Стр. 187 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

186
— Жiгiттер, олардың қылыштары, мылтықтары бар. Қарсы шауып, текке арандап
қалып жүрермiз. Онан да осылайша бұлаңқұйрыққа салып, аман-есен құтылып кеткенiмiз
олжа емес пе? Кәзiр аздасын күн де батады. Қараңғыда олар қуа алмайды, — дедi.
— Өй, үйтiп жүремiз бе? Жаудан қашты деген Жолай атымызға лайқат па? Одан да
тәуекел дейiк, — дедi бағанағы Жолайлардың басшы жiгiтi.
Жәнiбек оған тура қарады:
— Осы сенiң шының ба?
— Шыным.
— Ертең анау-мынау әңгiме шығып жүрмей ме?
— Қайдағы әңгiме. Үйдейтiндей немене бiз қатынбыз ба?
— Онда... өздерiң бiлiңдер. Бiз деген жанымызды шүберекке түйiп, талай қырғынның
ортасынан шыққан жандармыз. Әйтеуiр, ертең өкпе болмаса болды.
— Жәке, iжқандай да өкпе жоқ. Ата-бабамыздың жерiнде өзiмiз қашқын боп күн
көрмей-ақ қояйық. Үйткенше өлген жақсы, — дедi жаңағы жiгiт көзi намыстан оттай
жарқырап.
— Сол дұрыс! — деп қалған Жолайлар шу ете түстi.
— Ендеше, қарсы шаптық! — деп Жәнiбек атының басын керi бұра бердi. — Иә, Алла,
өзiң қолдай гөр! Ата-бабаның әруағы жар бола гөр! Ал, жiгiттер, нар тәуекел! Тарттық!
Дөйт! Дөйт! — деп, Жәнiбек ұран салып, алға қарай шаба жөнелдi.
Күн батып, ұясына ендi қона бергенде сайын даланың төсiнде сойылдарын ыңғайлап
ұстап ап, жандарын шүберекке түйген қырық шақты жiгiт шүйiлiгiп, қара жердiң бетiнен
ысырып тастардай боп ұран тастап, атты казактарға қарай ағызып келе жатты...
28
Ережеп мына топтың Жәнiбектiкi екенiн бiлдi. Олар бұлаңқұйрыққа сап, қаша
бастағасын-ақ, өздерiнiң жете алмасын аңдап, Нахаевқа айтып, екi топқа бөлiндi. Ондағы
ойы — кеше ғана Шатайдан естiген бiр әңгiмесiнiң растығын тексерiп көру едi. Жақында
Қызылды аралап қайтып, Жәнiбектiң Құл жағынан көшiп келгенiн бiлген ол ежелден тiсiн
басып жүрген қас дұшпанының белiн омыратын кез нақ осы екенiн аңлап, қасына Дiнәлiнi
алып, сөзiн соған аудартып, Захваткинге барып, онымен оңаша сөйлесiп, мүддәғалы сөзiн
астарлап жеткiзген болатын. Со жолы “Кетер кiсi ештеңеден де тайынбайды”, — деп түйген
Ережеп абажадай кеңсенiң iшiнде отырып, соңғы кездерi басқа жаққа ауысады екен деген
хабары дүңк-дүңк естiлiп жатқан, шала кеуiл боп отырған Захваткинге күле қарап:
— Қадырданды ұлық, Сыр бойындағы бүлiктiң негiзгi басшысы басқа адам. Жұрттың
бәрi оны Тоғанақ батырдан көредi. Ал шындығында олай емес, — деген едi.
Мұны естген бойда мұрты едiрейiп кеткен Захваткин:
— Сонда қалай? — деп, орнынан түрегелiп, бөлменi әрлi-берлi кезе бастаған-ды.
— Оның сыры көп. — Ережеп қулана күлген.
— О не сыр?
— Сiзге айтсам, оны сiз басқа бiреуге айтып қоясыз. Сондықтан маған... ыңғайсыз, —
деген Ережеп қулана күлiп.
— Мен оны кiмге айтам? — деген Захваткин екi иығын қиқаң еткiзiп.
— Мәселен, ана Елмырза төреге.
Захваткин осы жерге келгенде екi иығы селкiлдеп, қарқылдай күлiп, көзiнен аққан
жасын орамалымен сүртiп тұрып:
— Сiз де таптыңыз қауiптенетiн кiсiнi, — деген.
— Шыныменен, оған айтуға болмайды. Себебi...
— Себебi не?
— Ол деген кеше Хиуамен аузы бiр болған төре. Сондықтан оған мен онша сене
бермейiм.
— Мынау... қызық екен, — деп Захваткин ойланып қалды. Сосын мұртының шалғысын
саусағымен едiрейте бұрап қойып: — Жарайды, мен ешкiмге айтпайын. Жаңағыңызды
толық айтыңыз. Сонда кiм кiнәлi?
— Кiнәлi — Жәнiбек, — деп Ережеп оның қажыға барып қайтқанын, жолай Түркияға
соққанын, Бұхарада оқығанын, Хиуаға сардар болғанын бiрiн қалдырмай айтып шыққан.
Бұл айтқан сайын Захваткиннiң мұрты едiрейе берген. Ақыры едiрейе келiп, көзiнде ашу
оты шатынай ойнап шыға келген.
Захваткин орнына отырып, үстелдi жұдырығымен бiр қойып:
— Мұны маған неге ертерек айтпадыңыз? — деген-дi.
— Кезiнде... сiздi сенбей жүре ме дедiм. — Ережеп жорта күмiлжiген.
— Ол кәзiр қайда?