Стр. 155 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

154
тидi. Ол ұшып түскенде, аты үркiп кетiп, батыр құлап қала жаздады. Сосын атының басын
бұрып ап, қайтадан қуам дегенiнше, қасқыр тауға қарай тартып бара жатты. Бұл ендi
кешiксе, көкжалдың қалың жақпардың арасына кiрiп кетуi мүмкiн. Онан кейiн соғып ала
алмайсың. Сол арада батыр ызаланып кетiп, атын екi өкпеден тепкiлей отырып, қасқырды
қайтадан қуып жеттi. Iзiнен қуып жеткен мұны көрiп, қасқыр бұ жолы қашпай, құйрығымен
шоқиып отырып ап, iрi тiстерiн көрсетiп, айбат шегiп, ар-ар еттi. Онан сескенген аты үркiп,
бiр қадам iлгерi баспай, тартыншақтай бердi. Соған жыны келген Тоғанақ атын қайта-қайта
қос өкпеден тепкiледi, бiрақ қалшиып қалған аты орнынан қозғалмады. Сосын батыр атынан
жерге қарғып түсе қап, сойылын оңтайлай ұстап, екi көзiн қасқырдың қанталап кеткен
көзiнен айырмай, көкжалға қарай жүрдi. Қасқыр ендi атылатын түр көрсетiп, бiр уыс боп
жиырылып, серiппеше жиырыла бастады. Тоғанақ онан көзiн айырмай, бiр-екi аттап, оған
жақындай берiп тоқтай қалды. Дәл осы кезде ол қасқырдың көзiнен әлдеқандай жабайы
ашуды, кектi, ызаны көрiп, оның өлсе де алған бетiнен қайтпайтын райын анық байқады.
Сол екен, батыр дiр ете түстi. Алас-қапаста ол iшiнен: “Мынау бiр тектi қасқыр болды-ау!
Мынаның киепетiне ұшырап жүрермiн. Осыны өлтiрiп не ақым бар?” — деп асығыс ойлап
үлгердi. Бiрақ шегiнуге кеш. Егер бұл ұрмай, керi аттаса, қасқырдың атылуы мүмкiн. Сол
арада не iстерiн бiлмеген батыр сәл-пәл кiдiрiп қалды. Соны көрген қасқыр ар-ар етiп, керi
шегiне бастады. Тоғанақ қозғалмады. Қасқыр шегiнiп-шегiнiп барып, кенет iлгерi қарай арс
етiп атылды. Тоғанақ сойылын сiлтеп кеп қалды. Бұ жолы да сойыл қара тұмсыққа тимей,
қасқырдың қақ басына сарт еттi. Iрi арлан қуатты соққыға шыдамай, екi бүктетiлiп түстi.
Батыр соны көрдi де, шалт қимылдап, әрi қарай ұрмай, керi шегiнiп кеттi. Қасқыр орнынан
түрегеп, мәңгiрiп кеткен басын шайқап-шайқап қойып, бұған ызалана қарады. Батыр ендi
шегiнiп барып, атын шылбырынан ұстай ап, ер үстiне бiр-ақ қарғыды. Сосын аттың басын
бұрып ап, жөнiне жүре бердi.
Қасқыр бұның соңынан ұза-а-ақ қарады. Өмiрiнде мұндай соққыны жемеген оның
таңданғаны да, қорыққаны да белгiсiз сияқты. Тоғанақ артына бiр бұрылып көз салса,
қасқыр анда-санда артына қарап қойып, жайымен шоқаңдап, тауға қарай беттеп бара жатыр
екен. Соны көрiп, батырдың есiне қай-қайдағы түсiп кеттi. Байқап қараса, өзi де әлгiндей түз
қасқыры сияқты екен. Талай дұшпаны мұны соғып алам деп әрекет жасады. Бұл оның
ешқайсысына болмады. Ақырында туған елiнен жырақтап, мына арлан қасқырдай Қарақ
тауының етегiнде жүр. Бұл жаңағы қасқырды қайратына, қасиетiне бола соғып алмады. Ал
мұның дұшпандары өзiн қысталаң тұста сүйтiп қоя берер ме екен? Жайына қалдырар ма
екен? Әй, қайдам.
Тоғанақ сәлден кейiн бiр қоянның жым тастап, әрлi-берлi қарғығанын көрдi. Сол арада
тоқтай қап, айқайлап қалып едi, бiр бұтаның түбiнен әйдiк сұр қоян аспанға атылып шығып,
анадай жерге топ етiп түсе қап, бетi ашыққа қарай зыта жөнелдi. Батыр:
— Құмай, құмай! Айт! — деп қалды.
Қоянды көрген құмай тазы бiрден ұмтылды. Алғашқыда екеуiнiң арасы бiраз жер едi.
Батыр да қапталдай шауып, қоянның алдын кес-кестеуге тырысты. Тазы оның соңынан қуып
жетiп, бiр рет шалып кеп қалды. Қоян жалтарып үлгердi. Тазы оппа қарға тұмсығымен перiп
кеп кеттi. Сосын қоянды қайтадан қуды. Екiншi рет шалғанда, ол қоянды ұстап ап, бақ
еткiздi. Тектi тазы қоянды астына басып тұрып, бұл келгенше қозғалтпады. Тоғанақ жақын
кеп, атынан түсiп, тазының аузынан қоянды алып мауыздады. Сосын атына мiнiп, iлгерi
жүрiп кеттi.
Сол күнi ол он шақты қоян алып үйiне кеуiлденiп қайтты. Келсе, қараүйiнiң жанындағы
желiде бiрнеше ат байлаулы тұр. “Бұлар кiм екен?” — деп таңғалып, үйiне жақын кеп,
дыбыс бердi. Iштен кемпiрi шықты. Мұны көрiп:
— Жәнiбек келдi, — дедi.
— Е, ол өзi... мақтап жүредi екен. Көрдiң бе сыралы қайттым, — деп атынан түсiп,
кемпiрiне қояндарды бере салды да, атының жабуын жауып, қазыққа байлап болған соң,
iшке кiрдi.
Мұның Жәнiбектi баяғыдан кейiн көрiп тұрғаны осы. Өзi аздап толысып кетiптi.
Амандық-саулықтан соң, батыр сабырлы тартып, әкесiнiң қазасына бара алмағанына апу
өтiнiп, кеуiлқос айтты. Сосын Жәнiбекке қарап, ауыл-үйдiң аманшылығын бажайлап сұрай
бастады.
Жәнiбек оған жәйiмен ғана жауап берiп отыр. Оның қасындағы Қалдыбайда үн-түн
жоқ.
Тоғанақ оған қарап, сәл жымиып:
— Ауыл арасы онша қашық та емес. Кәртейгенннiң белгiсi ме, үйкүшiк боп кеттiм.
Далаға да шыққым келмейдi, — дедi.
— Төке, кәртейдiм деп айтпаңыз. Әлi тұғырдан түсiп отырған жоқ сияқтысыз, — дедi
Жәнiбек күле сөйлеп.