Стр. 21 - Ulisel4tom

Упрощенная HTML-версия

20
бастарын көтерiп-көтерiп ап, қос құлақтарын қайшылап, бұлар жаққа үрке қарап тұрған
жануарларды бетi ашыққа қарай қуалай жөнелдi. Осы кезде жетiп-жетiп келген Шектi
жiгiттерi сойылдарын оңды-солды сiлтеп, шын ойранды бастап та жiберген едi. Он шақты
атты казак жаяу қап, түк те қайрат қыла алмай, амалсыздан, өздерi дөңгелете доғарып
қойған арбаларына қарай шегiне бердi. Төлеу батыр олардың бес-алтауын найзасымен
түйреп түсiрдi. Калғандарын жiгiттер сойылдарымен бiр-бiр ұрып сұлата салды. Сол арада
екi көзi бақырайып, лаулап жанып жатқан отты айнала қашып жүрген бiр жас келiншектi
көрiп, Төлеу атын тебiнiп қап, оған жақындай бердi. Келе оны белiнен құшақтай алды да,
әлдене деп бажылдағанына қарамастан, оны жерден лақ құрлым көрмей көтерiп ап, алдына
кесе-көлденеңiнен сұлата салды да, жiгiттерiне қарап, қатты айқайлап:
— Тарттық! — дедi.
Сосын өзi атының басын тез керi қарай бұрып ала сап, алға түсiп ап, жошып бердi.
Соны көрген жiгiттер де аттарының бастарын бұрып ала сап, мұның соңынан қаптай шауып
келедi. Олар бiр қырдан асқасын барып, арттарынан шыққан қуғыншының жоқтығын көрiп,
тiзгiндерiн тартысып, жәй шоқыраққа көштi. Төлеу алдында сұлап жатқан келiншектi ендi
артына мiнгестiрiп алды. Ол бiрдеңе деп бажылдап, мұның қолын тiстеп, бетiн тырнай берiп
едi, батыр қайратты қолымен жағынан бiр тартып жiберiп, оның үнiн өшiрдi. Ендi қорыққан
келiншек үн-түнсiз арт жағында отырып, мұның белiнен қапсыра ұстап келедi.
Олар түн ортасына дейiн салқа жортып отырып, бiр үлкен қара төбенiң баурайына кеп
тоқтады. Төлеу бұл төбенi бiрден таныды. Баяғыда өзiнiң Малдыбайдың аулын шауып,
Ақкербездi жайдақ нарға мiнгiзiп алып кеп, шатыр тiгiп жататын жерi осы! Сондағы
алданғаны мұның әлге дейiн есiнен бiр кетпейдi. Сол есiне түсе қап, тағы да әбдән ыза боп
кеткен ол осы жерге қонбақшы болды. Жiгiттер от жағып, қоржындарынан еттерiн алып,
оны ортада лаулап жанып жатқан баялыштың отына қақтап пiсiрдi. Ет пiскесiн, Төлеу оның
бiр үлкен кесегiн қанжарымен кесiп ап, әлденеге ыржия күлiп, орыс қатынға ұсынып:
— Мә, маржа, же, жей ғой, — дедi.
Қарны ашса керек, лаулап жанып жатқан от жарығында көгiлдiр көзi бiр түрлi боп,
әппақ жүзi әдемiлене түсiп, орыс келiншек бұл ұсынған еттi алды. Ол бұған қысыла бiр
қарап қойып, сәл-пәл жеркенгендей боп тұрып, еттiң бiр кесегiн ақ саусығымен үзiп ап,
аузына салды. Сосын еттi түгел жеп қойды.
Соны көрген жiгiттер қарқылдап күлдi:
— Төке, мына жеңгемiз бiзге сiңiсiп кетедi екен!
— Сiңiсiп дейсiң бе? Ойбай-ай, осы сенi кәйтейiн!
— Ол мынау ет жесiсiмен ертең-ақ өрiстегi бар малыңды бiр жылда-ақ жеп бiтетiн
шығар.
— Кәйтесiң, оған басыңды қатырып! Мал керек боп жатса, Төкең тағы да бiр жорыққа
шығып, тап осы қатын тоятындай ет әкеп бередi.
— Ойбай, iшегiм!
— Ха-ха-ха-ха!
Келiншек өзi жайлы әңгiме боп жатқанын түсiнiп, кенет қымсынып қап, құйрығымен
сырғанаған күйi оттан керi шегiнiп отырды. Төлеу оған тағы да ет ұсынып:
— Мә, маржа, же, же! — дедi.
Келiншек еттi алып жедi. Сосын шәй iштi.
Сол түнi Төлеу қояр да қоймай орыс келiншегiн қойнына алып жатты. Ойындағы бар
шаруасын бiтiргесiн, сыртқа шығып, анадай жерге барып кiшi дәрет алды да, ұзын балақ бөз
дамбалының далақтаған ауына уысына құм толтырған оң қолын апара берiп, кенеттен өз
өзiнен ырза боп, кеңк-кеңк күлдi:
— Опырмай, мыналардың қатындары нәпсiге берiлгiш, өздерi әбдән мырза болады
екен! Құдды бiр гүрпiлдетiп, кенеуi кеткен кең сабадан шалап iшкенмен бiрдейсiң!
Ертеңiне жолға қайта шығып келе жатқанда жiгiттер қалжыңдап, Төлеудi тақымдай
бердi. Оларға екi бетiне әлдеқандай бiр қызғыш нұр ұялай қалған ақ сары келiншек ендi
қымсынбай, көк көзi мөлдiрей қарайды. Сол да бұлардың әзiл-қалжыңына жетiп жатыр едi:
— Төке, жеңгемiздi түнде әбден ырза қылыпсыз, өзiнiң жүзi жайнап келедi.
— Қаңсып қалған кең құдықты түбiне дейiн аямай-ақ қазып, сарқынды суын сарқып
шығарған екенсiз.
— Төке, осыдан бiрдеме бiте қалса, атын не деп қоясыз? — дедi бiр қуақы жiгiт кенет
әңгiменiң бетiн басқа жаққа бұрып. Ол Төлеуге жиен боп келетiн.
Жiгiттерiнiң әзiлiне не деп жауап берерiн бiлмей, әлденеге қызарақтап келе жатқан
Төлеу батыр ендi мақтаншақтығы ұстап кетiп, қолына екi бүктеп ұстаған қамшысын жоғары
көтерiп:
— Осыдан бар ғой, құдай жеткерiп, еткен еңбегiм қайтып, мына бәлекей ұл таба қалса,
атын бар ғой... Орысбай қоям! — дедi.
— Ал әгәр қыз бола қалса ше? — дедi бiр жiгiт Төлеудi тақымдай түсiп.