Стр. 170 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

169
Бұхарбай аз iркiлiп қалды да, ызғайсызданғынын сездiрмей, оның соңынан ердi. Екеуi
шамалы жерге барғасын, Шынар атының басын тартып тоқтай қалды. Сосын ол батырға
имене қарап тұрып:
— Батыреке, менiң бiр айтқанымды тыңда, — дедi.
— Е, соншама не боп қалды ? — дедi Бұхарбай қабағын шытып.
— Не болғаны сол, қайнағаның мына жерде ерулей қалғаны маған ұнамай отыр. Бүгiн
бiздiң барып қонатын жерiмiзге аз қалды. Тiлiмдi алсаң, со жерге қонбайық, — дедi Шынар
жалынғандай түрмен.
— Е, неге? — дедi Бұхарбай астыңғы ернiн тiстелеп тұрып.
— Негесiн бiлмейiм, әйтеуiр, кеуiлiмде бiр күдiк бар. Менiңше, қайнағаның мынасы
тегiн емес. Болмаса ол бiздi алдыға салып нағылады?
Сонда ғана Бұхарбай келiншегiнiң ойын түсiнiп: “Мынау ақылды екен ғой”, — дедi.
Бiрақ сыр бергiсi келмей:
— Өй, ол жәй бiр ерулеген шығар, — дедi.
— Жоқ, мұнысы тегiн емес. Саған бiр айтқан өтiнiшiм болсын, бүгiн ана жерден өтiп
барып қонайық, — деп Шынар ендi жалынғандай боп тұрып алды.
Батыр ойланып:
— Сен мұныңды iжкiмге айтпа. Өтсек, өтiп барып қонайық, — деп келiстi.
Олар сол күнi белгiленген жерден екi-үш шақырымдай жерге ұзап барып қонды.
Бұхарбай кешкiсiн сақтық ойлап, от жақтырмай ауыл сыртындағы төбелерге қарауылға бес-
алты жiгiттi қойды. Басқа сойыл ұстай алатындарға аттарыңды белдеуге байлап, дайын
отырыңдар деп қатты тапсырды. Өзi тамақ iшiп болғасын, сауытын шешпестен төбе басына
барып, ерiн басына жастанып, жатып қалды.
* * *
Байқадам Бұхарбай көшiнiң тұстарынан өтiп бара жатқанын көрiп: “Ә, бәлем, қақпанға
өзiң келiп түстiң бе?” — деп алақанына түкiрiп, iштей қуанды. Анада ол Сәндiбектiң атына
арнап хат жазып жiберiп, жәбiр-жапа көрдiм деп шағым айтып, көргенсiз iнiмнен өшiмдi
алып бер деген едi. Жақында Сәндiбектiң хабаршы жiгiтi кеп, оларды көшi-қон басталған
тұста келiп қалады деп кеткен-дi. Уәде бойынша, олар бүгiн Бұхарбай аулын барып қонатын
жерiнде түнде ел шырт ұйқыда жатқанда шабуға тиiс. Соны ойлап, Байқадам жүзi
насаттанып, сыртқа шығып, атына барды. Көкке тойған атының сауырын сипалап, бiраз
тұрды. Сосын басына бiр ой түсiп, тең iшiнде жатқан керегекөз сауытын кисем бе деп бiр
оқталды. Iзiнше: “Қой, оның маған не керегi бар?” — деп қолын бiр сiлтедi. Бүгiн Сәндiбек
бастаған жiгiттер шапса, Бұхарбайдың ауылын шабады. Бұл өзi оларға көмектеспейдi. Соны
кеуiлiне медеу қып, ол Бұхарбай көшi өтiп кеткеннен кейiн барып, жiгiттерiне қараүйлердi
жығып, түйелерге тиеңдер деп бұйырды.
Он жетi, он сегiздерге келiп қалған баласы Ақсақал бұған таңданып:
— Көке, жаңа ғана осы жерге қонамыз демеп пе едiң? — дедi.
— Жоқ, қонбаймыз. Мына жердiң ажары ұнамай отыр. Көшемiз.
— Күн батуға тақап қалды. Түнде көшкен...
— Iждеме етпейдi. Бұ йердiң бәрi маған жақсы таныс, — деп Байқадам болмай қойды.
Бұ кезде күн батуға тақап та қалған едi. Мамыр айының желi жанға жайлы тиедi. Қыр
жақтан бiр түрлi қоңыр салқын леп еседi. Байқадам кешелерi он шақты жiгiтпен келген
Төлеу батырдың қасына барып, оны-мұны көз қылып тұрып, өз бұйрығының қалай
орындалып жатқанын бақылады.
Жiгiттер тез-тез қимылдап, теңдердi түйелерге артып, күн ұясына қона бергенде жолға
шықты. Сәлден соң күн батып, қараңғылық түстi. Аспанның әр жерiнен жылтыраған сирек
жұлдыздар көрiндi. Байқадам жұлдыздарға қарап ап, өз барар бағытын анықтады да, iлгерi
қарай тарта бердi. Олар қараңғы түнде салмасынан бiраз жүрiп барып, бiр араға кiдiрдi.
Байқадам қараңғыда түртiнектеп жүрiп, бұның қай жер екенiн анықтамақ болды. Жер
репетiне қарағанда, бұлардың қонатын тұсына сәл-пәл ұқсаңқырамайды. Байқадам көзiн
уқалап жiберiп, қайта қарады. Жо-о-қ, бұлардың қонатын жерi сықылды. Сол арада
бәйбiшесi келiп:
— Шал-ау, балалардың зықысы қашты. Осы жерге ерулесек кәйтедi, — дедi.
Оны басқа жiгiттер де қоштады:
— Шынымен қатын, бала-шаға шаршады.
— Осы йерге демала салайық. Ертең ерте көшермiз.
— Түнiмен үдере көшiп, бiздi немене жау қуып келе ме?
— Өзi... түнде көшкен деген...
Байқадам жер репетiн ұнатпай тұрса да:
— Жарайды, сендердiң де дегендерiң болсын. Қонайық! — деп амалсыз келiстi.