Стр. 191 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

190
Бiр қырдан асқасын барып, ол казактарды түгендедi. Қараса, Қалмырза кейiндеп келедi
екен. Өзiнiң түсi бұзылып кетiптi. Оның кеуiл күйiн анық байқаған Ережеп оған көз қиығын
да салмай, казактарға қарап:
— Ана топты күтпеймiз! Кеттiк! — дедi.
Хорунжий мұнымен қатарласа берiп:
— Мырза, бұ қалай болады? Олар жолды бiлмей, адасып кетсе, не iстеймiз? — дедi.
— Адаспайды. Сосын, — Ол Ақкербезге қарады да, үндемей хорунжийге қарап көзiн
қысты. — Мынау тұрғанда, оның өзi-ақ құрулы қақпанға кеп түседi.
— Түсiндiм.
— Ал, кеттiк!
Олар қайтадан сар желiп кеттi. Бұ кезде күн батып, ымырт үйiрiлiп қалған да едi.
Қараңғыда жүруге казактардың аттары шорқақ болатын. Бұрын далаға үйренбеген аттары
сәл нәрседен үркiп, мазаны қашырыңқырап келедi. Ақыры болмағасын, бiр қара төбенiң
баурайына келгенде, Ережеп казактарды тоқтатып аттан түсiрдi. Ақкербездiң қасына
қарауыл күзет қойдырды. Сосын бұйрық берiп, от жақтырып, тамақ пiсiрттi. Ережеп өзi
әкелiп шала күйген еттi Ақкербезге берiп едi, ашулы әйел айқайлап:
— Құры көзiме көрiнбей, жауыз! — деп, еттi бетiне лақтырып кеп жiбердi.
Ыссы ет мұның бетiне тидi. Ережеп ызаланып тұрып:
— Қап, сен сайқалды ма? Осыдан тоқал қылып алмасам, Ережеп атым құрысын! —
дедi.
— Саған тигенше, көрге кiргенiм жақсы! Құры, оңбаған! — деп, Ақкербез ендi
долылық қысып, мұның бетiне түкiрiп жiбердi.
Ережеп бетiне былш етiп тиген түкiрiктi қолымен сүртiп жатып:
— Тұра ғал, сайқал! Осыныңды алдыңа келтiрмесем бе, көрермiн-ау! Мен түкiрсем,
ертең шытыр жеген түйедей шермиiп шыға келерсiң, — дедi.
— Өй, ит! Айуан! — деп Ақкербез ендi бұған қарсы ұмтылды. Сол арада Қалмырза
жүгiрiп кеп, Ақкербездi сыртынан құшақтай алды. Ол алқына сөйлеп:
— Қой, мұның не? Мына жындыларды өшiктiрме, жазым етiп жүрер, — дедi.
— Жiбер менi! Бүйтiп қорлық көргенше, өлгенiм жақсы! Жiбер! — деп Ақкербез
мұның қолын тырналай бастады.
Қалмырза оны жiбермедi. Дереу керi қарай сүйреп әкеттi. Оттың жарығынан ұзай бере,
оның құлағына:
— Тиыштал! Түнде, өзiм... босатам, — деп сыбырлап үлгердi.
Ақкербез бiразға дейiн тиышталмады. Ережептi қарғап-сiлеп болды. Содан әлi құрып,
от қасына бүк түсiп отыра кеттi.
Ережеп Қалмырзаға қарап:
— Сен мына сайқалға еге бол! Қашып кетсе, басыңды алам! — дедi де, бұрылып жүре
бердi.
Хорунжий оның алдынан шығып кес-кестедi. Көзi қараңғыда от жарығында жылтырап:
— Мырза, казактар мына қаншықты кезекке қойсақ кәйтедi дейдi, — дедi.
— Кезегi несi? — дедi Ережеп таңғалып.
— Былай... бiрiнен соң бiрi...
Оның сөзiн аударып тұрған Дiнәлi хорунжийға қарап:
— Бұлай деуге қалай ұялмайсыңдар? Сендердi де цивилизацияға ерген ел дейдi?
Осыдан сол әйелге тиiсетiн болсаңыздар, генерал-губернаторға рапорт жазам! — дедi.
— Оһо, мына жақтан батыр шықты, — дедi хорунжий оны мазақтап.
— Доғарыңыз ондай сөздi. Жақындағы генерал-губернатордың бұйрығымен
таныстыңыз ба? Сонда бұның бәрiне тыйым салынған! Барғасын бәрiн Орынбордың
генерал-губернаторына жазам! — дедi Дiнәлi қылышының балдағын қолымен қозғап қойып.
Хорунжий бұған ызалана қарап тұрды да, күрт сынып:
— Жарайды, қойдық, — дедi. Сосын сұқ саусағын безеп: — Сен бiзбен екiншi рет
мұндай сапарға шықпа. Шықсаң болды, өлтiремiз, — дедi де, әрi қарай кеттi.
Бұлардың не айтқанын түсiнбеген Ережеп iнiсiне қарап:
— Жаңағы не деп кеттi? — дедi.
Дiнәлi оның сөзiн аударып жеткiздi. Ережеп басын шайқап:
— Мынаның түрi жаман. Байқап сөйлесейшi, жазым ғып жүрер, — дедi.
— Дәнеме де етпейдi. — Дiнәлi бұған тура қарады. — Аға, мына қатынды қоя берiңiз.
Ертең Жәнiбектiң өзiн ұстап алмаймыз ба?
— Ол қиын. Сосын... сен бұл жерге араласпа. Оны бәрi бiр түсiнбейсiң. — Ережеп
мырс еттi. — Сен аударғаныңды бiл де, жүре бер.
Ережеп ендi оның сөзiн тыңдамай, атына келдi. Тұсауын шешiп, тар ғып шiдерледi.
Сосын Ақкербездi сыртынан бағайын деп, от жанына кеп, шала пiскен еттен аздап жеп
отырды. Ақкербез жүзiн сырт салып отыр екен. Бұл жаққа бiр де бiр рет қарамады. Ережеп