Стр. 167 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

166
алып берсiн деп, маған арнайы хат жазыпты. Соны ала келдiм,— деп, ол қойнынан
шиыршықталған, ортасынан бiр жiппен байланған қағазды алып шығарды.
Тоғанақ хатты асықпай оқып шықты. Сосын басын шайқап:
— Мыналарға бiрдеме көрiнген шығар, — дедi.
— Неге? — дедi Сәндiбек таңғалып.
— Оның не негесi бар? Ау, олар деген ағайынды кiсiлер емес пе? Бiр қатын үшiн
соншама қырылыса ма? Басқа жақтан келiп жатқан жау емес, өз тайпаласы. Соның өшiн сен
неге алып беруге тиiссiң?
— Аға-ау, өзiң ойлашы, ол бұ хатты маған азамат деп жолдап отыр ғой. Одан бас
тартсам, басқа жұрт не дейдi? Не әбiрей, не бедел қалады? Аға, лұқсат ет, барып қайтайын,
— деп, Сәндiбек оған бiр оғаш тiлек айтты.
Тоғанақ оны жақтырмай қалды:
— Сен неге баруға тиiссiң?
— Ендi... былай... өтiнiп жатқасын... — Сәндiбек қолымен тақыр басын сипады.
— Сонда... сен бiреу өтiндi деп, бара бересiң бе? Одан ертең ағайын арасына от түспей
ме?
— Ағайын болғанда... бiз Табындардан қашық емеспiз бе?
— Қашық бол, жақын бол, мына шаруаң... болмайды, — деп Тоғанақ қабағын шытты.
— Кеше ғана ана... ақұдайлардың бүлiгiне қатысамыз деп, басымыздың дауға қалып отқаны
мынау. Оның үстiне... былай... ағайын арасына iрiткi кiрсе, соңы жақсы болмайды. Сен бар
ғой, басыңды пәлеге шатпай, жайыңа жүр.
— Аға, мына жерде... қалыс қалғаным қалай болады?
— Iждеме де болмайды.
— Ол... маған... қайта-қайта кiсi жiбердi...
— Жiбердi деген не сөз? Сол да әңгiме ме? Керек болса, Байқадамның өзi қол құрап,
iнiсiмен шайқассын. Оған араласып бiздiң немiз бар?
Батырдың бетiне келе алмай, Сәндiбек азырақ отырып қалды. Аздан кейiн барып ол:
— Қайдам ояғын. Мен тек... — дедi ақырын дауыспен.
— Не тек? — Батыр оның былқылдай бастағанын жақтырмай, қабағын шытты. — Ау,
әркiмнiң өз шаруасы өзiнде емес пе? Бұрын-соңды бiзбенен дұшпан болып көрмеген
Табындардың ауылдарына қысастық ойлаған дұрыс па? Сен бар ғой, мәнтәй-шәнтайды қой
да, үйiңе қайт. Өз жайыңды бiл.
Сол арада бұған жалбарынышты түрмен қараған Сәндiбек:
— Аға, батаңды бершi! Барып қайтайын, — деп, тағы да тiлек етiп, отырып алды.
Iрә болмағасын Тоғанақ батыр ашуланып:
— Сен немене? Табындардың ақ-қарасын ажыратуға келдiң бе? Кiмнiң тентек, кiмнiң
жуас екенiн өздерi шешедi де. Олардың да биi мен мырзасы бар емес пе? Туралығын солар
айтсын. Ақылымды алсаң, бұ сапарға барма, — дедi.
Сәндiбек үнсiз қалды. Аздан кейiн ол шаруасын сылтауратып, асып жатқан тамаққа
қарамастан ауылына кетiп қалды. Iнiсiнiң желөкпелiгiне ренжiп, түсiн бермей, отырып алған
Тоғанақ та оған қала гөр деп жабыса қоймады.
Ол кеткесiн әйелi аяқ-табақты жинап жатып:
— Шал-ау, қайнымды ренжiтiп жiбердiң ғой, — дедi.
— Ренжiсе кәйтейiн? Айдың, күннiң аманында желiккенi несi? Табындарда бiздiң не
шаруамыз бар? — деп батыр райынан қайтпады.
Кемпiрi онан әрмен үндеген жоқ. Тоғанақ ендi төсекке жатып ап, жаңағы бiр жайды
ойлап кеттi. Бiр әйел үшiн екi батырдың ренжiскенiн ұсақтық қой деп бiлдi. Сол үшiн ел
iшiн ала тайдай бүлдiрудiң не қажетi бар? Онан да өзара келiспей ме? Мына жақтағы бұған
хат жазғанына қарағанда, Байқадамды айтақтап салып, шабына ши жүгiртiп отырған бiреу
бар сияқты. О кiм сонда? Тоғанақ сол арасын бiле алмай, басы қатып, ұзақ жатты. Сонан
кешкiсiн барып басын көтерiп, шәй iштi.
Ол соңғы кездерi қажи бастағанын анық аңғарған едi. Тұла бойы ауырлап, сыртқа
шыққысы да келмейдi. Ондайда кемпiрiне сырқырап бара жатқан аяғын бастырып, аһа-һалап
жатқаны. Кейде бойын жазбақшы боп жаяулап қырға шығып, қаракеней тередi. Биiк боп
өскен ши жуаны қазып ап, тамаққа сал деп, кемпiрiне әкеп бередi. Одан қала бердi, қолдағы
азын-аулақ малдың жағдайын жасап, бiр мезгiл далаға жайып кетедi. Сүйтiп жүрген бұған
iнiсi кеп қайдағы бiр түбi шикi дауды айтады. Оның бұған не керегi бар? Кезiнде мұндай
даудың талайына араласты, талайын әдiл етiп шештi. Қарақалпақтармен арада болған не бiр
қақтығыста бұл жанын да аямай, ақ найзасын алып, мықтымсынғанмен бетпе-бет шайқасты.
Содан аман-есен қалып, ендi жасы бiразға жеткенде жас жiгiттiң қылуасын iстеп жүрсе, ел
артын ашып күлмей ме? Үйткенше мұның үйiнде тиыш жатқаны жақсы емес пе?
Тоғанақ батыр әлденеге мазасыздана бердi. Ол сол сәтте Сыр бойын дүр сiлкiндiрер бiр
күннiң жақындап келе жатқанын аңдаған да жоқ едi...