188
Сәлден кейiн үлкен бiр алапқа жеткенде, алдарында отырған бай ауыл көрiндi. Отыз шақты
қараүйдiң барлығы да сәндi. Ережеп iшiнен: “Дәуде болса, осы”, — деп, казактарға қарап:
— Менен бұйрық болмайынша, iждеме iстемеңдер, — дедi. Сосын ауылға қарай жүрiп
кеттi.
Бұларды көрiп, ауыл кiсiлерi шошып, абыр-сабыр бола бастады. Жақындай бере бұл
оның Жәнiбектiң ауылы екенiн бiлiп, казактарға қарап:
— Осы бiздiң iздеп келе атқан ауылымыз. Бiрақ оларды таламайық. Керек кiсiмiздi
тұтқындаймыз да, тез аттанып кетемiз, — дедi.
Нахаевтың сенiмдi хорунжийi Ережепке:
— Құп, — дедi. Сосын ыржиып: — Әйтеуiр, жарқыным, тамаққа тойсақ болды. Сосын
қатын деген де, — деп, көзiне нәпсi үйiрiлiп, қылмың еттi.
— Жоқ, қатын жағы болмайды! — дедi Ережеп үзiлдi-кесiлдi. — Захваткин о йағына
тыйым салған. Оның үстiне... үйтсек, басқа қазақтар бiздердi жолда тосып ап, қырып салады.
Хорунжий үндемедi. Оның жүзiнен мұны жақтырмағаны көрiнiп тұрды.
Ережеп ауылға жақындай бере, қаттырақ айқайлап сөйлеп:
— Кәнеки, екi бөлiне шабыңдар! Ауылға келгесiн үстi-үстiне аспанға қаратып мылтық
атыңдар! — деп бұйрық бердi.
— Құп! — деп хорунжий атты казактарды екiге бөлдi.
Олар ендi қиқу салып, екi бөлiне шапты. Шауып келе жатып мылтықтарын аспанға
қаратып, үстi-үстiне атқылап жiбердi. Бұларды көрiп, әупiлдеп қарсы үрiп шыққан иттер
құйрықтарын бұттарына қысып, күркелерге кiрiп-кiрiп кетiстi. Атты казактар тасырлата
шапқан бойы мылтықтарын тағы тарсылдата атып, ауылды қоршай тоқтады. Дем арасында
қатын, бала-шаға шулап, ауыл ызы-шу болды да кеттi. Ережеп ағызып келген бойы
Жәнiбектiң отауының алдына кеп тоқтай қап, қасындағы Қалмырзаға қарап:
— Үйге кiр де, қатындарын алып шық! — дедi.
Қалмырза атынан ерiне түстi. Анада Нияздың Ағлестiң хабарын алып келгенiн естiп,
соған бүйрегi бұрып қалмады ма деп, iшiн тартып қалып, осы сапарға оны алып шыққысы
келмеген, бiрақ қасына еретiн қолайлы жiгiт табыла қоймағасын, оны амалсыз ерткен, әрi
бiр жағынан оны сынап көрмек болған Ережеп ендi Қалмырзаның ықылассыз атынан түсiп,
үйге кiрiп бара жатқанын көрiп, iшiнен: “Мынау ит айнып қалып жүрмесiн”, — деп қойды
да, үйден қайта шыққан одан:
— Кiм бар екен? — деп сұрады.
— Жәнiбек жоқ, Тоғанақты жерлеуге кетiптi, — дедi Қалмырза бұған тұнжырай қарап
тұрып.
— Қатындары қайда?
— Өй... Олар үйiнде ғой. — Қалмырза бұған бiр түрлi жалбарына қарағанадй болды. —
Ереке, бұл арада қатын, бала-шағаның не жазығы бар? Оларға тимей-ақ қояйық та.
— Әй, сенiң онда шаруаң болмасын. Кәне, оларды шашынан сүйреп сыртқа шығар! —
деп бұл ақырып қалды.
Қалмырза қап-қара боп, көзiн тайдырып әкетiп, ақырын ғана:
— Ереке, өлтiрсеңiз де еркiңiздемiн. Мен жiгiтпiн. Қарусыз қатын, бала-шағаға үйтiп
әлiмжеттiк жасай алмайым, — дедi.
— Ә, сен ит тойынайын деген екенсiң ғой! Мынаның сөзiн қарай гөр?! — деп Ережеп
ендi долданып, атынан қарғып түсе сап, Қалмырзаны жолынан итерiп тастады да, үйге кiрдi.
Бұлардың сөзiн естiп, бесiктегi бөпесiн қорғаштап, екi көзi алақандай боп Ақкербез
түрегелiп тұр екен. Түндiктен түскен кешкi шұғыланың сәулесiнен оның жүзi аса сұлуланып
кетiптi. Ережеп оған қарамай, келе қамшымен қыр арқадан тартып-тартып жiбердi. — Ә,
қаншық! Қолға түстiң бе? Ендi менiң уысымнан құтылмайсың! Шық сыртқа жаныңның
барында!
Ақкербез оған жалына қарады:
— Ереке, азамат емессiң бе? Жазықсыз қатын, бала-шағада нең бар? Бүйтiп бекәрға
тиiспе!
— Мен саған тиiскендi әлi көрсетем, — деп Ережеп ызаланып, келе оның бұрымына
жармасты. Ақкербез қатты қимылдап, мұны өңменiнен түйiп кеп жiбердi. Ережептiң
басындағы құндыз бөркi жерге ұшып түстi. Сол сәтте соңғы кездерi шашы түсiп, тақырлана
бастаған басының қасқасы жарқ ете қалды. Ережептiң жыны келдi. Бұрымнан ұстай сала: —
Ә, қаншық! — деп қамшымен қыр арқадан жостыртып бердi.
— Ойбай, өлдiм! — деген Ақкербездiң жан даусы шықты. — Ойбай, бұл ауылдың
еркектерi барсыңдар ма? Әлде қырылып қалдыңдар ма? Қайдасыңдар!
Қасқырбай осы кезде iшке зып етiп кiрiп үлгерген едi. Ол келе Ережептi қысқа
шоқпарымен қақ басқа бiр бердi. Ережеп теңселiп кетiп, қолынан бұрымды шығарып
жiберiп, сәл-пәл тұрды. Екiншi соққы оны жерге алып ұрды. Оның басынан шып-шып қана