147
жатқан Захваткин бiрдеңе дедi. Оның не айтқанын Елмырза түсiнбедi. Бұл ендi бiрде басын
көтерiп қараса, екi бокалға шарапты меймiлдете құйып, қылымси қараған Мария Ивановна
жанында отыр екен. Ол көзiмен бокалды ымдап көрсетiп, мұның қолына ұстатты. Елмырза
ыржиып, бокалды басына бiр-ақ көтердi. Әйел де iшiп қойды. Сонан кейiн Мария Ивановна
еркелеп, мұның алдына отырып ап, сүйрiктей саусағымен мұртын, сақалын сипалап,
шықылықтап күлдi. Елмырза ыржиды. Ендi бiр кезде әйел мұның бетiнен шөпiлдетiп сүйiп
бердi. Өзiнiң үстiндегi киiмi жоқ. Екеуi жаңағы екi кiсiлiк төсекте жатыр екен. Әппақ
әйелдiң ұлпадай денесi мұның тұла бойын қыдықтап, шыдатпай барады. Елмырза одан әрi
өзiне не болып, не қойғанын бiлген жоқ, кенет әйелдi бауырына басып, маңдайынан сүйiп,
тамағынан иiскеп, ожарлана қимылдай жөнелдi. Әйел әлдененi ауырсынғандай:
— Ох! — деп қалды. Сосын арық қолымен мұның мойнынан қатты құшақтай ап,
бауырына кiре бердi...
Елмырза бiр кезде барып оянса, бiр белгiсiз қара күңгiрт жерде жатыр. Басы қорғасын
құйғандай көтертпейдi. Ол iштей таңырқап: “Бұ не?” — деп өң мен түстiң арасында
жатқандай боп, басын көтерiп қараса, көйлегiнiң етегi түрiлiп кеткен, қараңғыда екi жаққа
қалай болса солай созып жiберген ақ саны жарқырап, қасында пысылдап жатқан, Мария
Ивановны көрдi. Сол екен: “Ұят-ай”, — деп, бұл қозғалақтай берiп едi, әйел оянып кетiп,
мұны мойнынан құшақтап, мысықша жабыса түстi де, ұялмастан, арық қолымен мұның
төменгi жағына барып, әлдененi ұстай алды. Елмырза сол арада шыдамай кетiп, қоян алған
қырандай әйелдiң үстiне қона түстi. Нәпсiсi оянған әйел де сәл-пәл ыңырсып, тәнiн мұның
тәнiне жабыстыра түсiп, астыңғы жақтан қарсы қимыл жасап, бөксесiн бұлтақтатып, оны
жоғарылы-төмендi көтерiп, түсiре бастады. Өмiрi мұндайды көрмеген Елмырза шаруаға
құлшына кiрiстi. Бiраздан кейiн барып екеуi демдерiн шаққа басып, сұлқ түсiп, тыншып
жатты. Сол арада әйел мұның құлағына аузын тақап, сыбырлап:
— Ты, ты... настоящий степной принц! — дедi.
Елмырза оны әбден ырза болғаны-ау деп түйдi. Сосын орнынан тұрып, тез-тез киiндi
де, жерде аунап, құсып жатқан Захваткиндi көтерiп, төсегiне әкеп жатқыза салды да, өзi
қонақжайға барып, арқасы биiк диванға қисая кеттi...
Ертеңiне олар кештеу тұрды. Елмырзаның басы сынып барады. Захваткин сақалын
қырмастан, аяғын аннан-саннан бiр басып кеп, мұны оятты да, бiрдеме деп сөйлей жүрiп,
үстел басына сүйрегендей ғып әкелдi. Сосын екi бокалға шарапты толтыра құйып:
— Кәне, iш, калбит! — дедi.
— Рахмет, — дедi Елмырза ыржиып. Сосын бiр түрлi тәбетi шаппай, бiр түрлi құсқысы
кеп тұрса да, шарапты қылқылдатып iше бастады.
Захваткин iшiп боп, қызметшiнi жұмсап, Ахиярды шақырып алды. Оны зорлағандай
ғып, үш бокал шарапты бiрiнiң артынан бiрiн төпелетiп iшкiздi. Сол екен, жаңа ғана
жылмиып отырған Ахияр ендi тiлi күрметiлiп, көзi мөлиiп, сүтке тиген мысықтай боп шыға
келдi. Захваткин бұған қарап:
— Кәне, iшейiк! Сосын ана... киргиз... сол қайда жүр, соны айтасың, — дедi.
— Кәне, iшейiк, — дедi Елмырза әлденеге желiгiп.
Сол арада iшкi бөлмеден опа-далабын жағып, құлпырып кеткен, екi бетiне қан жүгiрiп,
көзi ойнақши қараған, көйлегiнiң қиық тұсынан омырауы ағараңдай көрiнiп тұрған Мария
Ивановна шыға келдi.
Елмырза мынадай әйелдi түнде бауырыма басып жаттым дегенге сенбей, бiр түрлi хор
қызын көргендей боп, басын шайқап-шайқап жiберiп, қайта қарады. Соны байқаса да, Мария
Ивановна дым бiлмегендей күлiмсiреп отыр.
Сол арада Ахияр орнынан тәлтiректей тұрып:
— О, мадам, — деп, жақын барып оның қолынан сүйдi.
Елмырза да сүйттi. Мария Ивановна екi бетi қызарып, көзi ойнақшып:
— Вы настоящий принц, — дедi.
Елмырза түсiнбей Ахиярға қарады. Ол тiлi күрметiле сөйлеп:
— Мырза, сiзге мына қатын ырзамын дейдi. Нағыз жiгiтсiз деп айтады, — дедi.
— Рахмет! — Елмырза оған қарап басын идi.
Мария Ивановна үстел басына отырғасын, қызметшi кеп тамақ толы ыдыстарды
бұлардың алдарына қойды. Елмырза iшiн бiрдеме өртеп, жалап бара жатқасын, шыдамай
алдында жатқан қасықты алып, сұйық тамақ құйылған тәрелкенi өзiне қарай жақындатты да,
қасықпен көсiп алып, бiр ұрттап едi, ол ыссы сорпа сияқты бiрдеме екен. Елмырза тiлiн
қозғап, дәмiн байқап көрдi де, ендi батылданып, наннан опырып жеп, сорпаны сылпылдатып
iше бердi. Шамалыдан соң ол сорпаның iшiнде жүзiп жүрген, дәмi әуелгiде жылқының
етiнiкiндей боп көрiнгенiмен, аздап бөлек сықылданған бiр кесек қара еттi алып, неде болса
деп, шайнап-шайнап жұтып қойды.
Тағы да бокалдар көтерiлдi. Шарапты iшiп болғасын, бұл тiлi сәл-пәл күрметiлiп,
Ахиярдың қарынан ұстап: