Стр. 197 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

196
барып, тiнткiлеп жүрiп, сауытын тауып алды. Оны тездеп кидi. Айжамал оған көмектесiп,
көзiнiң жасы пора-пора боп, қарсы iлгегiн iлiстi.
— О қасқа көзiнiң жасын көлдей ғып кеттi. Мен қасқа ұрғашылығыма басып, әуелгiде
бекәр тiл тигiзiп жүрiппiн ғой. Неде болса, алып қайт! Бiздер көше берелiк. Мына
қарғаларыма өзiм қараймын ғой, — деп ол етегiне оралып жүрген қара домалақтардың
бастарынан сипап қойды.
Жәнiбектiң кеуiлi босап сала бердi. Сонда да өзiн-өзi зорлап тыйып, Айжамалға қарап:
— Ал, бәйбiше, сен де менiң артық-ауыс сөзiмдi ойыңа алма. Екi талай жолға аттанып
барам. Не боларын бiр құдай бiледi. Саған айтарым, анадағы жерге қайта көшiп барыңдар.
Бiр жiгiттi жiберiп, Бұхарадан Әлжанды қайтсын десiн. Қалғанын, аманшылық болса, көре
жатармыз, — дедi де, атына мiндi. Жылап қалған Айжамалға қош айтысып, жiгiттерiн
бастап, iлгерi тарта бердi.
Ауылдан ұзап шығысымен Жәнiбек атының басын қүнбатысқа қарай туралап алды.
Олар аттарын сар желдiре отырып, күн арқан бойы көтерiлгенше бiраз жерге жетiп те
үлгердi. Сүйтiп келе жатқанда Қалдыбай айқайлап жiбердi:
— Жәке, мынаны қара! Қуғын болыпты ғой. Бұл тегiн емес.
— Мен де көрiп келе атырмын, — деп Жәнiбек тоқтай қалды. Назар салып қараса, екi
аттылы кiсiнi он шақты адам қуалапты. Аттардың тұяқтарының iздерi жосылып жатыр.
Жәнiбек жерге үңiле қарап тұрып: — Бұл, шынында да, тегiн емес. Iзiне түсiп көрейiк, —
дедi.
Олар ендi iзбенен жiтi жүрiп келе жатты. Сәлден кейiн бiр iз алға жеке-дара түсiп, тарта
берiптi. Екiншi iз кейiндеп қалыпты. Шамалыдан соң жерге тамған қан көрiндi. Қалдыбай
үңiле түсiп:
— Мынаған оқ тиген-ау, — дедi. — Бұ кiм болды екен?
— Ана екiншi iздiң алға түскенi несi? — дедi Жәнiбек те қайран қалып.
— Оны... бiр құдай бiлсiн.
Олар ендi аттарына қамшы салып, шоқыраққа көштi. Қатты жүрiп отырып, жалпақ
жазыққа кеп құлады. Ендi аққан қан көбейе түсiптi. Сәлден кейiн олар төбеден асып
түскенде барып, анадай жерде жайылып жүрген атты көрдi. Тақап келгенде барып, жерде
қан-қан боп сұлап жатқан бiр адамды көздерi шалды. Жiгiттер шу ете қалды:
— Анаң қара!
— Үстi-басы қара қан!
— Тiрi болса едi...
Жәнiбек тақап кеп, ат үстiнен көз салып едi, сұлап жатқан жiгiттiң киiмi бiр түрлi таныс
көрiндi. Атынан түсе сап, аяғын қаттырақ басып кеп, етпетiнен жатқан жiгiттi қолымен берi
аударып едi, — шошып кеттi. Қалмырза астыңғы ернiн тiстеген қалпы қатыпты да қалыпты.
Денесi әлi жылы. Жаны жақын арада шыққан тәрiздi. Қалдыбай мұның қасында тұрып,
қолымен көрсетiп:
— Екi-үш жерiнен оқ тиiптi, — дедi.
Қараса, шынында да, екi-үш оқ өкпелiктен, iштен тесiп өтiптi. Шамасы, Қалмырзаның
қансырап кеп құлаған жерi осы болса керек.
— Иманды болғыр, бiреудiң көзiнiң ағы мен қарасындай жаңғыз баласы едi. Бұ да мерт
болды, — деп Жәнiбек белiндегi жайнамазын шешiп, Қалмырзаның бетiне жапты. Сосын
бiрнеше жiгiт боп, оны көтерiп, неге екенi белгiсiз, жол маңында үюлi жатқан әлдеқандай
томарлардың үстiне қойды. Жәнiбек оған қарап тұрып бiр түрлi болды.
— Ендi... кәйттiк? — дедi Қалдыбай Жәнiбекке қарап.
— Кәйткенде... итке-құсқа жем қылмай, жерлеу керек шығар. Әке-шешесiне хабар
берем дегенше қайда? Әрi күн ыссы дегендей, — деп Жәнiбек қап-қара боп тұрды. —
Сонда... мұны өлтiрген кiм? Бұл деген атты казактардың тобында емес пе едi?
— Мен де айран-асырмын. — Қалдыбай шекесiн қасыды. — Әлде... оларға бiр жақпасы
боп...
— Не жақпасы?
— Қалмырза деген арлы, намысшыл жiгiт едi ғой. Ережептiң қосын күнi құрығасын
жегiп жүрген. Ақкербез қолға түскесiн, құтқарайын деп...
— Оны қайдан бiлiп отсың?
— Мына iздiң екеу екенiнен. Сонда екiншi кiм? Әлде Ережеп пен Қалмырза
казактардан қашқан ба?
— Ол мүмкiн емес.
— Ендеше, менi әулие дерсiз, осы Қалмырза Ақкербездi алып қашқан. Мына iзге
қарашы, — деп Қалдыбай iзге үңiлдi. Сосын сәл кiдiрiп: — Мынау iз Ережептiң атыныкi, —
дедi. — Сонда қалай болғаны, а?