — деп
сескенiп қалған бұл ыңғайсызданып, Захваткинге көз салды. Ол болса далия түсiптi.
“Мынаған жорық болмас. Шамасы, қатынын осыншама еркiнсiтiп жiбергенiне қарағанда,
белi жоқ бiреу-ау!”, — деген ой басына шапты. Әйел де мұның не ойлағанын сезгендей,
бетiне қан жүгiрiп, мамырлай жүрiп барып, орнына жайғасты.
Ас келдi. Елмырзаға арнап, бөлекше етiп ет пiсiрiптi. Төре еттi алып, пышағымен
жұқалап турап, бiр талшығын аузына салып едi, тастай екен. “Бұлар ет пiсiрудi қайдан
бiлсiн”, — деп, жемей қойса ұят болатынын бiлiп, амалсыз қажай бастады. Сол арада
қызметшi жiгiт бокалдарға толтырып, шампан құйып әкелдi. Бұл құрғырға Елмырза үйренiп
те қалған едi. Iштей әлденеге кеуiлденiп, Захваткин ұсынған бокалға бокалын сыңғыр еткiзiп
соғыстырды да, бiрден қылғытып салды.
Мария Ивановна тағы да сықылықтай күлдi:
— Мынау нағыз принц! Бәрiн бiрден iшiп салды!
— Қымбаттым, зиялы қауымда олай iшпейдi, — дедi Захваткин шампанды ұрттап
отырып. — Ана Петербургтағы аристократия...
— Өй, оларды қой, шеттерiнен қуаты жоқ бiреулер! Шын принцтер шарапты бөшкемен
iшкен, — деп әйелi оған қарсы болды.
— Неге? — деп Захваткин қабағын түйдi.
— Оның еш негесi жоқ. Бiлесiң бе, деревняларда мұжықтар самогонды қалай iшедi?
Бөшкесiмен iшедi. Сонда да олар өсiп-өнiп отыр.
— Сонда сен менi шарап iше алмайды дейсiң бе? — дедi Захваткин жүзi күреңiте түсiп.
— Iше алмайсың, — дедi әйелi оны қайрағандай. — Сен iшудi баяғыда ұмытып
қалғансың. Бар ойлайтының — соғыс, маневр. Сен де бiр дама бар деп ойлайсың ба осы?
Олардың да жаны бар дейсiң бе? — деп дем арасында Мария Ивановна қып-қызыл боп кеттi
де, дем арасында оның кiрпiгi боялғандықтан, үкiнiң көзiндей етiп көрсететiн аңғалағына
мөлтiлдеп жас шыға келдi. Содан ыссы жас төмен қарай жылып аққанда, бояу ерiп, жаңа
ғана қуыршақтай боп отырған әйелдiң бетiн айғыздап тастады.
Соны көрiп, ыңғайсызданып қалған Захваткин оның бетiнен сүйiп:
— Ну, полноте. Артық айтсам кешiре гөр, көкетайым, — дедi. — Мен ойнап айттым.
Шын бәс тiксем, бiр бөшкеңдi мен де iше алам.
— Iше алмайсың, — дедi әйел өксiп отырып.
— Шының ба? Iшем, — деп Захваткин оған тура қарады да, сосын қызметшiге
бұрылып: — Пунш әкел! — деп бұйырды.
Қызметшi үндемей, басын иiп, сыртқа шығып кеттi де, сәлден кейiн суға салып
салқындатылып қойылған, сыртына неше түрлi әлемiш қағаз жапсырылған, аузы ашылған
бiр шишаны әкелдi. Сосын оны төртеуiне тең етiп құйды.