Стр. 179 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

178
жорытып жүр екен. Кәрi би бұған қарап, мұның даңқы кейiннен шығады дейдi. Сол рас па
деп жатқанында, қарсы алдынан баяғы Қарақ тауының етегiнде өзi соғып ала жаздаған арлан
қасқыр шыға келдi. Қарусыз бұл өзiне қарай шаба ма деп едi, қасқыр бұған қып-қызыл көзiн
адамша қадап тұрып, басын шайқап, әрi қарай кете барды. Бұ несi, деп таңғалып
жатқанында, сырттан аттан дүрс етiп дүскен бiреудiң дыбысы естiлдi. Батыр басын көтерiп
алды:
— Кемпiр, а, кемпiр, бiреулер кеп атыр ма?
— Солай-ау дейiм. Мен кәзiр, — деп, кемпiрi орнынан түрегеп, жабықты ашып, сыртқа
қарады да, бұған бұрылды: — Ана Қыстаубай батыр кеп түсiп атыр.
— Не дейдi? Оның мұнысы не екен? — деп Тоғанақ ендi үстiндегi көрпесiн ысырып
тастап, тез киiне бастады.
Аздан соң олар әңгiмелесiп отырды. Мән-жайды бiлгесiн, Тоғанақ түсi сұп-сұр боп:
— Қап, мына ақымақты-ай! Барма деп ем, тыңдамай? — дедi. — Сонда... Табындар қол
жиып келе атыр ма?
— Менiң естуiмше, солай, — дедi Қыстаубай.— Сосын... соның алдын алып келе
атқаным...
— Апырмай, мынау өзi бiр қиын болды ғой, — дедi Тоғанақ қатты қынжылып. —
Мүмкiн құн берiп бiтiсермiз?
— Ояғын... қайдам...
— Дегенмен, артын күтейiк. Сөзге келсе, Табындарға оларды Әлiмдердiң шапқанын,
Сәндiбектiң азғырынды сөзге ергенiн айтармыз.
— Бұ да дұрыс. Онда... күте тұрайық.
Содан сол күнi де, ертеңiне де Табындардан хабар болмай кеттi. Үшiншi күнi дегенде
Қыстаубай елу шақты жiгiттi жалғыз қараүйдiң жанында ұстап тұра берудi ыңғайсыз көрiп,
әрi бұл бос сөз шығар деп ойлап, ақыры батырдан лұқсат сұрап, керi қайтып кеттi.
Сол түнi батыр жөндеп ұйықтай алмады. Тағы да түсiнде баяғы туып-өскен жерiн
көрдi. Бұл оған барайын деп қанша талпынса да, астындағы аты жүрмей қойды. Сосын iлгерi
қарай қолын созса, қолы жетер емес. Ана жақтан өз әкесi бұған қарап, қолын бұлғап қояды.
Өзi сауытсыз, ақ бiрдеңеге оранып алыпты. “Бұ несi?” — деп бұл таңғалып, әкесiнiң созған
қолына қарай талпынса, бiр құрсау мұны жiбермейдi. Оны бұзайын десе, оң қолы
көтерiлмейдi. “Ау, маған не көрiндi? Баяғы тау қиратар қайратым қайда?” — деп өз үстiне
қараса, өз үстi де ақ матаға ораулы екен. Соны шешейiн десе, жыланша оралып қалған
матаның шетi-шегi таусылар емес. Бұл шешiп жатыр, шешiп жатыр. Ақ матаның таусылатын
түрi жоқ. Ендi әкесi жаққа қараса, ол алысқа қарай ұзап барады екен. Бұл соның iзiнен
жүгiргiсi кеп ұмтыла бергенде... оянып кеттi. Тас төбеге қараса, аспан ағарыпты. Шығыстан
көтерiлiп келе жатқан күннiң қызғыш сәулесi қан сияқты боп бiр қазбауыр бұлттың бауырын
бояп тастапты. Ол сол арада құлағына алыстан бiр ызыңның талып жетiп жатқанын аңдады.
Сол ызың күшейе келе, бiр түрлi суық жел ысқырғандай боп, қаттырақ естiлдi. Сол кезде
Тоғанақ тiксiнiп қап, басын көтере берiп едi, сыртта жүрген кемпiрi iшке асып-сасып кiрiп
келдi:
— Ойбай, шал, жау кеп қалды!
— Ұраны не екен? — дедi Тоғанақ неге екенi белгiсiз орнынан түреге берiп.
— Ұраны — Тостаған!
— Ә, онда ажалым шыныменен жеткен екен. Сауыт қайда? Найзаны әкел! — деп
Тоғанақ орнынан атып түрегелдi. Сосын алас-қапаста басына бiр ой түсiп, кемпiрiне қарап:
— Тез атқа жүгiр! Қуып кетпесiн! — дедi.
Кемпiрi сыртқа ата жөнелдi.
Тоғанақ сауытын киiп жатып, қолының бiр рет қалтырап кеткенiн көрдi: “Бұ несi?”
26
— Ә, ажалым жеткен екен, — деп сыбырлай сөйлеп, Тоғанақ батыр киiне бердi.
Асығыста сауытының iлгегiн сала алмай бiраз әуре болды. Ақыры оны да салды. Осы кезде
ұран тастап, дүсiрлеп келiп қалған қолдың шамасын iштей санап, сыртқа атып шықты.
Қараса, қара төбеден бермен қарай жүз шақты жiгiт найзаларын оңтайлап ұстап, шауып
келедi екен. Мұның аты да елеңдеп, жер тебiнiп, қазығында шыр айналып жүр. Кемпiрiне
ұстатар емес.
Батыр қорбаңдап, солай қарай жүгiрдi. Аттылардың алды жетем дегенше, атына мiнiп
те үлгерген едi. Бұрын ұрыс көрмеген жануар әлден құлағын қайшылап, елеңдеп, үрке
бередi. Iшiнен: “Мына аты түспегiр мат қылмаса жарады”, — деп ойлап қойды. Асығыста
аяғына етiгiн де киiп үлгермеген-дi. Дамбалшаң қалпы ер үстiнде отырып, найзасын
бiлемдей ұстап, қара төбеге қарай тарта бердi. Ондағы ойы қаша жүрiп ұрыс салып, мына