159
Аздан кейiн жиырма шақты түйенi бiр-бiрiне тiркестiрiп, Нияз ауылы Қызылға қарай
көшiп бара жатты.
Жаңа жұртқа келгесiн, Жәнiбек бiр қысыр биенi сойдырып, өздерiне жапсарлас қонған
әкесi мен Нияз ауылдарының кiсiлерiн, ағайын-туғандарын тегiс шақырып, құдажолы
жасады. Ел жаңа жұртта жақсылық болсын деп бата қылысты.
Ет жеп, бата қылғасын, ел бет-бетiне тарай бастады. Жәнiбек тұра берген Ниязды
етегiнен басып, отыр дегендей ишара жасады. Ол қайтадан жайғасқасын барып:
— Сен осы... анада Ағлестi көрiп қайттым дедiң бе? — деп сұрады.
— Иә, — деп, демде Нияздың түрi бұзылып кеттi. — Немене... оны жайша сұрадың ба?
— Сұрағанда, былай... Ол өзi ана Нарман байдың алақанында салып, әлпештеп өсiрген
баласы едi ғой. Құдай басқа салғасын, шара жоқ. Әр түрлi михнат шектi, азаблар көрдi... —
Жәнiбек толқып, қолымен көзiн сүртiп қойды. — Кәзiр соның iж дерегiн бiлмей, ата-анасы
шерменде боп отыр ғой. Әсiресе, анасы байғұстың шығарға жаны жоқ шығар? Сен оны
көрiп келдiң де, үн-түнсiз жатып алдың. Ау, бiз деген түбi бiрге туысқан ел емеспiз бе? О
пақырлар қуанып қалсын, қызының хабарын айтып, өзiң сояққа барып қайтсайшы. — Ол
iнiсiнiң бетiне тура қарады.
Нияз жұқа бетiне қан шауып, көзiн төменшектете бердi:
— Ояғын... қайдам...
— Не қайдам?
— Бiр түрлi... ыңғайсыз емес пе?
— Неге? — дедi Жәнiбек оның iзiнен қалмай.
— Негесi сол, кезiнде... көкем ұлықсат етпедi. Оны... ата-анасы бiледi. Ендi былай деп...
хабар айтып барсам... өзi... бiр түрлi...
— Не бiр түрлi?
— Бiлмейiм. Былай... ыңғайсыз сияқты, — дедi Нияз қып-қызыл боп.
— Онда... өзiң бiл. Қалайда о байғұстарға бiр хабарын беру керек, — дедi де, Жәнiбек
оны артық қажамады.
Жәнiбек екi-үш күннен кейiн Әлжанды қасына екi-үш жiгiт қосып, Сырға аттандырып
жiбердi. Бұның естуiнше, биыл Нарман ауылы Қорғаншада қыстап отыр. Кетерiнде бұл
Әлжанды оңаша шығарып ап:
— Сақ бол! Ана Ережептiң көзiне түсiп қап жүрме! — дедi.
Әлжан күлiп:
— Оны... бiлем. Ендi бала емеспiн ғой Ақмешiтке сұраусыз кете беретiн. Кездесiп
қалса, көремiн, — деп тонының iшiне тыққан күмiс сапты қанжарын көрсеттi.
Жәнiбек шошып қап:
— Қой, үйтпе! Бiреудiң қанын мойныңа жүктеп нағыласың? Онан да ана пақырларға
қызының хабарын айт та, тез қайт. Сосын елдiң жағдайына көз сала жүрерсiң, — дедi
— Мақұл.
Олар кеткесiн, Жәнiбек кеуiлi жай тауып, сандықты аштырып, көптен берi оқымаған
кiтәбтарын парақтауға кiрiстi. Мына арпалыстың ортасында жүрем деп өзi жап-жақсы
үйренiп қалған араб тiлiн ұмыта да бастапты. Ол қайтадан нәху-ережелердi оқып, сөз
жаттап, он шақты күннiң iшiнде бұрынғы қалпына келгендей болды. Сосын жеке қараүй
тiктiрiп, балаларын жинап ап, оқуды бастап та жiбердi.
21
Нарманға қайтадан шыр бiте бастады. Ережептiң берген азын-аулақ малын қашаннан
малсақ, шаруа кiсi өсiп-өндiрiп, бес-алты жылдың iшiнде бiр қора қойға жеткiздi. Бiр ретi
келгенде, бұрыннан аяқ-табақ қатынасы бар Жақайым нағашыларына барып, қайымалы
iнген алып қайтқан едi. Соның басы да кәзiр бiразға жетiп қалды. Оның үстiне Қалмырза да
соңғы кездерi шаруаға шындап қарады. Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпетiн
ала қоймаса да, өз сыбағасынан құр қалмайды. Реттi жерiне күшi барын да көрсетiп қалып
жүр. Тек соңғы кездерi Ақмешiт қамалында болған шайқастан кейiн, Қалмырзаның кеуiл
күйi өзгере бастады. Баласының қасы мен қабағын бiрден аңдаған шал iшiнен: “Бұ несi?” —
деген де қойған. Бұрынғы қайраты бар кезiндегiдей тiзеге салып жiберуге елден ұялады.
Баяғыда Ережептiң көз алдында өз баласын өзi сабап, хас масқара болғаннан кейiн, бұл
Қалмырзаға қарап ақыруды да қойған. Келiн алғалы берi баласының бетiне жел боп тимеген.
Ендi коң айналып, шыр бiте бастағанда, Қалмырзаның қабағына кiрбең түскенi шалдың
жанына бата бастады.
Жаманаты демесең, мына келiнi бiр айналайын. Ертемен тұрып, мұның дәрет алар суын
даярлап қояды. Енесiнiң екi қолын қалт еткiзбейдi. Құдайы қонақ келiп қалса да, ерте демей,
кеш демей, қабағын шытпастан, ас қамымен жүргенi. Соны көрiп, Нарман iшiнен