Стр. 147 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

146
Елмырза шошып кеттi. “Мұнысы несi тағы?” — деп, қасында отырған Дiнәлiге
жалтақтай қарап едi, ол күлiп:
— Бұл француздың күштi шарабы. Ештеңе де етпейдi, — дедi.
— Ол өзi... былай... кiсiнi жынды қып жiбермей ме?
— Жоға. Былай... аздап қыздырады.
— Осыны iшпей-ақ қойсам кәйтедi?
— Ойбай, Елеке, ол болмайды. — Дiнәлi мұны санынан басып-басып қойды. —
Iшпесеңiз, бұлар бiздi сыйламады дейдi. Сосын... болмайды.
— Жақсы. — Елмырза: “Мыналары қиын екен?” — деп қатты қиналды.
Сол кезде Захваткин орнынан тұрып:
— Ұлы орыс империясы жасасын! Патша ағзамды жаратқан жаңғыз құдайым мәңгi
қорғасын! — дедi де, бұлармен соғыстырмастан, бокал толы пуншты қылқылдатып бiр-ақ
iштi.
Дiнәлi де тартып қойды. Елмырза оған қарап, iшiнен мысқылдап: “Мына шiбiш
сықылды iлмигеннен қалсам болмас”, — деп, бокалды бiрден басына көтере салып едi,
таңдайында үйiрiлген әлдеқандай қышқыл дәмдi, асқазанына ащылау бiрдеменiң жайлап
кiрiп бара жатқанын сездi. Сосын: “Мынасы да шалап сияқты нәсте ғой”, — деп ойлап
қойып, аздап басын шайқады.
Захваткин екiншi бокалды және көтерiп тастады. Iшiнен осының да әуселесiн көрейiн
деген бiр пiкiрдi түйген төре одан қалыспады. Ол өзiнiң үшiншi, төртiншi бокалдан соң
әлденеге жас балаша елпiлдеп, кеуiлдене бастағанын, басы айналып, дүние жарқырай
көрiнiп, бiр түрлi қызыққа батып отырғанын емiс-емiс бiр аңдап қалды. Ендi бiрде қараса,
мұны Захваткин құшақтап алыпты. Қолында — шарап толы бокал. Ол мұны сөйлеп отыр:
— Iш, косоглазый сволочь! Бiз сендердi әлi-ақ арақ-шарапқа, зинақорлыққа үйретемiз.
А ну-ка, iшiп таста!
Бұл күлiмсiреп:
— Р-р-а-хмет, — дедi.
Мұның қасында отырған Дiнәлi әлденеге күлiмсiреп, көзi кiлгiрiп, алдындағы үстелге
басын сала бередi. Ол бiрде абайсызда қолындағы бокалды түсiрiп алды. Сол екен, қып-
қызыл пунш үстел үстiне төгiлдi. Оны қызметшi жiгiт сүртiп жатқанда, Захваткин:
— Давай, кеттiк! Бiз киргиздарды әлi түгел жаулап аламыз! Сен бiлесiң бе, что такое
политика? Не-е-т, бiлмейсiңдер. Ол деген камелиясы бар дама сияқты, была-а-й, құбылып
тұрады, — деп ол оң қолындағы лағыл көздi жүзiгiн көрсеттi.
Мария Ивановна оған күле қарап:
— Ну, полноте, — дедi.
— Жарайды, кеттiк! — Ол ықылық ата отырып, қолындағы бокалды басына көтерiп
едi, шарап екi езуiнен ағып, ақ көйлегiнiң жағасына құйылды. Оны елеңқылып жатқан
Захваткин жоқ.
Елмырза себепсiзден-себепсiз ыржиып:
— Жа-а-қсы, — дедi де, бокалдағы шарапты ендi сораптай iшiп едi, ол қанжылым
бiрдеме сықылды екен. Бiрақ төре оған қарамай, неде болса деп, шарабты тауысып тастады.
Дiнәлi алдындағы бокалды iштi де, орнынан тәлтiректей тұрып, орысша бiрдеме деп,
сыртқа қарай беттедi. Қызметшi жiгiт жүгiрiп кеп, оның қолтығынан алды да, далаға алып
кеттi. Содан кейiн ол қайтып келмедi.
Ендi Захваткин шынымен мас бола бастады. Елмырза да өзiне не болып, не қойғанын
анық бiлмедi. Бiр қараса, қолында рюмкасы бар Мария Ивановна мұның қасында отыр екен.
Бұл кiлгiре берген көзiн кең ашып алып қараса, бокалындағы шарапты iшпептi. Әйел мұның
бетiнен сүйiп, көзiмен ымдап, алып қой дедi. Елмырза ыржиып:
— Жақсы, — дедi де, шарапты алып қойды. Сосын добалдай қолымен ұстай ап,
Тортайдан көргенiне басып, бұ да бiр әдет шығар деп, әйелдiң саусағынан сүйдi.
Бұған тұманданған көзiмен қарап, Захваткин қолын соғып, тiлi күрметiлiп:
— Браво! — дегендi шаққа айтты.
Тағы да бiр iшкеннен кейiн, Захваткин басын үстел үстiне қойды да, қор ете түстi.
Мария Ивановна бұған бiрдеме деп, көзiмен ымдап, мынаны көтерiлiк дегендей белгi бердi.
Елмырза әйелдiң ойын түсiнiп, орнынан тұрмақшы болып едi, аяғы тәлтiректеп кетiп,
теңселiп кетiп, құлап қала жаздады. Сосын басын шайқап-шайқап жiберiп: “Маған не
болған?” — деп орындықтың арқасынан ұстай алды. Сол арада Мария Ивановна барып,
сыртқа шығар есiктi iлiп келдi де, күйеуiнiң қолтығына жармасты. Елмырза да барын салып,
Захваткиндi сүйрелегендей ғып, басқа бөлмеге алып кiрдi. Бұл жерде екi кiсiлiк биiк ағаш
төсек бар екен. Мария Ивановна екеуi оны сүйрелей отырып, соған шаққа дегенде жеткiздi.
Бiрақ төсекке жатқыза алмады. Захваткиннiң денесi соншалықты ауыр екен, бiр кiсiге әлi
жететiн Елмырза оны көтере алмай-ақ қойды. Сосын әлi құрығандай боп, маңдайынан аққан
терiн жеңiмен сүртiп, ол әлгi төсекке отыра кеттi. Еденге төселген кiлем үстiнде шалқасынан