171
— Қайдам? — Әлгi кiсi одан артық үндемедi.
Төлеудiң сөзiне иланған Ақсақал сол арада бiр жiгiтiн шақырып ап:
— Қостаңбалы Табынға шабар жiберiңдер, тез жиналсын! Мен әкемнiң кегiн алмай
қоймаймын, — дедi. Сосын қап-қара боп тұрып: — Қанға-қан, жанға-жан! Әкемнiң басы
үшiн Тоғанақтың басын алам! — деп таң ағарып келе жатқанда күншығысқа қарап өзiне өзi
серт бердi.
* * *
Табын ауылын шапқан жiгiттер қаша бердi. Олар бiр араға келгенде барып арттарынан
қуғыншы шықпағанын көрiп, ауанымен жүрiп отырды. Өзара күңкiлдесiп келедi:
— Кеше-ақ мұның аяғының жақсы болмайтынын бiлiп едiм.
— Сәндiбектiң сүйегiн алып шыға алмадық.
— Өзiн қан тартып тұр екен!
— Ендi Табындар кек алмай тынбайды!
— Бәрiн бүлдiрiп жүрген ана сұм ғой.
— Ендi... дау басталды дей бер...
Олар жайымен жүрiп келе жатты. Кеше Әлiмдер, өздерiне Сәндiбектiң қолы кеп
қосылғасын, осы араға жетiп, бiр күн ерулеген-дi. Олар Байқадамнан хабар жеткен бойда
атқа қонып, мұнда жетiп, төбе басына шығып қараса, түн жарымында ойдағы алқапта от
лаулап жанып жатыр екен! Қатындар тамақ iстеп жүгiрiп жүр! Бұлар олардың жатқанын
күттi. Көшпелi ауыл ұйықтады-ау дегенде, мұны сөзсiз Бұқарбайдың көшi деген Әлiмдер:
“Дөйт!” — деп Шөмекейлердiң ұранын шақырып, қаһарлана ұмтылған болатын. Соның
соңы мынау.
Жiгiттер Қазалыға қарай тартып келе жатты. Өз кеуiлдерiнде күдiк те жоқ емес.
Арасындағы бiр ересектеуi тұрып:
— Әй, осы бiз жау шауып келе атырмыз ғой. Сонда түндегiмiз шынымен Бұхарбайдың
ауылы ма екен? — дедi.
— Е, сен қалай деп едiң? — дедi қыли көз, қара жiгiт кекетiп.
— Менiң соған күмәнiм бар.
— Сонда... қалай?
— Мына шапқанымыз, айтпады деме, Байқадамның ауылы. Үйткенi бар ғой... мен
Бұхарбайды бала кезiмде көрген едiм. Ананың түрi бұған ұқсамайды.
— Өй, бiлгiшiм-ай! Бұл нақ Бұхарбайдың ауылы! Оның өзiн мерт қылдық! Тек
Сәндiбектiң сойылға жығылғаны қиын болды. Болмаса, нағыласың, — дедi әлгi қыли жiгiт
бет бақтырмай.
Олар ендi еш жерге кiдiрместен, Қазалыға тарта бердi.
24
Табын ауылын шапқанда, Сәндiбектiң де, Байқадамның да мерт болған жәйi Сыр
бойына демде аңыз-әңгiме боп таралды да кеттi. Соның iзiнше Ақсақалдың әкесiнiң кегiн
аламын деп қол құрап жатқаны туралы хабар да дүңк-дүңк естiлдi. Соны ести сала, Елмырза
төре Шатайды шақырып алды да, өмiрiнде iстемеген әдетiн iстеп, асыға сөйлеп, оған:
— Тез бар да, ау-жайды бiлiп қайт! — дедi.
Сол күнi қасына ешкiмдi ертпестен Табындардың ауылдарына тартып кеткен Шатай
суыт жүрiп отырып, ертеңiне күн көтерiле бере Ақсақалдың ауылына жеттi. Кешегi қанды
қырғынды көзiмен көрген Ақсақалдың түрi мүлдем қату. Оның ауылына жан-жақтан келген,
қанға қызып, бес қаруын сайлап, әбден желiгiп алған Табын жiгiттерi дүмелiп жатыр екен.
Бәрiнiң де мына қалпында ешқандай да басалқы сөздi тыңдайтын түрi жоқ.
Шатай Ақсақалға кеуiл айтып, дұға оқып, бетiн сипады:
— Ойпырмай, мұндай болады деп кiм ойлаған?
Ақсақал түсiн бермей:
— Олар көптiгiн iстеп, азар бердi. Қарап жатқан менiң ауылымды шауып несi бар едi?
Кәйткен күнде де кегiмдi алмай қоймайым, — дедi.
— Оның дұрыс қой. — Шатай мысықтабандай бастады. — Кек алғанда, Әлiм-Шөмен
деген көп ел. Олар түгел қозғалса, соңы қиынға соғып жүрмей ме?
— Оның не соғатыны бар? — деп Төлеу батыр дүңк ете қалды.
Сол күш болып:
— Соқпақ түгел тағы бiрдеме болса да, алған бетiмнен қайтпайым, — дедi Ақсақал
әрбiр сөзiн шегелей айтып.
— Оныңды сөкет деп тұрған iжкiм де жоқ. Бiрақ...