204
бiраз жер кейiн жүрiп отыр деген. Олар соңынан ақырын ерiп келедi. Әзiрге күдiк алар
ештеңе көрiнбегесiн, олар да тишайып, төбе басына әлмә-һәл шығып, қарауыл қарауды
қойған.
Түске таман күн жанып кеттi. Жәнiбек мүрде шыдамас деп, ендi атына қамшы сап,
тездете жүрiп отырды. Қасына келген Қалдыбайға онша бұрылып та қарамады. Оның не
айтқысы келгенiн бiлiп, ақырын ғана:
— Сәл-пәл шыдайық. Ендi бiраздасын Қуаңға құламаймыз ба? — дедi.
— Жiгiттер шаршап қалды-ау. Әлденiп алса кәйтер едi? — дедi Қалдыбай
ыңғайсызданып.
— Iждеңе етпес. Неде болса жетiп тынайық.
— Жарайды.
Ол кейiндеп қала бердi.
Жәнiбек ендi Қуаңға келгесiн, дариядан өтiп, ата-бабасы жатқан кең қорымға бет алды.
Ол бұл арадан бiраз жер. “Кешке дейiн жетiп жығылсақ жақсы болар едiң, — деп iшiнен
күбiрлеп, алды-артына қарамай тарта бердi.
Түс ауды. Ыстықтың пәтi әлi де қайтар емес. Олар бiраз жүргеннен кейiн барып, бiр
жыңғылды ойпатқа кеп, азырақ демалды. Жiгiттер сексеуiлдi сындырып жiберiп, шәй
қайнатты. Алып шыққан еттерiн дастарханға салып, жағалай отырысты. Жәнiбек қара
шайдан бiрнеше кесе iштi де қойды. Әрi қарай дым батпады. Жiгiттер де мұның қасы мен
қабағына қарап, ештеңе жей алмады. Сосын ас қайырып, қайтадан жолға шығып кеттi.
Олар күн бата көне қорымға да жеттi. Жәнiбек келген бойда түйенi шөгерiп,
Ақкербездiң денесiн көтерiп, тазалау жерге апарып қойды. Сосын ауылдан алып шыққан
кетпенiмен өз қолымен көр қаза бастады. Мына арада Сағынай мен Мамырай қатар жатыр
едi. Соның оң жағынан шеге топырақты әрi ысырып, жайымен, асықпай көр қазды. Алғашқы
ығал топырақты былай алып тастағанда, көзiне ерiксiз жас құйылып кеттi. Сосын өз бойын
өзi шаққа дегенде билеп, кетпендi ауанымен сермеп, қаза бердi, қаза бердi. Қалдыбай бiрде
келiп көмектесейiн деп едi, бұл ыңғай бермедi. Неде болса көрдi бiр өзiнiң қазып шыққысы
келдi.
Бұл кезде күн қызарып батып бара жатқан едi. Батыс жақты әлдеқандай суық мұнар
қоршалап алыпты. Соған барып батуға қорыққандай, жалқын тартқан күн дiр-дiр етiп
әлдебiр белгiсiз тереңге сүңгiп барады. Аспан да қызғыштанып, тымырая қалғандай.
Жәнiбек лахатты жақсылап қазайын деп асықпады. Сыртқа шығарған топырақты қолымен
үгiтiп бiраз отырды. Iшiнен мына шұңқырға өзi өлердей жақсы көретiн, дүниядағы ең бiр
қызығым деп бiлген адамын қиып беруге шыдамасын сездi. Уақыт созып, көпке дейiн
отырды. Мұсылман заңында күн батпаса, өлiктi жерлей беретiн едi. Бiрақ Сыр бойының
қазақтары өлiктi таң ата жерлейдi. Соны медеу қып, Жәнiбек көрдi қазып боп, үстi-басын
қағынып, сыртқа шықты. Сосын қасындағы жiгiттерiне қарап:
— Бүгiн оң жақта түнетейiк. Ертең қоярмыз, — дедi.
Жiгiттер үндеген жоқ. Олар мұның кеуiл күйiн бiлiп, бiрге ерiп, жаңа ғана тiгiлген қос
маңына келдi де, кешкi ас қамына кiрiсiп кеттi. Өңгебай Қалдыбайға айтып, бiр қойды
өңгерiп берiп жiберген екен. Жiгiттер қорым басына келгесiн, соны құрбандыққа шалды. От
жағып, қазан орнатып, қойдың бар мүшесiн толайкем салды. Бiр жiгiт жаңа сойылған
қойдың iшек-қарнын аршып тазалады да, өкпе-бауырын турап, қара қуырдақ жасады. Оны
ағаш табаққа сап, үн-түнсiз қоңырайып отырған Жәнiбектiң алдына әкелдi. Дастархан
жайып, үстiне күлше нанды үзiп-үзiп шашып, қуырдақты қойды. Қалдыбайлар да келiп,
дастарханды айнала отырды. Жәнiбек еңсесiн көтерiп, ағаш қасықты алып:
— Биссмиләһир-рәһманир-рахим, — дедi де, қуырдақтан алып жедi. Сосын жiгiттерге
қарап, алыңдар дегендей ым жасады.
Жiгiттер тамаққа қол созды. Барлығы да қабақтары түсiп, үн-түнсiз отыр.
Түн ортасына таман қойдың етi пiстi. Жәнiбек ендi жiгiттерiне қарап:
— Сендер де қажыған шығарсыңдар. Тамақ алыңдар. Ендi ертеңгi күндi ойламаса
болмайды, — дедi.
Тамақтан кейiн Жәнiбек кiлемге ораулы жатқан Ақкербездiң қасына кеп, ұза-а-қ
отырды.
Түн қап-қараңғы. Айнала көзге түртсе көргiсiз. Анадай жерде лапылдай жанып жатқан
от жарығында ораулы кiлемнiң сырты қызғыш тартып көрiнедi. Жәнiбекке кейде соның
арасында жатқан Ақкербез қайтадан аржайы күлiп, жайнаңдап, тұрып кететiндей болады. Өз
қиялына өзi сенiп, оның ақ жүзiне iшiп-жей қарап, тесiле түседi. Көз алдында оның әдемi
бейнесi, нұрлы көзi өшпей, түрлiше құбылып тұрып алады. Әсiресе, киiктiң иегiндей әдемi
иегiнiң астындағы үлпiлдеген тамағы бүлк-бүлк етiп, мұның көз алдынан бiр кетпейдi.
Соған бұл қайта-қайта телмiре қарайды. Ораулы жатқан жерiнен Ақкербез кенет тұра сап,
мына тiрлiктегi өмiрiн қайтадан бастайтындай болады. Ертектегi бiр сиқырлы дұғаны оқып,
кәзiр жатқан жерiне барып, ақша бетiне сүф деп қалса, ол ұйқыдан оянғандай көзiн ашып,