167
23
Сәндiбек қатты толғанды. Сонау Аламесектен Байқадам өзiне арнайы хат жазып, араша
түс деген кезде бармай қалғаны өзiне ұят сияқты көрiндi де тұрды. Қалайда бармаса
болмайды. Ол осыған бекiнiп, тез арада жан-жаққа кiсi жiберiп, қол жинай бастады. Оның
бұл талабынан хабардар болған Байбосын мен Тәбекен дем арасында жетiп келiстi. Екеуi
Сәндiбектi оңаша шығарып ап, екi жақтан үгiттедi:
— Табын деген де Жетiрудың баласы. Әр жағы Кiшi жүз тайпасына қарасты. Оның бiр
азаматының басына күн туғанда бiздiң бармай қалғанымыз жарамайды. Айдаладағы басқа
бiреудiң де өшiн алып берiп жатқан жоқпыз ба? Мынау деген оған қарағанда, ет жақын
жұрт. Мәнтәй-шәнтәйды қойып, тартып отырайық, — дестi.
Сәндiбек анада Қазалы маңында болған шайқастан кейiн осы екеуiне iшi салқындап
жүрген-дi. Осы жолы да ойына солар оралса да, аңқау кiсi олардың iш қулығын аңғармай:
— Айтқандарың тұп-туры,— дедi. — Арнайы хат жазғасын, бармай қалған ұят болар.
— Мiне, жөн сөз! Қанша дегенмен атақты батырдың iнiсi емессiң бе? Осы бетiң туры!
— Өй, өркенiң өссiн! — де екеуi екi жақтан жалпақтап, шықылықтай күлiп, мәз болды
да қалды.
Сәндiбек екеуiне қарап:
— Сiздерден қандай көмек болады? — деп сұрады.
— Не көмек болсын, бiз жүз қаралы жiгiт беремiз. — Байбосын етiгiнiң тұмсығымен
жердi шұқып тұрып, мiңгiр еттi.
— Сонда... олар қашан келедi?
— Келгенде, былай... — Байбосын ендi бұған тура қарамай, көзiн тайдырып әкеттi. —
Сен оны қай йерде шаппақсың?
— Мына хатта Байқадам Қырға қарай көшемiз дептi. Бұқарбай көшiнiң өтетiн тұсын
айтыпты. Сол арада оны күтiп аламыз, — дедi Сәндiбек оның көзiн тайдырып әкете
бергенiне таңғала қарап тұрып.
— Мұның дұрыс екен, — деп Тәбекен тез қоштады. — Табындар Қырға мамыр айының
басына таман көшушi едi. Олардың жолын жақсы бiлетiн менiң бiр кiсiм бар. Соны саған
қосып берейiн. Бiздер Аламесектiң маңында, ел жайлауға көшпей тұрып бiр күн бұрын
кездессек кәйтедi?
— Иә, содан... — Сәндiбек бiр түрлi боп, оған сенбедi.
— Үйдеп тұрған себебiм, бiз деген Қырда жатырмыз. Одан мұнда келем дегенше, бiраз
күн өтiп кетедi. Сосын Сырға келiп, одан Аламесекке барып, екi әуре боп нағыламыз? Одан
да бiз Қыр арқылы Аламесек жаққа турасынан тарта бермеймiз бе? Сөйерде кездесейiк.
Сосын қандай жау болса да қосылып шабамыз, — дедi Тәбекен байсалды түрмен.
— Мынау орынды ақыл екен, — деп Байбосын оны күле қоштады.
Сәндiбек ойланып тұрып:
— Сүйткен де жөн шығар. Ендеше сiздер ертерек аттаныңыздар. Уәделi жерде
кездесейiк, — дедi.
— Мақұл!
— Болсын! — деп екеуi қол алысты.
Кетерiнде Байбосын Сәндiбекке қарап тұрып:
— Сен ертең жауға шапқанда сен осы... не деп ұран тастайсың? — деп сұрады.
— Бүйерде... ұранның не керегi бар? — дедi Сәндiбек таңғалып.
— Ау, түн iшiнде шапқасын... өзi... — деп Байбосын жырқ-жырқ күлдi. — Қараңғыда
шапқанда бiр-бiрлерiңнен көз жазып қалмайсыңдар ма? Сосын машқара боп... бiр-бiрлерiңдi
сабап...
— Өй, оны кезiнде көре жатармыз, — дедi де, Сәндiбек қолын бiр сiлтей салды.
— О да дұрыс шығар. Ал ендi бiз бөгелмейiк. Жол ақысы жүрсе өнедi деген, — деп
Байбосын Тәбекен екеуi сол күнi Қырға қарай жөнеп бердi.
Сәндiбек ертеңiне жүзге жуық содыр жiгiттi жинап алды да, ешкiммен ақылдаспастан,
сол түнi Қырға аттанып кеттi.
* * *
Байбосын мен Тәбекен былай шыға бере, бiр-бiрiн түрткiлеп, сылқ-сылқ күлдi:
— Мына әңгүдiктiң қызығы-ай!
— Сөйерде көзi талғанша күтiп тұрсын!
— Басы пәлеге қалғасын... көрермiз.
— Ана... Бұхарбай да осал жау емес.